Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

16.Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз?

Табыстар немесе шегерімдерді түзету келесі жағдайларда жүзеге асады: тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;  мәміленің шарттарын өзгерткенде; сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде түзетуге жатады. 

Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор жақтан болғанда, ол: заңды тұлғадан немесе  дара кәсіпкерден; Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді. 

Табысты түзету:  салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймағанда; заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.  Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде ғана жасалынады: талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда; талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.  Және де табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік

17.Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге келесілер жатады: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер; қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының басқару шарты бойынша немесе мүлікті басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді. Тіркелген активтерге жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.Бұл шығындар шегерімге жатқызылмайды. Яғни, толық ашып өтсем: күрделі жөндеу болғанда, оның шығындары апарылады: бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында құндық баланс қалыптастырады; салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құ­нын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады; жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады;

активтер бойынша пайдалы қазбаларды табудан шеккен шығыстардың бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортиза­цияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтуға апарылады.

Жалпы алғанда күрделі жөндеу шығыстары салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға апарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]