Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

1 Цереброваскулярлы аурулар.Жіктелуі.Қауіп факторы.Ми қан айналымының өтпелі бұзылысы,мидың созылмалы ишемиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.

Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут ,сағат өткен соң тегіс жойылады.Олардың пайда болуына кіші-гірім қан құйылулар,аздаған жібу ошақтары және гипертониялық криздер әсер етеді.Ми қан айгналысының өткінші бұзылымдары атеросклерозбен ,қант диабетімен,әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен,жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда ,қан тамырларының түрлі аномалиялары бар сырұаттарда жиі кездеседі.Ми қан айналысының өткінші бұзылу патогенезінде қан тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда болатын ми қан тамырларының кемшілігіне олардың патологиялық иірілулері мен бүгілулеріне,артерия қысымының тұрақсыздығына,ангиоспазмге жіне жедел жүрек қан тамыр жетіспеушіліктеріне аса мән беріледі.

Гипертониялық криздер-гипертониямен ауыратындарда кездеседі.Оған эмоционалдық стресстер,ауыр дене еңбегі,маскүнемдік және басқа да факторлар қозғау болады.

Патологиялық –анатомиялық өзгерістер мидың ісінумен , ми қан тамырларының қанға толуымен және микрогеморрагиялармен сипатталады.Гипертониялық криздің клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты жалпы милық симптомдар басым болады.Бастың шулауы,жүйесіз бас айналу,лоқсу кейде құсу тәрізді жалпы милық симптомдар байқалады.

Өткінші ишемиялық ұстамалар-көбінесе атеросклероз,артериялық гипертония немесе олардың қабаттасуы кезінде байқалады.Патологиялық –анатомиялық өзгерістер магистралдық қан тамырларының атеросклерозы мен ми тканіндегі аздаған ишемиялық инфарктер, кейде микроэмболиялар арқылы білінеді.

Клиникалық сипатында –қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптомдар басым болады.Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші немесе аяқтағы тұрақсыз парездер мен сезімдіктің бұзылғандығы арқылы білінеді.Вертебралды-базиллярлық жүйе арқылы қанмен қамтамасыз етілетін субтенториялық кеңістік пен жарты шарлардың артқы бөліктеріне орналасқан құрылымдарда болатын өткінші ишемиялық ұстамаларға синкопалдық жағдай бас айналу,тепе-теңдік бұзылу,атаксия,нистагм,кейде диплопия,гомонимдік гемиапсия тән.Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары көбінесе омыртқа мен негізгі артериялар жүйесінде,сирегірек ұйқы артериялары жүйесінде байқалады.Ұстамалар өту мерзіміне қарай ми қан айналысы бұзылымдарының ауырлық дәрежесі үшке бөлінеді:

-10 минуттан кейін қалпына келетін жеңіл бұзылымдар

-10 минуттан бастап,кейде бірнеше сағатқа созылатын,бірақ 24 сағат ішінде тегіс қалпына келетін орташа бұзылымдар.

-жеңіл –желпі ошақтық симптомдар түрінде 24 сағат өткенде сақталатын ауыр бұзылымдар.

Емдеу:5-10 күндей тыныштық жағдай болу керек .Аурудың пайда болу себептеріне қарсы және патогендік ем ретінде эуфиллин,стугерон,инстенон,қажет жағдайда гипотензивтік дәрілер тағайындалады.

2 Кемақылдылық (олигофрения)- әр түрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдылық құрсақ ішінде , босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігіне интелект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдылықта – интелект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдылықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік. Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін өзі күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциональды түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес. Имбецильділікте әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды, тек арнаулы мектептерде оқу мүмкін, сөздері жиі түсініксіз , ойлауы нақты.

Дебильділік кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқуды қажет етеді

16 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]