Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

16.8. Нерв жүйесінің қант диабетіне байланысты зақымдануы

Қант диабеті әр түрлі неврологиялық синдромдар пайда болуымен жиі қосарланады. Әсіресе шеткі нерв жүйесі жиі зақымданады. Қант диабетінде жиі білінетін цереброваскулярлық бүзылулар қазіргі уақытта, әсіресе алыс шет елдерде оның арнаулы асқынуы ретінде қарастырыл- майды. Диабет тек оларға бейімдейді.

Қант диабеті асқынуларының классикалық варианты - полиней­ропатия түрінде жиі білінетін нейропатия. Оның клиникасында қол- аяқтың төменгі бөліктерінде білінетін сезімділік бүзылулар (“шүлық” және “қолғап” типтес) басым. Қимылдық бүзьшымдар болмайды немесе онша айқын білінбейді. Коптеген науқастарда ол қатерсіз өтеді. Дегенмен айқын ауырсыну синдромымен қосарланатын вегетативті- трофикалық бүзылулар (вегетативтік полинейропатия) болуы мүмкін.

Көбінесе нерв жансыздануына байланысты пайда болатын моно­невропатия қимыл мен сезімділік бузылуларының кенеттен білініп, айқын ауырсыну синдромы қабаттасуымен сипатталады.

Қант диабетінде кейбір нервтер (III, IVжоне VII жүп бас сүйек- ми нервтері, сан, кіші жіліншік жоне корі жілік нервтері) оте жиі зақымданады,

Жүлынның артқы түбіршіктерінің аралас жүлын нервіне кірігуіне дейін зақымдануы (радикулопатия) бір дерматома маңындағы сүққы- лаған ауырсынумен сипатгалады. Көбінесе кеуде жөне бел түбіршіктері зардап шегеді. Кейде жүлынның артқы бағандары бүлінеді. Ол ' сүққылап ауырсыну мен терең сезімділік бүзылуы арқылы білінеді. Олар көз қарашығы нервтенуі бүзылуымен (кез қарашықтары форма- сының өзгеруі, олардың аккомодация мен конвергенцияға реакциясы сақталып, жарыққа реакциясыньщ білінбеуі) қабаттасады (“диабеттік псевдотабес“).

Қарттарда сан ауырсынуы, қол-аяқ жоғарғы бөліктері бүлшық еттерінің олсізденуі мен семуі арқылы білінетін диабеттік амиотрофия (бел плексопатиясы) жиі пайда болады. Санның төрт басты бүлшық етінің күші азаяды, сезімділіктің объективті бүзылуынсыЗ бүлшық ет ауырсынуы мен парестезиялар мазалайды, тізе жөне өкше рефлекстері әдетте байқалмайды.

Плексопатияға аяқтың жоғарғы бөлігіндегі қимылдатқыш нерв- тердің ишемиялық зақымдануымен қосарланатын микроангиопатия себеп болады

Диабетгік энцефалопатия патогенезінде, зат алмасуы бүзылуы және микроангиопатиямен қатар, макроангиопатия да, әсіресе қарттарда, маңызды роль атқарады. Сондықтан оны ангиопатиялық дисцир- куляторлық энцефалопатия ретінде қарастырған жөн. Энцефало- патияның бүл түрі, өсіресе диабетгік (гипергликемиялық) және гипо- гликемиялық комалар жағдайында өте жиі кездеседі.

Қант диабетіне қатысты неврологиялық синдромдардың арнаулы емі әзірше белгісіз. Невропатия патогенезінде ангиопатияның ролі ерекше болғандықтан микроциркуляцияны реттейтін препараттар (компламин, никотин қышқылы, депо-калликреин, но-шпа, пахи- карпин) қолданылады. Емдік шаралар комплексіне ноотрогітарды, антиоксиданттарды, қан тамырларына белсенді эсер ететін дәрі- дәрмектерді және физиотерапиялық емді кіріктіген жөн. Аталмыш емдік шаралар тиісті диета мен әр науқасқа арнайы үсынылатын диабет- ке қарсы препаратгарды пайдалану жағдайында жүзеге асырылуға тиісті.

Диабеттік полинейропатияны емдеуде жьшыту ем шаралары (пара­фин, озекерит, емдік лай) тиімді.

16.9. Кейбір витаминдер жетіспеушілігінен нерв жуйесінің

зақымданулары

В12 гиповитаминозы ішкі фактордың жүре пайда болатын жетімсіз- дігінен (мысалы, бірыңғай вегетариандық) ішекте В12 витаминінің (кобаламининның) сіңуі бүзылуынан және ондірісте азот тотыгымек уланғанда пайда болып, жүлынның артқы бағаны мен ми қыртысы- жүлын жолдарын миелинсіздеңціруге, көру нерві нейропатиясы мек психикалық бүзылуларға ықпал жасайды.

В,2 гиповитаминозын емдеу үшін алғашқы 5—10-тәулікте бүлшык етке 1000 мг цианкобаламиіг немесе гидроксикобаламин, кейін 4 апта бойы апта сайын, әрі қарай ай сайын өмір бойы қолданылады. Емдеу қанның көрсеткіштері (гемоглобин мөлшері, эритроциттік колем, ретикулоциттер саны) және қандағы В12 витамині молшерін бақылау арқылы жүргізіледі.

В, гиповитаминозы (тагамда В, витаминінің немесе тиаминның жетіспеушілігі) клиникасында үдемелі полинейропатия басым білінетіи Бери-Бери ауруының дамуына себеп болады. Мүндайда қол-аяқтың төменгі боліктерінде парестезиялар, сезімділік бүзылулары және босаң парездер пайда болады. Бүлшық еттер семуі мен буындар контрак- туралары тез қалыптасады. Сонымен қатар жүрек патологиясының белгілері де (кардиалгия, тахикардия, т.б.) үдей түсуі мүмкін.

Емдеу шаралары В, витаминін көп мөлшерде (төулігіне 1,3-тен 1,9 мг-ға дейін, аса ауыр турлерінде тәулігіне 5-тен 50 мг-ға дейін) қосымша тағайындауды көздейді.

В6 гиповитаминозы сирек кездеседі, пиридоксиннің антогонистерін, әсіресе изониазидті, сонымен қатар гидролазин, циклосерин, пеници- ламин және теразинамидті қабылдаған ересектерде пайда болады. Неврологиялық көріністері жиі симметриялық дистальды сенсомо- торлық полинейропатиямен, сирегірек эпилепсиялық үстамалар жэне энцефалопатия түрінде білінеді.

Емдеу. Изониазид қабьшдайтындарға күніне 50 мг В6 витаминін, ал В6 витамині тапшылығы симптомдары пайда болғанда 2 апта бойы күніне 100-1200 мг ішуге немесе бүлшық етке жіберуге пиродоксин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]