Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

14.Айырма есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?

Тұрақты айырмалар-ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі кезеңде жойылмайтын ССТ пен бух.табыстың арасындағы айырмалар. Осындай айырмаларды есептеудің бух. және салық есебіндегі айырмашылықтарын көрсетейік:

1.ЖЖТ-пен де, кәсіпорын-ң кәсіпкерлік қызметімен де байланыссыз шығ.(демалыс үйлеріне жолдама алу; ьассейнге абонимент,т.б.) бухгалтерлік есепте таза табыс есебінен шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

2.Бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бух.есепте таза табыс есебінен шығысқа жатады, ал салық есебінде шегерімге апарылмайды;

3.Нормадан жоғары белгіленген шығындар бух.есепте кезең шығындарына жатқызылады, салық есебінде шегерімге апарылмайды;

4.Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілерді пайдалану мен күтіп ұстау шығындары бух.есепте толық көлемінде шығыс деп танылса, салық есебінде шегерімге жатпайды, т.б.

Уақытша айырмалар-есепті кезеңдегі ССТ пен бух.табыс арасындағы айырмалар. Бұл айырма табыс пен шығ-ң кейбір көздері ССТ-қа енгізілетін кезең олар бух.есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды.Уақытша айырмалар бір немсе бірнеше кезеңде жойылады. Осындай айырмаларды есептеудің бух. және салық есебіндегі айырмашылықтарын көрсетейік:

1.ССТ анықтағанда қолданылатын аморт.әдісі бух.табысты анықтағанда қолданылатын әдістен өзгеше, бух. есепте аморт. аударымы үшін әр түрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады. Ондағы есептелген сома шығ.деп қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі қолданылады.Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын амортизация нормасы әр қилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша салық есебінде объекті толық амортизациялануы мүмкін;

2.Бағалы қағазды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады. Сол пайда болған кезде бух.есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Ал салық есебінде зиянды құн өсімі есебінен жабады. Егер ол жабылмаса, оның жабу мерзімін 10жылға дейін созады;

3.Салық бойынша шығындар (КТС, Табыс салығын қоспағанда) бух.есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде тек төленген салық қана алынады;

4.Несие бойынша сыйақы бух.есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, шығынға 12 айдың сыйақысы толық кезең шығындарына жатқызылады; ал салық есебінде төленген сома көлемінде ғана шегерімге жатқызылады.

15.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?

Ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa бағамдық айырма деп аталады. Валютаны  сатқан  ж/е  сатып  алған  кезде  Ұлттық  банк-ң  бағамы  мен  биржалық  бағамның арасында  айырма  пайда  болады. Бұл  айырма  бағамдық  қайшылық  болып  саналып,  кезеңнің  шығысы  немесе  кірісі  ретінде  танылады.  Бағамдық айырма бойынша табыс деп тек қана оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі мойындалады және тиісінше теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі ғана шегерімге жатады.

Бухгалтерлік есепте оң бағамдық айырмадан алынған сома 6250 «Бағам айырмасынан түскен кірістер» шотының кредитінде көрсетіледі. Оң бағамдық айырма көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында,экспортталған операциялардың кезінде ;экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күнінде, дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасында, т.б. пайда болады.

Оң бағамдық айырмаға мысал: Импорттық операцияларда кәсіпорын есеп құжатын(счет-фактура, инвойс) жазған күніндегі доллар бағамы 122,7 болғанда 2000долларға материал сатып алды. Матер.үшін төлем төленгенде шетел валютасы-ң бағамы 121,6-ге түсті. Келесі жазбалар беріледі:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310 245400 (122,7*2000долл=245400)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030 243200(121,6*2000долл=243200)

3)Оң бағам айырмасы есептелгенде:

Дт 3310 Кт 6250 2200 (245400-243200=2200)

4)Бағам айырмасынан түскен кіріс ағымдағы банктік шотқа кірістелді

Дт 1030 Кт 6250 2200

Оң бағамдық айырма бухгалтерлік есепте теріс бағамдық айырмамен қоса екінші формада, яғни Жиынтық табыс туралы есептілікте бөлек көрсетіледі және екі шотта жүргізіледі ; ал салық есебінде бірімен-бірі қатар көрсетіледі, яғни теріс және оң бағамдық айырма өзара салыстырылып, қайсысы көп сол түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]