Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

8. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

  • дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

  • салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса.

Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Егер, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген мөлшеріндей болса, онда жеке кәсіпкердің табысына көрсетіліп кеткен ставкалар бойынша салық салуға сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация - 910.00 формада жүргізіледі

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған АСР: Ойын бизнесі саласында; Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына; Боулинг бойынша; Картинг бойынша; Бильярд бойынша; Лото ойын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпркерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

АСР осы тұлғалар үшін:

  • КТС немесе ЖТС және ҚҚС есептеудің және төлеудің;

  • Акциз бойынша оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Корпорациялық (жеке) табыс салығы-тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30%, ҚҚС- тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70% құрайды. Салық төлеуші тіркелген жиынтық салықты төлеумен бірге акциз төлейді, оның сомасы жалпы белгіленген тәртіппен анықталады.

Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық = салық салу объектісіне * тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықалады. Есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы 12 бөлу жолымен анықталады.

Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын алу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджете төленуге тиіс. Күнтізбелік ай тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі б/т. салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларацияны есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, ССО-ң орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.

9. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)  патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па­тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып  түссе, дара кәсіпкер   бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті. Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі. Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы. Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару  тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі. Іс жүзінде алынған табыс сомасы шекті табыс сомасынан  асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі. Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]