Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма?

Бухгалтерлік есептің ережесі бойынша ақша қаражаттардың барлық қозғалысы есепке алынады,ал салық есебінде барлық шығындар мен барлық табыстар есепке алынбайды.Табысқа түскен түсім мен шығысқа кеткен шығынды тану ережесі Салық кодексінің 86 бабында қарастырылған. Соған орай барлық табыстар мен шығындар табысқа салынатын салық бойынша салық базасын анықтауға қатыспайды. Осы бухгалтерік және салық есебіндегі айырмашылыққа әкеледі.Резидент заңды тұлғаның ЖЖТ осы тұлғаның ҚР-да ж/е одан тысқары жерлерде салыққ кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. ҚР-да қызмтін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық Кодексінің 198 бабында көрсетілген табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның ҚР-нан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:1.жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;        3)мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;        4) салық кодексінде көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;        5) басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;        6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру; және т.б. Ал жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:1)өткізуден түсетін-табыс;2)сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;3)құн өсімінен түсетін табыс; 4)туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 5)міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;6)күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;7)талап ету құқығын басқа біреуге беруден түсетін табыс;8)Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуғ келісім бергені үшін алынған табыс;9)Тіркелген активтің шығып қалуынан түсетін табыс;10)Бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;11)Өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12)Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылар.   және т.б табыс түрлері жатады.

9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?

Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде дайын өнімді өткізуден түсетін-табыс жатады. Салық есебінде сатудан түскен табыс бухгалтерлік мәліметтерден құралады. Егер мекеме бірнеше қызметпен айналыса онда табыс та қызмет б/ша жіктелуі қажет. Сонымен қатар әрбір қызметтің үлесі көрсетілуі керек.Тауарды өткізуден табыс мынандай жағдайда түзетілуі тиіс:-тауарды толығымен немесе жартылай қайтарғанда;-келісімшарттың шарттары өзгергенде;-сатылған тауарларға,көрсетілген қызметтерге келісілген өтемақының өзеруі;-сатылған тауарларды қызметтерді теңгемен төлегенде айырманы алу. Табысты өзгерту жоғарыда көрсетілген өзгерістер орын алған салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асады.       Тауарды сату,қызмет көрсету бойынша түскен табысты есепте көрсету үшін КТС бойынша Декларацияның 1-ші қосымша толтырылады. Студан түскен табысты тану үшін бухгалтерлік есептегі бастапқы құжаттарға іріктеу жаслады: 1.Кассалық құжаттар(кіріс,шығыс ордері;оларды тіркеу журнал ордерлері;касслық кітап) 2.ағымдағы әне валюталық түбіртек пен қосымшалар 3.Өткізу қабылдау актідері 4.Жүкқұжаттар; 5. Шот фактуралар. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында,сондай-ақ: 1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;  2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс; 3)роялти; 4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады. Тауарды өткізуден түскен табысты анықтағанда анналитикалық шоттар негізінде жүзеге асырылады: 6000 «Тауарды өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс»,6010,6020,6030 шоттары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]