Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі

Сыртқы ортадан инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою биологиялық табиғи (микроб-антагонист көмегімен) заттар арқылы қатаң спецификалық тағайындалады. Олар негізінен суармалы алаңдар және филтрациядағы іркінді суларды, қоқыстар және қалдықтарды – компостарда, биотермиялық камераларды және т.б. зарарсыздандыру мақсатында тиімді. Стационарлық жағдайда биологиялық дезинфекциялық заттарға сыртқы орта нысандарының профилактикасы аурухана ішілік инфекцияларда, стафилококктармен, көк іріңді таяқшалармен және т.б бактериофагтармен өңдеу жатады.

Дезинфекцияның комбинирленген әдісі- айтылған бірнеше әдістердің қосындысынан тұрады.

  1. Стерилизация

Ота жасау бөлмесі, босану залдары, инфекциялық бокстарда, ағзасы трансплантацияланған науқастардың орналасқан бөлмесінде, шала туған нәрестелер кювездерінде асептикалық тәжірибе жіті қолданылады.

Асептика – емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика – медициналық қолданыстағы бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын қарастырады.

Антисептика – зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үрдісті қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б.

Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, сондықтан, профилакикалық маңызды иемденеді.

Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.

Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде және операциядан кейінгі іріңді асқынулар профилактикасында, гепатит В, АИТВ - инфекциясы және іріңді ауруларда маңызы зор.

Барлық медициналық бұйымдар мен құралдар стерилизацияланады дренаждар, шприцтер, таңатын материалдар, жара бетімен қатынасқа түсетін,қан және инъекциялық препараттар, сонымен қатар экспулатация процесінде шырышты қабықшамен қатынасатын және оның зақымдануын тудыру мүмкін, операция бөлмесінің ауасы, хирургтың қолы және операциялық мейірбикенің қолы зарарсыздандырылады.

Медициналық аспатар және медициналық тағайындау құралдарын (МТҚ) адам организмімен байланысу дәрежесі және пациенттің инфекцияны жұқтыру қауіпі бойынша үш топқа бөледі:

  • шұғыл МТҚ – адам қанымен немесе қуыстар, тінімен тікелей байланыста болған аспаптар және құралдар;

  • жартылай шұғыл МТҚ – зақымдалмаған шырышты қабаттармен байланыста болған аспаптар мен құралдар;

  • шұғыл емес МТҚ – интакты тері жамылғысымен байланыста болған күту құрылғылары, аспаптар мен құралдар.

Шұғыл МТҚ міндетті түрді стерилизацияланады, ал жартылай шұғыл – жоғарғы және орта деңгейде дезинфекцияланады, шұғыл емес – орты және төменгі деңгейде дезинфекцияланады.

Медициналық тағайындау құралдарының деконтаминациясы (өңделуі) үш кезеңнен тұрады:

  • дезинфекция

  • стерилизация алдындағы өңдеу

  • стерилизация