Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

29.Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі?

Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi Салық Кодексінде белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

Келесі салық төлеушілерге қатысты КТС бойынша аванстық төлемдер есептелмейді және төленбейді:

      - алдағы салықтық мерзімнен кейінгі салықтық мерзімдегі түзетулерді ескергендегі ЖЖТ алдағы қаржылық мерзімнен кейінгі қаржылық жылда республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген АЕК-ден 32500 есе артық көлемдегі сомасынаан аспайтын салық төлеушілер. - жаңа құрылған салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есепке алу) тіркеу жүргізілген салықтық кезең мен келесі салықтық кезеңдер ішінде 

 - Қазақстан Республикасында филиалы, өкілдігі жоқ тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы бейрезидент-заңды тұлға ретінде салық органында жаңа тіркелген салық төлеушілер - салық органында тіркеу жүргізілген салықтық кезең мен келесі салықтық кезеңдер ішінде. 

КТС декларациясын тапсырғанға дейінгі аванстық төлемдер

Өткен салықтық кезең үшін КТС бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесі есеп беруші салықтық кезеңнің бірінші тоқсанында есеп беруші салықтық кезеңнің 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша салық органына тапсырылады

Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Үстіміздегі салықтық кезеңнің 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = өткен салықтық кезеңге қатысты аванстық төлемдердің ¼ бөлігі. Мысалы, 2014 жылға: 2014 ж. 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = (1/4*АТ 2013 ж.)

Аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 1-тоқсанның әр айының 25-іне дейін тең үлесте төленеді КТС декларациясын тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер

Салық төлеуші декларация тапсырылғаннан кейінгі мерзімде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесін өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде тапсыру керек 

Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Үстіміздегі салықтық кезеңнің 2, 3, 4-тоқсандарындағы аванстық төлемдер = 3/4*өткен салықтық кезең декларациясындағы КТС.

Мысалы, 2014 ж.  2, 3, 4-тоқсанындарындағы аванстық төлемдер = (¾ *2013ж. декларациясындағы КТС)

Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 2, 3, 4-тоқсандардың әр айларының 25-іне дейін тең үлесте төленеді

Өткен салықтық кезең қортындысы бойынша шығынға ұшыраған немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеуші өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде үстіміздегі салықтық кезеңдегі корпотативті табыс салығының болжанып отырған сомасын негізге ала отырып

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]