Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

24.Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс қалай танылады?

Пайда шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс. Ал табыс шаруашылық субъектілердің өз тауарын сатқаннан қызметін көрсеткеннен, жұмысын істегеннен түскен түсім. Резидент заңды тұлғаның Жылдық жиынтық табыстары салық жылы ішінде салық төлеушінің Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынуға тиіс табыстардан тұрады. Резидент емес заңды тұлғаның Жылдық жиынтық табысы Қазақстандық көздерден алынған табыстардан тұрады. Жылдық жиынтық табыс түрлері:

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскетін табыс; Құн өсімінен түсетін табыс; Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; Күмәнді міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; Мүлікті жалға беруден түсетін табыс; Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыс; Шығып калған, тіркелген активтер құнының ішкі топтың баланстық құнынан асып түсуінен алынатын табыстар; Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер; Дивидленттер; Депозит, борыштық бағалы қағаздар, вексель бойынша сыйақылар және т.б.

Салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады. Өтеусіз алынған мүліктің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалады. Салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады.

Өтеусіз алынған мүліктің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалады.

Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.

Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс бухгалтерлік есепте де салық есебінде де көрініс табады. Сондай-ақ бухг.есепте 6220 шот бойынша көрініс табады.

25.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?

Шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, ХҚЕС және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.

Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шегеру мыналардан тұрады:

1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін бюджетке төленген салықтардан;

2)Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағында төленген корпоративтік табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтан;

3) жеңілдікті салық салынатын елдерде төленген салықтардан;

4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушiнiң салық салу объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген салықтардан.

Алдыңғы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылған, есептелген және ағымдағы салық кезеңiнде төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Салынған, жылдық жиынтық табысты алумен байланысты айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздықтардың сомасын дұрыс анықтау үшін «Салықтардың, алымдардың, тұрақсыздықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар және өтемақылық шығындардың салықтық есебі ведомостін» қолдану қажет. Бұл ведомостте салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімге жатқызылатын сома көрсетіледі.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер декларацияның 100.00.050 жолында жинақталып, салық кодексінің 114 бабына сай шегерімге жатқызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]