Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

22.Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?

Салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байл. шығыстарды растайтын құжаттарыболған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілгенхалық аралықкаржылық есептеменің стандарттарына жәнебухгалтерлікесеп пен қаржылық есептеме туралыҚР заңнама-ң талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Егер шығыстар бірнеше шығын баптарында көрсетілсе, салық салынатын табысты есептегенде бұл шығындар бір рет қана шегерімге апарылады. Сонымен қатар шегерімге ұйымның айыппұлдары мен өсімпұлдары жатады. Алайда бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар шегерімге жатқызылмайды. Сыйақы шегерімі 103-баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады: 1) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл); 2) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

мұнда: А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы; Б – Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы; В – Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы; Г – В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы; Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы; ШК – шекті коэффициент; ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы; МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы. А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады. Осыған орай мына қағидалар сақталуы тиіс: 1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең; 2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар: салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер; қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары; өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары; сыйақылар мен комиссиялар; дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды. 3) шекті коэффицент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең. Шегерімге жатқызылатын сыйақылар декларацияның «Сыйақылар бойынша шығыстар» - 100.09-нысанын жасау арқылы анықталады. Бұл нысан Салық кодексінің 103-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы бойынша шығыстар сомасын айқындауға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]