Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі

Медициналық қалдықтарды 5 классқа іріктейді және жинайды, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті қалдықтарды алдын-ала залалсыздандырып, термиялық әдіспен жояды.

А классты қалдықтарды құрайды:

1) әкімшілік-шаруашылық бөлмелері;

2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;

3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;

4) аурухана айналасы.

А классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге) жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.

  • Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.

Б классты қалдықтарды құрайды:

1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;

2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;

3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;

4) патологиялық-анатомиялық бөлімдерінде;

5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;

6) виварияда.

Б классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар, гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда, тампондар, таңатын материалдар, бұраулар, астына салатын жаялықтар, науқастардың қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға (темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы байлануы керек;

  • Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және залалсыздандырмай бірден ҚУҚ салынуы керек;

  • Биологиялық және патологиялық-анатомиялық қалдықтарды қақпағы тығыз жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;

  • Клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораториядағы биологиялық қалдықтар темір (пластикалық) ыдысқа немесе бикстерге жинауы қажет;

  • Сот-медициналық экспертиза және вивария мекемелеріндегі биологиялық қалдықтарды пластикалық немесе су өтпейтін қаптарға (пакеттер) жинап, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға (темір, пластмас) салынуы қажет;

  • Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу, канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.

В классты қалдықтарды құрайды:

1) аса қауіпті және карантинді инфекциямен ауыратын науқастар бөлімшесі;

2) 1-2 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін лаборатория;

3) микологиялық клиника(бөлімше);

4) анаэробты инфекциялы науқастар бөлімшесі.

Вклассты қалдықтарды жинау ережелері:

  • В классты қалдықтарды бір рет қолданатын жұмсақ орамаға жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп реттік ыдыстарға (темір, пластикалық) немесе 1-2 патогенді қоздырғыш топтарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника шараларын қолдана отырып, бір реттік арнайы контейнерге салу. Бір реттік пакеттер төрттен үш бөлігіне толғанда аузы байлануы керек.

  • Микробиологиялық өскіндер және штамдар, вакциналар бір рет қолданатын тығыз герметикалық орамаға жиналуы қажет.

А, Б, В класс қалдықтары 3-тәуліктен артық сақталмауы керек.