Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

26.Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi  табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі  болып табылады.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп; 2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi. Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; 2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi. Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есептемесін қоса беріледі. Есептемесін электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді. Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Патент құнын есептеу. Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:1)  патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;2) «Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады.  Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi. Дара кәсіпкерлер үшiн: 1. дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;  салық кезеңi iшiнде шектi табысы 1400 Мин.жалақы көлемін құраса;  2. заңды тұлғалар үшiн: қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;  салық кезеңi iшiнде шектi табысы 2800 минималды жалақыны құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.   Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі.Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]