Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

35.Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?

     Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.        Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік талаптарына сәйкес анықталады. Осылайша, ХҚЕС 21 «Валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалы» шетелдік валютағы операциялар мен шетелдік қызметтік ұйымның қаржылық есептілігіндегі көріну тәртібі мен қаржылық есептілік көрсеткіштерінің көрініс валютасына қайта есептелуін белгілейді. Сондай-ақ шетелдік валютадағы операциялар шетелдік валютада есеп айырысуды талап ететін операциялар болып табылады, ал қолданыстағы валюта компанияның негізгі экономикалық ортасының валютасы (әдетте бұл кәсіпорын негізгі ақша ағымдарын жасайтын валюта). Аталмыш стандартқа сәйкес, бағамдық айырма дегеніміз – бір валютаның бірдей мөлшерін басқа валютаға айырбастағанда пайда болатын айырма.

Шетелдік валютадағы операцияларды бастапқы тану операция жасалған күнгі бағам бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ баланстың ақшалай баптары есепті күнгі бағам бойынша көрінсе, баланстың ақшалай емес баптары егер олар әділ құны бойынша есептелсе, операция жасалған немесе қайта бағаланған күнгі бағам бойынша көрінеді.

Салық кодексінің 84-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, салық салу мақсатына орай табыс ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс қарастырылмайды.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 100-бабының 15-тармағына сәйкес, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды. 

Осылайша, КТС есептегенде салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде пайда болған бағам айырмалары ескеріледі. Атап айтқанда, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кетуі.

                  

2.блок

1.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады. Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.Резидент еместің тұрақты мекемесі болып:

  • тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;

  • резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.;

  • табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары;

  • ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады.

Резидент емес/дің ҚР-ғы көздерден алатын табыс/ы болып:

  • ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;

  • Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге және резидент еместерге көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс.

Резидент еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

  • дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

  • тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%;

  • тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5%

  • халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар-5%

  • ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20%

Резидент емес заңды тұлғаның табысына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады.

Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.        Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:

  • салық кодексіндегі  табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс

  • алу

  • салық кодексінде белгіленген ставканы табыстар мен шығыстар сомасына, шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]