Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

3.Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?

Салық төлеушінің құқығы:

1)қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы салық заңдарындағы өзгеріс туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу;

2)салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі немесе өзінің қкілі арқылы білу;

3)салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсідірме табыс ету;

4)Салық бақылауы нәтижелерін алу;

5)жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу туралы, жай күйі туралы көшірме алу.

Салық кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдарының әрекетіне,әрекетсіздігіне шағым жасау.

7)Салық қпиясының сақталуын талап ету;

8)салық салуға қатысы жоқ ақпарат,құжатты табыс етпеу.

Салық төлеушінің міндеттері:

1)салық міндеттемесін дер кезінде, толық көлемде орындау;

2)салық қызметі органдарының заңды талаптарын орындау, қызметтік міндеттемелерін атқаруы кезінде заңды қызметіне кедергі жасамау;

3)нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарына салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;

4)салық есептілігі мен құжаттарды заңға сай тәртіпте табыс ету.

5)сауда операцияларын жасаған немесе қызмет көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалды жады бар бақылау касса машинасын міндетті түрде пайдалану және тұтынушы қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу, салық органдарына уақытысында тіркелу;

6)салық төлеу объектілерін анықтау;

7)есептелген төлемдерді уақытылы бюджетке аудару;

8)әр салық түріне байланысты объектілер ерекшеленеді. Мысалы:ҚҚС ақашалай түрде,жер салығы өкілетті оргна бекіткен жер көлеміне, бонитетіне байланысты ставка.

Салық есепьеу мерзімі әр салық түріне қарай ресрублика,жергілікті т.с.с. Жылдық,айлық, тоқсанды деп бөлінеді.

Салық міндеттемесі дер кезінде орындалмаған жағдайда оны тездету амалдары:

1.салық сомасына өсімпұл есептеу;

2.банкте есеп айырысу шотын жабу;

3.касса бойынша операцияларын тоқтату;

4.кәсіпорындар мүлкіне шек қою.

4.Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз?

Салық бақылауы- тек салық заңнамасының орындалуын салықтардың түрлерінің уақытылы және толық аударылуын тексеріп қоймайды.Сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін ҚР заңнамасындағы бұзушылықтарды жоюды бақылап,қадағылап отырады. Салық бақылауының негізгі мақсаты мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу ҚР заңнамасындағы бұзушылықтарды жою,салықты төлемеуді болдырмау.

Салық бақылауы:салық төлеушілерді тіркеу есебі;салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;бюджеттік түсімдерді есепке алу;қосымша құн төлеушілерді есепке алу;салық тексерістері;камеральды бақылау;салық төлеушілердің қаржы шаруашылық қызметі,мониторингі;фискалды жады бар бақылау касса машиналарының қолдану ережелері;акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау, акциздік костылерді белгілеу;мемлекет меншігіне аударылған мүлікті есепке алу,бағалау және сату тәртібін тексеру.

Жоғарыда көрсетілген салық бақылауы нысандарын бақылауды тек салық қызметі органдары жүзеге асырады.

Салық кодексінде салық тексерулері мынадай түрлерге бөлінеді:

1)құжаттық тексеру;

2)рейдтік тексеру;

3)хронометражды тексеру.

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

-кешенді тексеру-салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру.

-тақырыптық тексеру-салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру.

Міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, ұйымдардың салық кодексінде белгіленген міндеттерінің орындалуын;трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша,акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуімен айналуы,мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша:

  • қарсы тексеру-егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұдғаларға байланысты салық төлеушінің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты тексеру қажет.

  • рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық тексерушілерге қатысты олардың ҚР-ның заңдарының жекелеген талаптарын атап айтқанда:

1)салық тексерушілердің салық органдарына тіркеу есебіне қойылуы;

2)фискалды жады бар касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;

3)лицензияның,патенттің немесе өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы.

Хронометражды зерттеу-салық органдары салық төлеушінің нақты кірісін және сол кірісті алуға байланысты нақты шығыстарды анықтау мақсатымен жүргізеді.Хронометражды зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.Салық тексеруін жүргізу ҚР-ның заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]