Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері

  • Науқастардың алдын-алу, диагностика, емдеу, оңалту шараларын жүргізеді.

  • Мамандандырылған, шұғыл дәрiгерлiк және басқа да медициналық көмектi қамтамасыз етеді; 

  • Науқасты жүргізу тактикасы.

  • Науқасты зерттеу жоспарын жетілдіру.

  • Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).

  • Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.

  • Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.

  • Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.

  • Денсалық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

  • Емізу. Шыңдау, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке даярлау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммундық алдын-алу сауалдары бойынша кеңес береді.

  • Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын ануқтау жұмысын жүргізеді.

  • Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.

  • Жүктілік диагностикасы, жүктілік барысын бақылау, экстрагенитальды патологияларды анықтау мен емдеу, босануға психикалық даярлау жұмысын жүргізеді.

  • Жүктілік пен босануға қарсы көрсетілімдерді анықтап, жүктілікті үзуге жолдама береді.

  • Босанғаннан немесе жүктілікті үзгеннен кейінгі әйелдердің реабилитациясын жүргізеді.

  • Науқастардың жұмысқа қабілетсіздігін анықтап, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.

  • Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санитарлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.

  • Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.

  • Ауруларды емдеу мен профилактикасының жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.

  • Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкер жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

  • Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.

Дәрігердің жоғары нәтижелі еңбегі – мейірбикемен өзара түсінусіз ойға сыймайды. орта мед.қызметкер БМСК ұйымдарының бірінші қатарында болуы тиіс, себебі, олар халыққа, отбасыларға, қоғамға барынша жақын келіп, қажетті медициналық қызмет көрсете алады.

3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері

  • Амбулаторлық қабылдау жүргізеді.

  • Науқастың мейірбикелік көмекке тапшылығын бағалалау(мейірбикелікдиагноз), науқастарды зерттеу, емдеу,күту жаспарын құрып, емнің нәтижелілігін, жалпы жағдайының динамикасын бағалап, деректерді ауру тарихына белгілеп, науқастардың күнделікті күтімін жүргізеді.

  • Науқастардың күтімін емдік-профилактикалық мекемеде немесе үй (патронаж) жағдайында орындайды.

  • Азаматтарға біріншілік медициналық көмек көрсетеді, соның ішінде экстремалды жағдайдағы дәрігерге дейінгі, паллиативті көмек.

  • Лабораторлық зерттеулерге алдамаларды алады, бөлімшедегі дәрілік кіріс-шығысты санап, дәрілердің есебін, сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.

  • Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді.

  • Науқастардың күтімін, дәрілерді ағза ішіне енгізілуін орындаумен қатар, науқасарды диагностикалық зерттеулерге дайындап, электрокардиография жүргізеді.

  • Науқастар мен олардың туысқандары арасында санитарлық-ағаттық жұмысты жүргізеді. Есеп-қисаптық медициналық құжаттарды толтырады.

  • Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.

  • Осылайша, дәрігер мен мейірбике – БМСК ұйымдарындағы медициналық қызметтерді көрсетудің барлық жүйесіне әсер ететін доминантты жұп.

Амбулаторлық-емханалық көмек - қозғалмалы медициналық кешендегі мобильді медициналық бригадамен, кеңес-диагностикалық пойыздармен климатгеографиялық жағдайлардың ескерілуімен, медициналық ұйымнан шалғайда орналасқан немесе жол қатынасы нашар елді мекендерге көмек көрсете алады.