Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

29.Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?

Күмәнді қарыздарға-уақытында  төленбеген,жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз,күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар.Біріншісі-тікелей есептен шығару әдісі,мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығыстарды  сәйкестілікке  келтіре алмайды,яғни күмәнді борыштарды таурлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес,оның кұдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады.

Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар "үмітсіз қарыз" — деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады: Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты К-т: Алынуға тиісті қарыздар шоты.  Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі; - дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі.

Ал, Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады. Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі: 1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы. 2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға жатқызу. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, бұл құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет.

Бухгалтерлік есепте дебиторлық берешектер сомасы 1200 «Қысқа мерзімде дебиторлық берешек» бөлім шоттарының Дт көрсетіледі. Егер дебиторлық берешек болашақта қайтарылып алынуы мүмкін емес деп танылып, есептен шығарылғанда мынадай жазба беріледі: Дт 1000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]