Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

28.Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?

Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.Салық Кодексінің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер бойынша сыйақыларды;

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы; 2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға жатқызу.Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, бұл құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

Егер салық төлеуші күмәнді міндеттемелерді шегерімдерге жатқызса, ол тіркеу орны бойынша салық органына шегерімге жатқызу туралы хабарландыру жіберуі қажет. Хабарландыруда ұйымның басшысының, бас бухгалтерінің қолы қойылуы керек және ол мөрмен расталуы қажет. Күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім болып саналмайды, егер тауар, қызмет немесе жұмыс түрі жеке тұлғаларға сатылса.

Бухгалтерлік есепте дебиторлық берешектер сомасы 1200 «Қысқа мерзімде дебиторлық берешек» бөлім шоттарының Дт көрсетіледі. Егер дебиторлық берешек болашақта қайтарылып алынуы мүмкін емес деп танылып, есептен шығарылғанда мынадай жазба беріледі: Дт 1000 «Ақша қаражаттары» бөлімінің шоттары, Кт 6280 «Өзге табыстар». Алдын ала құрылған резерв есебінен қарыз сомасы есептен шығарылса немесе резерв құрылмай, қарыз сомасы зияндарға тікелей апарылса, онда бұндай қарыз сомасы баланстан тыс 007 «Төлемге қабілетсіз дебиторлардың қарыздарын зиянға есептен шығару» шотында қарыз есептен шыққан соң 5 жыл ішінде көрсетілуі керек. 5 жыл бойы қарыз сомасының бұл шотта көрсетілуі –

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]