Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

20.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?

Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:

рет №

 

топ

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40

 

 

4

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

Кәсіпорын осы шек бойынша аморт нормасын белгілейді, осылайша шегерімге апарады. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:  І топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында І топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.  І топтың құндық балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан тұрады.  

Тіркелген активтер:  1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;  

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.  Шығып қалған тіркелген активтер белгіленген тәртіппен І топ, қалған топтар бойынша тиісті баланстарын айқындалатын құнға азайтады.  

21.Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?

І топ бойынша тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін салық кезеңі соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады. Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша: барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы шегерімге жатқызылады.

І топ бойынша немесе ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынш барлық тіркелген активтерін өтеусіз берген кезде тиісті кіші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

Салық төлеуші кіші топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы. Баланс бөлімдеріне тиісті есептің деректерін енгізгеннен кейін тиісті баланс баптарын қосу жолымен баланс бөлімдерін жасау жүзеге асырылады.

Егер алынған баланста ресурстар оның «пайдалануынан» асып кетсе, онда сол немесе басқа тауардың нарығында статистикада ресми түрде есептелген ресурстарды пайдалану көлемінің кем есептелуі болады. Бұл жағдайда баланстың «пайдалану» бөліміне «пайдалану бабы бойынша жетіспеушілік» бабы қосылады.

Егер «пайдалану» «ресурстар» көлемінен асып кеткен жағдайда, ресурстар құрылу көздерінен жетіспеушілік анықталынады. Баланстың ресурстар бөлімінде «ресурстар бабы бойынша жетіспеушілік» деген бап қосылады.

Баланс тікелей айтқанда бір үлкен санға келтіріледі, яғни олардың жетіспеушілігінің анықталған көлемін есепке ала отырып «ресурстар» не «пайдалану» көлеміне. Теңгерімсіздік болған жағдайда баланс бойынша олардың ауытқу себептері талданады.Содан кейін жетіспеушілік көлемін баланс бабының біріне жатқызу туралы шешім қабылданады. Жекелеген тауарлар бойынша жетіспеушілік көлемін баланс баптарының қай бөлігіне жатқызу туралы шешім қабылдау кезінде қосымша ақпарат көзі болып қолда бар тауарлар нарығындағы барлық субьектілер қызметін игеру бойынша ішінара бақылау деректері көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]