Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

3 Алкоголизмнің клиникасы.........

Алкоголизм созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану ж»не оларға деген дерттік әуестік нәтижесінде дамиды. Сатылыры: Бастапқысатысында (невростениялық) алкогольге патологиялық әуестік болады. Қорғаныстық құсу рефлексінің жоғалуы яғни артық мөлшерде қабылдағанда құсу болмайды. Психопатологиялық бұзылыстарының симптомдары үдемелі және күшейген астениялық синдром фонында пайда болады: сылбырлық, әлсіздік, зейін бұзылуы, бас ауру. Ұйқы бұзылысы, тітіркенгіштік, ашуланшақтық. Алкогольдің тәуліктік мөлшері 1 литр шарап немесе 400-500мл арақ.Самотоневрологиялық бұзылыстар: вегототамырлық дистония, эзофагит, гастрит, колит, гепатит, панкреатит байқала бастайды. Ортаңғы сатысы (абстинентті) патологиялық әуестік күшейеді.Бастапқы сатыдағы симптомдар күшейеді, бұл сатыға бас жазу синдромы дамуы ерекше тән. Вегетативті және неврологиялық симптомдар: тахикардия, гипертензия, аяқ қолдың және бүкіл дене треморы,ауыз қуысының құрғауы, бас айналу, тәбеттің жоғалуы,айқын әлсіздік. Алкоголь дозасы 1-1,5 л болады. Ортаңғы сатысында жалған салынып ішу ауру ағымы ерекше болып табылады.Бұл сатыда алкогольды психоз дамиды. Соңғы сатысы (энцефалопатиялық) бұл сатыда алкогольге тәуелділік төмендейді, мастану күйі бастапқы және ортаңғы сатылырына қарағанда аз болады.Ішімдікті үлкен дозада қабылдаса есеңгіреу, сопор жағдайы байқалады.Науқаста брадикардияға, коллапсқа бейімділік байқалады. Нағыз салынып ішу тән, алғашқы күндері дооза бір литрге жетсе, аяғында 100-150мл дейін төмендейді. Қоршаған ортаға қызығушылығ жоғалады, еңбекке қабілеттік төмендейді, ұқыпсыз, лас жүреді.Нашар тамақтанып дене салмағын айтарлықтай жоғалтады.

28 билет.

1 Жүйке - бұлшық ет аурулары. Миастения. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диогностикасы, емі. Миастеникалық және холинергиялық криздер.

Нерв бұлшық ет аурулары – нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары арасында ең жиі кездесетіні. Оларға әр түрлі миопатиялар невралдық және жұлындық амиотрофиялар,миастения,миотония жатады. Аурудың жетекші симптомы – бұлшық ет гипотониясы және семуімен қосарланатын бұлшық ет әлсіздігі.

Миастения – нерв импульстерін бұлшық етке жеткізу қызметі бұзылған нерв-бұлшық ет синапстарынының аутоиммунндық ауруы. Аурудың патогенезі синапстарда импульстар өткізілуін бұзуға әсер ететін ацетилхолиннің жетімсіздігіне негізделген.

Клиникасы: айқын анатомиялық өзгерістер болмаса да, бұлшық ет әлсіздігі мен қажығыштығы түрінде білінеді. Эпидемиологиясы: миастенияның көпшілігі кездейсоқ болады. Ол ересектерде жиі байқалып, балаларда сирек кездеседі. әйелдер еркектерге қарағанда жиірек ауырады.

Жіктелуі: балаларда үш түрлі миастениялық синдром кездеседі.

І. өткінші миастения – туған балалардың 10-15% құрайды. Бұлшық ет әлсіздігі мен гипотониясы,дұрыс ем алмау,әлсіз дем алу птоз байқалады. Антихолинэстераздық препараттар оң нәтиже береді.емделмесе бірнеше сағат немесе күнде өліп кету мүмкін.

ІІ. Персистирленген миастения: өткінші миастенияға ұқсас, бірақ ол анасының миастениясымен байланысты емес, ауру бірге туғандарыменде білінуі мүмкін. Миастенияның бұл түрі өмір бойы сақталады. Мұнда қабақтар мен көздің сыртқы бұлшық еттері бейім.

ІІІ. Миастенияның бозбалалық түрі. Бұл көбінде он жастан асқан балаларда білінеді де, қыз балалар алты есе жиі кездеседі ер балалардан. Көздің сыртқы бұлшық еттері әлсірегендіктен птоз бен диплопия пайда болады. Қабырғааралвқ бұлшық еттер, мойын, ым және бас сүйек ми нервтері тарайтын бұлшық еттері жиі зақымданады. Аурудың ауыр түрлерінде бүкіл бұлшық ет семеді.

Диогностикасы: диагностикалық мақсатта прозериндік сынақ жасалады.бұлшық етке 0.04мг/кг прозерин жіберіледі. Миастения болса бұлшық еттің күші қысқа мерзімге артады.

Емі: Антихолинэстераздық препараттар (прозерин, оксазил, калимин) емдеу. 0.05%-дық 0.1мл протезин ертіндісін тағайындайды.бірақ бір инъекцияда 0.75 мл ден аспау керек. Таблетка түрінде 1жастан 10жасқа дейін – 0.0015г – 0.001г-нан. 10 жастан кейн – 0.01 г-нан артық емес.қазіргі кезде глюкокортикоид бір екі ай бойы күнара 5мг/кг преднизолон өте жиі қолданылады.нәтиже болмаса айыршық безді алып тастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]