Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

3 Алкоголизмнің сатылары

Алкоголизм созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану ж»не оларға деген дерттік әуестік нәтижесінде дамиды. Сатылыры: Бастапқысатысында (невростениялық) алкогольге патологиялық әуестік болады. Қорғаныстық құсу рефлексінің жоғалуы яғни артық мөлшерде қабылдағанда құсу болмайды. Психопатологиялық бұзылыстарының симптомдары үдемелі және күшейген астениялық синдром фонында пайда болады: сылбырлық, әлсіздік, зейін бұзылуы, бас ауру. Ұйқы бұзылысы, тітіркенгіштік, ашуланшақтық. Алкогольдің тәуліктік мөлшері 1 литр шарап немесе 400-500мл арақ.Самотоневрологиялық бұзылыстар: вегототамырлық дистония, эзофагит, гастрит, колит, гепатит, панкреатит байқала бастайды. Ортаңғы сатысы (абстинентті) патологиялық әуестік күшейеді.Бастапқы сатыдағы симптомдар күшейеді, бұл сатыға бас жазу синдромы дамуы ерекше тән. Вегетативті және неврологиялық симптомдар: тахикардия, гипертензия, аяқ қолдың және бүкіл дене треморы,ауыз қуысының құрғауы, бас айналу, тәбеттің жоғалуы,айқын әлсіздік. Алкоголь дозасы 1-1,5 л болады. Ортаңғы сатысында жалған салынып ішу ауру ағымы ерекше болып табылады.Бұл сатыда алкогольды психоз дамиды. Соңғы сатысы (энцефалопатиялық) бұл сатыда алкогольге тәуелділік төмендейді, мастану күйі бастапқы және ортаңғы сатылырына қарағанда аз болады.Ішімдікті үлкен дозада қабылдаса есеңгіреу, сопор жағдайы байқалады.Науқаста брадикардияға, коллапсқа бейімділік байқалады. Нағыз салынып ішу тән, алғашқы күндері дооза бір литрге жетсе, аяғында 100-150мл дейін төмендейді. Қоршаған ортаға қызығушылығ жоғалады, еңбекке қабілеттік төмендейді, ұқыпсыз, лас жүреді.Нашар тамақтанып дене салмағын айтарлықтай жоғалтады.

37 билет.

1 Ерікті қозғалыстар және оның бұзылыстары.Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелер.Мишық бұз.Симптомдар және синдромдар.Зерттеу әдістері.

Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульс булшықетке жеткізілуі қажет.Бұл қызметті екі невроннан (орталық және сыртқы) тұратын ми қыртысы-бұлшықет шоғыры атқарады.

Орталық қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінен және орталық маңдай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Орталық неврондардың клеткалары (Бец клеткалары) осы аймақтардағы ми қыртысы 5-ші қабатына орналасқан. Аталған клеткалардың аксондары ми жарты шарына терең бойлап, ми қыртысы-жұлын шоғырын-tractus corticosinalis, құрастырады. Ол ішкі капсуланың тізесі мен артқы саны арқылы ми бағанына кіретін-ми аяқшасы, варолий көпірі, сопақша мидың алдыңғы жағында аталған шоғырдың талшықтары өзара жақындап пирамида тәрізді орналасады.

Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы – жұлын шоғыры талшықтарының 80% -не жуығы қиылысып, жұлынның бүйір бағаны арқылы қарама-қарсы жағына өтеді де оның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарында аяқталады. Ол жоғарыдан төмен қарай жұлынның әр сегменттеріне тиісті талшықтарын қалдырып біртіндеп жіңішкере береді де ақырғы сегізкөз тусындағы сегменттерде таусылады.

Ми қыртысы- жұлын шоғырының қиылыспаған 20% бөлігі (Тюрк шоғыры) жұлынның алдыңғы бағанымен төмен қарай түсіп, кеуде сегменттері тұсында аяқталады.

Үлкен ми жарты шарында пирмида шоғыры 2 бөліктен тұрады. 1-сі ми қыртысы жұлын шоғыры. 2-сі ми қыртысынан басталып, бассүйек-ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталатын талшықтардан тұратын кортико-нуклеарлық шоғыр-tractus corticonuclearis.

Кортико-нуклеарлық шоғыр мидың алдыңғы сары ирелеңінің төменгі бөлігінде басталып, ішкі капсуланың иіні арқылы өтеді де ми бағанындағы бассүйек ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталады. Бұғаін дейін әр ядро үстінде жартылай айқасып отырады. Тек бет нерві ядросында орталық неврондар толығымен қиылысады.

Ми қыртысы – бұллшықет шоғыры

ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ – ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде орналасқан қозғалыс орталығының жиынтығы, олар қозғалыс клетка ядролары арқылы бас ми нервтерімен және жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысады. Олардың байланысы алдыңғы орталық ирелеңнің ми қыртысы V қабатында орналасқан пирамида тәрізді Бец клеткаларынан басталып пирамидалық жол деп аталады.Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы - жұлын шоғыры талшықтарының көп бөлігі қиылысады, сондықтан әрбір ми жарты шарының проекциялық зонасы дененің қарама қарсы жағындағы бұлшықеттерге жауап береді. Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірінде орналасқан клеткалар ерікті қимылдарды және аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын, ортаңғы үштен бірі – қол, төменгі – бет бұлшықеттерін реттейді. Пирамидалық жол ми жарты шары қыртысынан басталып, ішкі капсула, ми бағанынан өтіп өз жолында бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларына, экстрапирамидалық жүйеге талшықтарын береді. Пирамидалық жүйе ОЖЖ әртүрлі бөліктерімен тікелей және қайтымды байланыс жасайды: бұлшықетте, сіңірде, байламда, орналасқан рецепторлармен қозғалыс анализаторы сезімтал өткізгіш арқылы ақпараттарды қабылдап кеңістіктегі дене қалпын өзгертеді. Сонымен қатар ми жарты шарындағы қыртыстық проекциялық қозғалыс зонасына сигналдар мишықтан, ми бағанынан, қыртыс асты түйіндерден;өз кезегінде пирамидалық жол талшықтарының бір бөлігі ыдырап негізгі шоғырда және ми түзілістерінде аяқталады.

Алдыңғы орталық ирелеңнің немесе пирамидалық жолдың бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен немесе жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысқан жері зақымдалған кезде бұлшықеттік тонус, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауымен және патологиялық рефлекстердің пайда болуымен көрініс беретін орталық салдану дамиды.

Пирамидалық жолдың зақымдалу деңгейіне тәуелді орталық салданудың орны және таралуы әртүрлі: ішкі капсулада патологиялық процес кезінде гемиплегия – қол мен аяқтың ошаққа қарама қарсы жақта салдануы болады. Ми бағаны зақымдалғанда пирамидалық жолмен қоса бас ми нерв ядролары зақымдалып алтернациялық синдром дамиды - ошаққа қарама қарсы жақта гемиплегия, зақымдалған жақта бас ми нервтерінің қызметінің бұзылу белгілері болады. Пирамидалық жолдың жұлында зақымдалуы ошақ жақта аяқтың гемиплегиясы және салдануы болады.

Пирамидалық жолдың қыртыстық бөлігі тітіркенгенде бас миындағы сәйкес проекциялық зонадағы бұлшықеттердің тырыспасы дамиды:

Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірі тітіркенсе тырыспа аяқта, ортаңғы – қол, төменгі – бетте болады. Бұл тырыспалар ошақты деп аталады – (джексондық).

Параличтер – бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау. Қозғалыс қызметінің әлсіреуінен бұлшықет күшінің төмендеуі парез деп аталады.

Жүйке жүйесінің зақымдалу деңгейіне байланысты орталық және шеткері паралич болып бөлінеді.Пирамидалық жүйе зақымдалуынан орталық паралич дамиды. Клиникалық көрінісі зақымдалу деңгейіне байланысты.Ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде патологиялық процесінде патологиялық ошаққа қарама қарсы жақта қол, аяқ қызметі бұзылады; ішкі капсула зақымдалғанда дененің қарама қарсы жартысында гемиплегия бет бұлшықеттерінің және тілдің бір жартысы бұлшықетінің орталық парезімен бірге.

Ми бағанындағы пирамида талшықтарының зақымдалуы қарама қарсы жақта гемиплегия бас ми нерв ядроларының зақымдалу симптомымен бірге, зақымдалған жақта альтернациялық синдром. Пирамида жүйесінің орталық қозғалтқыш нейронының екі жақты зақымдалуы кезінде алдыңғы орталық ирелеңнен ix, x, xii жұп бас ми нервтерінің ядроларына дейінгі зақымдалуы псевдобульбарлық параличке әкеледі.

Орталық паралич сіңірлік рефлекс, бұлшықеттік тонус жоғарылауымен, патологиялық рефлекс және синкинезиялар болуымен сипатталады. Рефлексогенді зонаның кеңеюімен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы жұлынның автоматтық қызметінің тежелуін көрсетеді; рефлекс жоғарылауының өте ауыр дәрежесі тізе тобығы, табан, саусақтардың клонусы дамиды.Рефлекторлы тонус жоғарылауы салдарынан бұлшықеттік гипертония дамиды. Бұлшықет тырысқан пассивті қозғалыстарды күшпен кедергімен орындайды ( «бүктелген бәкі» симптомы). Орталық гемипарезге Верник-Манн ерекше қалпы тән: сырқаттың қолы жартылай бүгіліп, бауырына басылып, қол ұшы ішіне қарай бұралып, аяғы түп түзу және сыртына қарай бұрылған. Төменгі спастикалық параплегия немесе парапарез аяқтың бүккіш бұлшықет тонусының жоғарылауына және параплегия жұлынның бел жуандығынан жоғары деңгейде екі жақты зақымдалуынан дамиды. Аяқ параличі кезінде жиі Бабинский, Россолимо, Бехтерев патологиялық рефлексі болады.

Шеткері паралич қозғалтқыш нейрондардың зақымдалуынан (жұлынның алдыңғы мүйізі немесе бас ми нерв ядросы). Шеткері паралич немесе парез сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі немесе жойылуымен, бұлшықет тонусының төмендеуімен , бұлшықет атрофиясымен және нерв талшықтарының дегенерациясымен сипатталады. Рефлекторлық доға үзілуінен атония және арефлексия дамиды.Шеткері параличтің клиникалық көрінісі шеткері нейронның зақымдалу деңгейіне байланысты. Алдыңғы мүйіздің немесе бас ми нерв қозғалтқыш ядроларының зақымдалуы бұлшықеттің атрофиясына әкеледі. Шеткері нерв зақымдалуы кезінде иннервациялайтын бұлщықет параличі дамиды.

ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛАТЫН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР

Патологиялық рефлекстер. Пирамидалық жол зақымдалуы кезінде жұлындық автоматизм күшейгенде пайда болады. Патологиялық рефлекстер рефлекторлық жауапқа байланысты жазғыш және бүккіш болып бөлінеді. Жиі кездесетін жазғыш рефлекс Бабинский: табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда 1 саусақ жазылады, балаларда 2,5 жас – физиологиялық рефлекс; бүккіш рефлекстер Россолимо: бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу және Бехтерев: балғамен өкшені немесе басбармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.

ЭКСТРАПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ

Экстрапирамидалық жүйе – бас ми ядроларының және пирамидадан тыс өткізгіш жолдардың қозғалыс координациясын, бұлшықет тонусын реттеу, қалыпты ұстау, эмоциялық қозғалысты ұйымдастыру. Экстрапирамидалық жүйе құрамына бас ми қыртысы кейбір бөлімдері, базальды ядро, ми бағаны ядролық құрылымдары жатады. Одан басқа экстрапирамидалық әсер жұлынға және бас ми нерв ядроларына арнайы жол арқылы өткізгіш импульстер аралық ми, ортаңғы ми және сопақша мимен байланысады.

Экстрапирамидаық жүйе зақымдалған кезде қозғалыс сферасының бұзылысы болады бұл кезде пирамидалық жүйе бұзылысының клиникалық белгілері және сезімталдық бұзылысы анықталмайды. Экстрапирамидалық синдром патогенезінде маңызды орын нерв импулстерін химиялық өткізгіштер - медиаторлар атқарады. Патология кезінде арнайыландырылған медиаторлардың – дофамин, АХ, ГАМК, серотонин және т.б сәйкес нейромоноаминергиялық жүйе бұзылысы дамиды.

Экстрапирамидалық жүйенің әртүрлі бөлімінің зақымдалуына байланысты клиникалық синдромдар дамиды. Гипертониялық-гипокинетикалық статустың негізгі көрінісі бұлшықет тонусының жоғарылауы және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі. Экстрапирамидалық бұлшықеттік гипертония пластикалық: пассивті қозғалыс кезінде үнемі қозғалыс кедергісін сезіну. Аяқ қолдарды пассивті жазу кезінде үздікті баспалдақты қозғалысты сезіну (тісті шеңбер симптомы). Жалпы қалпы:басы мен денесі алға қарай еңкіш, қолдары білегінен жартылай бүгілген, шынтағы денесіне жуық, аяқтары жамбас және тізе буындарында тиіп жүреді. Жүрісі баяулаған, дауысы құрғақ, сөйлеуі монотонды. Беті құбылмайды, маска тәрізді. Экстрапирамидалық бұзылыстың тағы бір көрінісі діріл, амплитудасы, жиілігі, ритмділігі, орналасуы әртүрлі.

Паркинсонизм – жалпы қозғалыс активтілігінің төмендеуімен, қозғалыстың баяулауымен, дірілмен, бұлшықет тонусының жоғарылауымен көрінетін нерв жүйесінің үдемелі зақымдалу синдромы. Патогенезі негізінде морфологиялық емес экстрапирамидалық жүйенің медиаторлық баланс өзгерісімен жүретін күрделі нейрохимиялық бұзылыс.

Осы немесе басқа негізгі симптомдарды бөледі: 1.акинетико-ригидті, 2.ригидті-дірілді және 3. Паркинсонизмнің дірілді формасы.

1.Жалпы қозғалыс активтілігі шектелген, науқас қозғалысы баяу күшпен, сөзі тыныш монотонды, беті амимиялық. Науқас адымдары өте тар, жүргенде екі қолын сау адамдай кезекпен сермемейді, пропульсия белгілері анықталады (егер науқасты арқасынан нұқып қалса, ол сол бетінде алға қарай ұмтыла жүріп кетеді, бірден тоқтай алмайды). Қаңқа бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Бұлшықет ригидтілігі науқасқа ерекше кейіп береді: кеудесі алға қарай еңкейген, басы кеудесіне иілген, қолдары білегінен жартылай бүгілген, шынтағы денесіне жуық.

  1. Ригидті-дірілді формасына бұлшықет ригидтілігі мен ұсақ діріл тән. Діріл тыныштықта анықталады (қол саусақтарының дірілі тиын санап тартып отырғандай) және арнайы қимыл әрекеттер кезінде басылады. Басын шұлғып немесе шайқаңдатып отырады (қозғалыс «иә - иә» немесе «жоқ - жоқ»).

  2. Дірілді формасының басты симптомы дірілді гиперкинез, гипокинезия және бұлшықет ригидтілігі төмендеген кезде.

Ем паркинсонизмге қарсы заттар. Комплексті емге 1-дофа мен холинолитикалық заттар мен дофаминергиялық рецепторлар (наком, синемед, мадопар). Симптоматикалық емге антисклеротикалық заттар, тамыр кеңейтуші препараттар, метаболикалық процесті күшейтетін препараттар. Емдік дене шынықтыру, сумен емдеу (радон, ванналар), омыртқаны гальванизациялау, трансцеребральный электрофорез 1-дофа, магнитотерапия. Консервативті ем нәтиже бермегенде хирургиялық ем – қыртыс асты ядроның деструкциясына стереотоксикалық операция.

Паркинсонизнің алдын алу нейроинфекция, интоксикация, бас ми тамыр ауруларында қатаң көрсеткішпен нейролептиктерді қолдану.

Гиперкинездер – бет бұлшықеттерінің, кеуденің, аяқ қолдың, сирек көмей, жұмсақ таңдай, тіл, көздің сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуынан еріксіз қимылдар туындайды. Гиперкинез экстрапирамидалық жүйе, мишық , таламус, күрделі байланыстардың зақымдалу салдарынан болады. Гиперкинездің даму механизмінде маңызды орын метаболизм бұзылысы, әсіресе дофамин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы, глутамин қышқылы, серотонин, АХ, Р және мет-энкефалин заттары.

Гиперкинез классификациясы бас миындағы патологиялық процестің орналасуына және клиникалық ерекшелігіне негізделген. Гиперкинездер бағаналық деңгейде (паркинсондық діріл, статикалық діріл, симптоматикалық миоклония, миоаритмия, спастикалық қисық мойын, қыртыс асты құрылым (миоклонус-эпилепсия, Хант асинергиялық миоклониясы ) және қыртыстық Гиперкинездер (джексондық және кожевников эпилепсиясы, гемитония).

Бағандық деңгейдегі гиперкинездің клиникалық белгісі ритмді, стереотипті, және қозғалыстың қарапайым құрылымы. Қыртыс асты гиперкинезге аритмділік, асинхрондылық, әртүрлі қозғалыстағы күрделі құрылымдар тән. Мысалы, атетозды гиперкинез баяу, құрт тәрізді, тоникалық тырысумен (аяқ қол саусақтары) көрінеді. Ол көбіне тамыр, инфекциялық және басқа бас ми аурулары (симптоматикалық атетоз деп аталады), аутосомды рецессивті тұқым қуалап балалық шақта симметриялық гиперкинез (Хаммонд ауруы). Гемиболизм аяқ қолдардың жоғары амплитуда және күшпен тез, өрескел қимыл жасауы; субталамикалық Льюис ядросымен бозғылт шардық байланысқан жерінде тамырлық және ісіктік генезді зақымдалуында анықталады.

Гиперкинез емі комплексті болу керек. Этиологиялық факторға әсер етуші препараттар вазоактивті қабынуға қарсы және басқа заттар қолданылады. Гиперкинездердің патогенетикалық симптоматикалық емі холинолитиктер мен адренергиялық заттар , миорелаксанттар, ганглиоблоктаушылар, седативті, дегидратациялаушы препараттар, сонымен қатар бас ми метаболизміне әсері бар заттар қолданылады.

МИШЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ.

Құрылымды қызметтік және филогенетикалық қатынас бойынша мишық үш басты бөлімге бөлінеді: архицеребеллум түйіннен тұратын мишықтың көне бөлімі болып табылады. Ол вестибулярлы жүйемен тығыз байланысты; палеоцеребеллум алдыңғы бөлік, қарапайым және артқы бөліктен тұрады. Афферентные волокна в Палеоцеребеллумдегі афферентті талшықтар жұлынға және үлкен жарты шар қыртысының сенсомоторлық аймағына келеді; неоцеребеллум бірінші және артқы латеральды саңылауда орналасқан құрт және жарты шардың барлық бөлімін құрайды. Бұл мишықтың ең үлкен және филогенетикалық жас бөлігі. Оның дамуы ми қыртысының дамуымен тығыз байланысты.

Мишық қозғалыс координациясын және бұлшықет тонусын реттеп отырады. Архицеребеллум ақпаратты вестибулярлы жүйе және жартылай иірім өзек рецепторлары арқылы кинетикалық импульспен алады. Бұл мишықтың тепе теңдік сақтауына көмектеседі.

Атаксия – қозғалыс координациясының бұзылысы. Қалыптыда қозғалыс координациясы жүйке жүйесімен үйлесімді автоматы қимыл жасайды: мишық, терең сезімталдық, вестибулярлық аппарат. Қыртыстық, мишықтық, сенситивті, лабиринтті атаксияны бөледі.

Айқын атаксия мишық зақымдалған кезде болады. Бұл кезде мақсатты бағытталған қозғалыс - жүріс бұзылысы (атаксиялық жүріс) болады. Науқас аяғын кең адымдап, мас адамның жүрісіндей, аяғымен бір орында түзу тұра алмайды. Көзін жұмғанда моторикасы нашарламайды. Бір уақытта бастапқыда ұсақ бір затты ұстауға қолын жақындатқанда ірі діріл (интенционды діріл) анықталады. Сөзін буын буынға бөліп мәнерлеп сөйлейді (скандирленген сөз).

Сенситивті атаксия терең сезімталдық бұзылысынан болады. Көзін жұмғанда сенситивті атаксия күшейеді.

Лабиринтті атаксия кезінде координация вестибулярлы симптомдармен бірге жүреді - бас айналу, көлденең нистагм.

Қыртыстық атаксия маңдай бөлімінің жоғарғы бөлігі және шүйденің төменгі бөлігі, самай бөлігі, қыртысты мишықтық жол зақымдалған кезде анықталады.

Атаксия аурудың басты симптомы болуы мүмкін. Фридрейхтің отбасылық атаксиясы балалық кезде дамиды; негізгі симптомдары қозғалыс координациясының бұзылылсы - мишықтық атаксия сенситивтік атаксиямен, сіңірлік рефлекстердің жойылуымен көрінеді.

Инфекциялық аурулар кезінде (пневмония, іш және бөртпе сүзегі, дифтерия ) жедел атаксия дамуы мүмкін.

Атаксия симптомы әртүрлі интоксикация кезінде (алькогол, тағамдық улану, мыс),сонымен қатар ми қан айналымы және ми ісіктері кезінде байқалады.

Зерттеу әдістері.

Функциясын тексереді: координациясын, нақтылығын, қозғалыс үйлесімділігін, бұлшықет тонусын. Қозғалыс координациясы бұзылысын атаксия деп атайды. Статикалық , статико-локомоторлық және динамикалық.

Динамикалық атаксияны анықтау сынамалары.

Саусақтық сынама. Науқасқа көзін жұмып саусағын мұрын ұшына тигізуін сұрайды.

Өкше тізелік сынама: науқасқа арқасынан жатқызып, көзін жұмып, өкшесімен екінші аяғының тізесіне жеткізіп аяғын төмен қарай түсіруін сұрайды. Бұл кезде науқас аяғын аталған аймаққа дәл жеткізуіне және интенционды діріл бар жоқтығына назар аударады.

Саусақ – саусақтық сынама: науқасқа саусағының ұшымен қарсы отырған тексерушінің саусағы ұшына тигізуін сұрайды.

Статикалық және статико-локомоторлық атаксияны анықтау сынамасы.

Жүріс өзгерісін бақылайды: науқас аяғын алшақ басып, жан жағына теңселіп, түзу сызық бойымен жүре алмай мас адам тәрізді жүреді. Жан жағына теңселіп жүру мишық зақымданған жақта болады.

Ромберг сынамасы: науқасқа екі аяғын қосып, көзін жұмып бір орында тік тұруын сұрайды және науқастың қай жаққа ауытқуына назар аударады.

Адиадохокинезге сынама (екзекпен қарама қарсы бағытталған қозғалыстарды тез орныдай алмау ): науқасқа пронация және супинация қозғалыстарын кезекпен кезек тез орындауын ұсынады.

Бабинский асинергиясы. Науқасқа екі қолын айқастырып отыруын ұсынады. Мишық зақымдалған кезде қолының көмегінсіз отыра алмайды.

Мишық зақымдалғанда сөзі өзгереді: баяу, буын буынға бөліп, секірмелі сөйлейді – «скандирленген сөз

Нистагм – көз алмасының екі фазалы ритмді еріксіз (тез және баяу фазамен) қозғалуы – көлденең, тік, ротаторлы болуы мүмкін.

Жазуының өзгеруі қимыл координациясының бұзылысынан және діріл салдарынан болады. Жазуы біркелкі болмайды, әріптері біресе үлкен біресе кіші болады.

Бұлшықет гипотониясы буындардың экскурсиясы ұлғаюымен көрінеді. Енжар қозғалыстар анықталады. Сіңірлік рефлекстер төмендеуі мүмкін. Бұлшықет гипотониясы және антагонистік иннервациясы бұзылысы «обратного толчка» симптомы: науқас шынтағынан қолын жартылай бүгіп оның жазылуына кедергі жасайды. Егер кедергіні бірден тоқтатса науқас қолымен кеудесін ұрып алады. Сау адамда тез бұлшықет антагонисті іске қосылып ұрып алудан сақтайды.

Құрт зақымдалғанда кеуделік атаксия, науқас алға немесе артқа құлауы, жүргенде атаксия тән. Мишық жарты шары зақымданғанда локомоторлық сынама өзгерістері, зақымданған жақтағы аяқ қолда интенционды діріл, гипотония анықталады. Мишық аяқшаларының зақымдануы клиникалық симптомдармен көрінеді. Төменгі аяқ зақымданғанда нистагм, жұмсақ таңдай миоклониясы, ортаңғы аяқ зақымданғанда – локомоторлық сынама өзгерістері, жоғарғы аяқша зақымданғанда – хореоатетоз, рубральды діріл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]