Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

32.Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?

Шаруш/қ жүргізуші ұйым/ң жарғылық қызметіне б/ты өкілдік шығындарға жататыны: а)заңды тұлғаның ком/қ қызметімен тікелей қатысты іскерлік б/ты талқылау ж/е шарттар мен келісімге қол қою үшін кеңес, салтанатты жиналыс ж/е басқа да шаралар өткізу үшін, басқа ұйымдардың өкілдерін қабылдау мен қызмет көрсету;

б) кезекті жылдық жиналысқа қатысу үшін келген Директорлар кеңесінің,басқарманың ж/е ревизиялық комиссияның мүшелерін, ресми тұлғаларды қабылдау мен қызмет көрсету.

Өкілдік сипаттағы шараларға шығындарды растайтын барлық ұйымдық-өкімдік құжаттар ұйымдармен дайындалуы ж/е салық саясатының шеңберінде бекітілуі қажет.

Өкілдік шығындарға б/ты шығындарға мыналар қатысты:

-көліктік қызмет көрсету;

-келіссөз кезінде тамақтануға шығындар;

-аудармашының қызметіне төлемақы;

- тікелей нақты шараларға қатысты ж/е құжаттармен расталған басқа да шығындар.

Қабылдаған ж/е шақырылған екі жақтан қатысушылардың тең саны ү/н жалпы шығындар есептеледі. Өкілдік шығындарды рәсімдеу ү/н мыналарды дайындау қажет:а)таза табыс пен мөлшер шегіндегі шығындар сметасы есебінен мөлшерден жоғары бөлінетін өкілдік ж/е іссапарлық шығындардың жылдық сомасын белгілеу туралы меншік иесінің шешімі; ә)Директорлар кеңесін өткізу н/е басқа заңды тұлға өкілдерімен келіссөз ұйымдастыру туралы бұйрық; б)іскерлік кездесу,жиналыс өткізу бағдарламасында көрсетілуі өте қажет

Есепке алынған барлық шығындар бухгалтерлік өзіндік құнға қосылады,шығындар кезеңіне қатысты ж/е «Қызметкер мен басқа тұлғаның қарызы»1250шотында, «Өкілдік шығындар»қосалқы шотында көрсетіледі.

Салық төлеушінің ЖЖТ/нан өкілдік шығындар тек ҚР Үкіметі/ң белгіленген мөлшер шегінде шегеріледі.

Банктер,бос уақыт өткізу,көңіл көтеру н/е демалуды ұйымд/у шығындары өкілдік шығындарына қатысты емес ж/е шегерімге жатпайды. Бұл шығындар салық салудан кейін қалған ұйымның өз қаржысы есебінен жүргізіледі.

Өкілдік шығындарды есептен шығару ұйымның смета шегінде ж/е растайтын алғашқы құжаттар(қазыналық кассалық чектер,тауарлық чектер)ж/е іскерлік кездесуді өткізу бағдарламасы, шақырылған адамдар, ұйым тарапынан қатысушы адамдар,шығындар көлемі ж/е орны мен күні көрсетілген құжаттары болғанда ғана есептен шығарылады.

33.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?

Салық есебінде есептелген және төленген салықтар сомаларын салыстырып, төменгісі шегерімге жатқызылады.

Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шегеру мыналардан:

1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін бюджетке төленген салықтардан;

2)Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағында төленген корпоративтік табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтан;

3) жеңілдікті салық салынатын елдерде төленген салықтардан;

4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушiнiң салық салу объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген салықтардан тұрады.

Алдыңғы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылған, есептелген және ағымдағы салық кезеңiнде төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Салынған, жылдық жиынтық табысты алумен байланысты айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздықтардың сомасын дұрыс анықтау үшін «Салықтардың, алымдардың, тұрақсыздықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар және өтемақылық шығындардың салықтық есебі ведомостін» қолдану қажет. Бұл ведомостте салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімге жатқызылатын сома көрсетіледі.

Есепті салық кезеңінде мыналар шегерімдерге жатқызыла алады: 1) есепті салық кезеңінде және есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және есептелген шектегі салықтар сомасы; 2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады. Яғни, есепті салық кезеңінде төленген алдыңғы салық кезеңі үшін салықтар шегерімге оның төлеу уақыты жүзеге асырылған кезде жатқызылады.      

Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер декларацияның 100.00.050 жолында жинақталып, салық кодексінің 114 бабына сай шегерімге жатқызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]