- •С.М. Кабиева, а.Т. Туймебаева, с.У.Жунусова, н.Т.Абильдина, г.А.Алишева клиникаға кіріспе
- •Қарағанды 2015
- •Мазмұны
- •3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50
- •3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
- •4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Қазақстан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі
- •1.1 Медициналық көмектің түрлері:
- •1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері
- •2.1 Еам амбулаторлық түрі
- •3.1 Амск жүйесінің жұмыс принципі
- •3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері
- •3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
- •4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі
- •4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
- •4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
- •Мейірбикелік үрдіс
- •1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
- •1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
- •Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар
- •1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау
- •1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
- •1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •1.1 Аіж қоздырғыштары және таралу жолдары
- •Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
- •1.3 Аіж пайда болуына әсер ететін факторлар
- •1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
- •1.5 Аіж жататын аурулар
- •1.6 Аіж алдын-алу
- •2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
- •2.2 Қызметкердің гигиенасы
- •2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
- •Қол деконтаминациясының мақсаты:
- •2 Сурет.
- •3.1 Дезинфекцияның түрлері:
- •Дезинфекция әдістері:
- •3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
- •3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
- •3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
- •3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
- •3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
- •Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
- •Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары
- •3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
- •Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; Формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.
- •3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
- •4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (мтқ) деконтаминациялау кезеңдері
- •6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
- •4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері
- •1.2. Физикалық (суық):
- •3. Газды
- •4.3 Стерилизацияның булық әдісі
- •4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
- •4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері
- •5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
- •Б классты қалдықтарды құрайды:
- •В классты қалдықтарды құрайды:
- •Г классты қалдықтарды құрайды:
- •Д классты қалдықтарды құрайды:
- •5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері
- •6.1 Емдеу-қорғау режимі
- •Аураханадағы күн тәртібі
- •6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі
- •6.3 Биомеханика туралы түсінік
- •6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
- •Сурет 10. Жедел жәрдем автокөлігі
- •6.5 Зеңбілмен тасымалдау
- •6.6 Орындық - арбамен тасымалдау
- •Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі
- •6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері
- •6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу
- •Функционалды жағдайды бағалау
- •Ес жағдайы
- •Кесте 5. Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
- •Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
- •Дене салмағын өлшеу
- •Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- •Кеуде шеңберін өлшеу
- •Дене салмағының индексі
- •Vmede.OrgСурет 42.
- •Vmede.OrgТемпературалық қисық типтері
- •Сынапты термометр
- •Сандық немесе электронды термометр
- •Инфрақызыл термометр
- •Терможолақтар
- •Білезік артериясында пульсті тексеру
- •Пульстің қасиеті
- •Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
- •Артериалды қысымды өлшеу әдістері
- •Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
- •Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.
- •1.1.Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау
- •Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
- •1.2 Шашты қысқарту
- •1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру
- •Механикалық әдіс
- •Физикалық әдіс
- •Химиялық әдіс
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
- •2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
- •2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
- •Ойық жаралардың алдын-алу
- •2.7 Төсекте аяқты жуу
- •2.8 Тырнақ күтімі
- •2.9 Ауыз қуысы күтімі
- •Құлық тығындарын алу
- •2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
- •Науқастарды тамақтандыру
- •М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы
- •Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, а, с және в тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.
- •Стандартты диета жүйесі
- •4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
- •4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
- •Dic.Academic.Ru www.Vozrasta.NetСурет 84
- •4.2 Жасанды тамақтандыру
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.
Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.
Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.
Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.
Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сурет 57 а).
Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сурет 57 б).
insultu-net.ru
Сурет 57.
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру
а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.
2. Жастықтан тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.
3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.
4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.
6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.
8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.
9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.
10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.
12.Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.
13.Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
14.Қолғапты шешеміз
15.Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.
2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.
4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.
6.Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі).
7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.
8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.
9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып тазаны жаямыз.
10. Науқас аяғын түсіреміз.
11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.
12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
13. Қолқапты шешеміз
14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.