Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

18.Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.

Ағымдағы жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Ағымдағы жөндеу шығыстары амортизация шығындарымен шегерімге жатқызылады, яғни өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған болса шегерімге апарылады.

Ғимаратты (құрылғыны, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) ағымдағы жөндеу – ғимараттың (құрылғының, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілердің) жарамдылығын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының көлемі (ағымдағы жөндеу жұмыстарынсыз) келесі формуламен есептеледі:

Vs=Vб(1–dr), (3) мұнда

Vборындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі;

dr ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың үлес салмағы (ірі, орта кәсіпорындармен орындалған, мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша)

№2 Кесте

р\н

Көрсеткіш

Көрсеткіштің атауы

Ақпарат көздері

1

2

3

4

1

Vб

орындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі, мың теңге

(2) формуласы

Vб=Rs:n

2

dr

Ірі және орта кәсіпорындар орындаған мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарының үлес салмағы, %

Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқау деректері

Қазіргі уақытта статистикалық басылымдарда күрделі жөндеу шығындарынсыз негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер жарияланады. Бұл жағдайда (3) формуласы пайдаланылады, онда dr – ағмдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының үлес салмағы.

19.Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бухгалтерлік амортизация есептеу мен бірдей ма?

Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:

рет №

 

топ

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

2

3

4

1

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40

 

 

4

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

Бухесепте амортизация есептеудің әр түрлі әдістері қарастырылған:түзу сызықты, өндірістік, қалдықты кеміту, т.б. Оны есеп саясатына сәйкес кәсіпорын біреуін таңдап алады.

Салық есебінде кестедегі шек бойынша кәсіпорын өзі аморт нормаларын белгілейді.Салық есебі бойынша амортизация есептеуге толық тоқталып өтсем: 2 топтардың құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады. 3. ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады. 4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі. 5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды: тіркелген активтер деп танып, шегерімге жатқызуға құқылы.6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жылдық жиынтық табыс алу мақсатында оны ең азы үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.

Сонымен қатар, салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы тірк активтер бойынша шеккен шығыстарын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша тіркелген активтерге ғана қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]