Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

12.Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?

Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түрі жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде күмәнді міндеттемелер бойынша тыбс түрлері де жатады.Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды. Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы салық кодексінің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:       1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;       2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;       3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;       4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:       сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;       сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.

13.Бағамдық айырма қай кезде пайда болады?

Бағамдық айырма — ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa. Көбіне бағамдық айырмалар импорттық және экспорттық операцияларды жүзеге асыруда туындайды. Яғни дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеу кезеңінде болған өзгерістердің нәтижесінде қалыптасады. Соларға жекелей тоқталайық.

Бағамдық  айырма  туындайтын  жағдайлар:

  • тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу, кредиторлык карыздардың темендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша);

  • көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде — осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма;

  • экспортталған операциялардың кезінде ;

  • экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма;

  • дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасындағы болған айырма;

  • валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.

Валютаны  сатқан  ж/е  сатып  алған  кезде  Ұлттық  банк-ң  бағамы  мен  биржалық  бағамның арасында  айырма  пайда  болады. Бағамдық айырма бойынша табыс деп тек қана оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі мойындалады және тиісінше теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі ғана шегерімге жатады.

Теріс және оң бағамдық айырмаға мысал: Импорттық операцияларда кәсіпорын есеп құжатын(счет-фактура, инвойс) жазған күніндегі доллар бағамы 121,6 болғанда 2000долларға материал сатып алды. Матер.үшін төлем төленгенде шетел валютасы-ң бағамы 122,7-ге көтерілді. Келесі жазбалар беріледі:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310 243200 (121,6*2000долл=243200)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030 245400(122,7*2000долл=245400)

3)Теріс бағам айырмасы есептелгенде:

Дт7430 Кт3310 2200 (243200-245400=-2200)

Ал егер есеп құжатын жазған кездегі доллар бағамы 122,7 болып, ал төлем төленген кезде 121,6-ға түссе, бух.жазба келесідей орын алар еді:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310 245400 (122,7*2000долл=245400)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030 243200(121,6*2000долл=243200)

3)Оң бағам айырмасы есептелгенде:

Дт 3310 Кт 6250 2200 (245400-243200=2200)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]