Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

7.Жылдық жиынтық табыстың (жжт )түрлерін атаңыз?

Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражаткіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:1)өткізуден түсетін-табыс;2)сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;3)құн өсімінен түсетін табыс; 4)туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 5)міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;6)күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;7)талап ету құқығын басқа біреуге беруден түсетін табыс;8)Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуғ келісім бергені үшін алынған табыс;9)Тіркелген активтің шығып қалуынан түсетін табыс;10)Бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;11)Өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12)Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылар.   және т.б табыс түрлері жатады. Енді осы аталған табыс түрлеріне қысқаша тоқтап кететін болсақ. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады. Өткізуде түсетін табыс салық есебінде бухгалтерлік ақпараттар бойынша есепке алынады.Егер ұйым қызметтің бірнеше түрін атқаратын болса,онда ол табысты атқарған қызметтер бойынша бөліп қарастыруы қажет.Сонымен қатар,салық төлеуші туралы ақпарат әр қызмет үлесі бойынша жекеленіп көрсетілуі тиіс.Құн өсімінен түскен табыс ғимраттарды,құрылғыларды және амортизацияланбайтын активтерді сатқанда орын алады.Өсім жоғарыда аталған активтердің бастапқы құны мен сату құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа: 1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен-шығаруы; 2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер; 3)Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару; 4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады. Күмәнді міндеттеме бойынша-табыс:1)кредит шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен-бастап;2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]