Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

30.Салық кезеңі дегеніміз не?

Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Салық кезеңі ретінде: есепті жыл, есепті тоқсан, есепті жарты жылдық, есепті ай қарастырылуы мүмкін. Салықтардың жеке түрлеріне тоқталайын:

Корпоративтік табыс салығы, көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, бірыңғай жер салықтары үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.

Ал, салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. 

Қосылған құн салығы, тіркелген салық және экспортқа рента салығы үшін Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

 Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]