Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.

Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін- өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).

Кесте 7.

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Ауаға

Кереует бас жағын көтеру, науқасқа Фаулер қалпын беру.

Науқасты үйрету:

- жөтелу, тыныс алу жаттығулар техникасын;

- тұншығу ұстамасында өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін;

- ингаляторды өзбетінше қолдануды.

Тағамда

Науқас тамақтануында көмектесу.

Науқасты адекватты тамақтануға үйрету.

Диетаны сақтауға науқасқа және оның туыстарына кеңес беру

Сұйықтық қабылдауда

Науқасқа ішуіне көмектесу.

Қажетті сұйықтық мөлшерімен қамтамасыз ету

Өмір қажеттіліктерінің өнімдерін бөліп шығару

Науқастың судномен және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. Науқасты және туыстарын памперсті, судноны, зәр қабылдағышты қолдануды үйрету.

Үлкен және кіші дәретке отырған кезде науқас қауіпсіздігін жіне жекеленуін қамтамасыз ету

Ұйқыда

Жайлы ұйқыға жағдай жасау.

Ұйқы бұзылысының себебін анықтау.

Ұйқыны реттейтін дағдыға науқасты үйрету (ұйқы алдында серуендеу)

Науқасты күн тәртібін құрастыруға, дем алуға үйрету.

Қозғалыста

Адам жағдайына қозғалыс шектелуінің әсерін анықтау.

Науқас және туыстарын төсектегі қозғалыс және ЕДШ әдістеріне үйрету.

Төсектен тұру, балдақпен немесе таяқпен жүру әдістерін үйрету (қозғалуға рұқсат бар кезде).

Жанасуда

Науқаспен сөйлесе отырып оны қолынан ұстау, жастығын және көрпесін түзеу.

Науқас жақындарына оны жиі құшақтауына кеңес беру

Кесте 8.

Науқастың қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Сенімділікте

Кереуетті максимальді төмен деңгейге түсіру.

Мейірбике немесе туыстарының көмегімен тұруына және қозғалуына нұсқау беру.

Науқасты жүру кезінде таяқпен жүруге үйрету

Қорғаныста

Қоршаған ортаның қауіпсіздігінің науқас жағдайының әсер етуінің сыртқы факторларға тәуелділігін анықтау.

Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қолдайтын шараларға науқасты және туыстарын оқытып үйрету.

Шешілмейтін мәселелерге науқасты адекватты шешім қабылдауына көмектесу.

Паналықта

Стационардан шығарар алдында науқастың үйі бар екендігіне көз жеткізу.

Егер науқас панасыз болса мүгедектер немесе қарттар үйіне жіберуге әрекет жасау

Киімде

Киім таңдауда науқастың физикалық және сана-сезімдік қабілетін анықтау

Науқасқа киім киюіне және шешуіне көмектесу.

Науқастың өз бетінше киініп және шешінген сіттерін мадақтау.

Кесте 9.

Науқастың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Мақұлдауда

Науқастың өздігінен күтімін жүзеге асыруына деген тілегін, мақсатын және жетістіктерін мадақтау

Түсінуде

Науқаспен қатынасу әдісін таңдау.

Науқасты тыңдау, қызығушылық таныту, мәселесіне зейін бөлу, жан ашу

Бауыр басу мен махаббатта

Науқастың жағдайына байланысты туыстарына зейін мен махаббаттың, қамқорлықтың қажеттілігі мен орнын айту .

Отбасында

Науқасқа тез жазылуын және оған оның да қатысуын айтып, түсіндіру

Туыстары мен достарына қоңырау шалуына көмектесу.

Кесте 10.

Науқастың өзіндік сыйлау мен сыйластық қажеттіліктерін

қанағаттандыру кезіндегі көмек

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Сыйластықта

Әлеуметтік жағдайына тәуелсіз науқасты аты-жөнімен атау

Науқасты толғандыратын мәселелер науқас үшінде жіне Сіз үшін де аса қажет екендігін түсіндіру.

Өзіндік сыйластықта

Науқасқа қиындық туғызған және оны орындаған іс-шараның маңыздылығын науқасқа айтып түсіндіру

Жетістікте

Іс-шараны орындаған жетістікті орындағаннан кейін науқасты және туыстарын мадақтау, жетістігімен бөлісуге мүмкіндік беру

2.5 Тері күтімі

Адам терісі бірнеше қызметті атқарады:

  • қорғаныштық (механикалық зақымнан, микроорганизмдердің және токсикалық заттардың сыртқы ортадан енуінен қорғайды);

  • аналитикалық (терінің сезімталдығы);

  • терморегуляторлы (тәулігіне дені сау адамда тер бөліну арқылы жылудың берілуі 20% құрайды, ал қызбасы бар науқастарда – едәуір көбірек);

  • бөліп шығару (тері арқылы, оның тері бездері суды, мочевинаны, зәр қышқылын, натрий, калий және т.б. заттарды бөліп шығарады).

Тыныштық кезінде қалыпты дене температурасында 1 л жуық тер тәулігіне бөлінсе, ал қызбасы бар науқастарда 10 л және одан да артық бөлінеді. Тері арқылы газ алмасу күшейіп, бұзылған зат алмасу өнімдері бірнеше ретке өседі, ол тер бөліну кезінде теріде қалып, треніні бұзады. Терінің кірлеуі оның қорғаныштық қасиетін, қалыпты микрофлорасын бұзып инфицирленуге жағдай туғызады. Сондықтан науқастың жеке басының гигиенасында дене тазалығы басты рөл атқарады.

Жалпы режимдегі науқастар өз беттерінше 7 күнде бір рет ванна немесе душ қабылдай алады. Төсек немесе қатаң төсек режиміндегі науқастарға ванна қабылдау және душ алу жағдайының ауырлығына байланысты және асқынулардың даму қаупіне сай қарсы көрсеткіш болып табылады. Бірақ, мұндай науқастардың терісінің гигиенасын сақтау және терісінің күтімі мұқият жүзеге асырылуы тиіс.

Төсек режиміндегі науқастарды жуындыру және қолын жуу күнделікті жүргізіледі. Бетін, мойнын, денесінің жоғарғы бөлігін күнделікті, ал қолдарын  — әр тамақтанған сайын жуады.

Теріні ылғалды сүрту

Теріні ылғалды немесе дезинфицирлеуші ертіндімен сүртеді, мысалы, одеколонмен, 10% камфор спиртінің ертіндісімен, тағам сірке қышқылымен, су және спирт бірдей бөліктерінің ертіндісімен. Алдымен бет терісін, құлақ артын, содан кейін мойнын, арқасын, қолтық астын және кеуде қуысын сүртеді.

Ылғалды сүртінуді өткізу үшін мына жабдықтар қажет: клеёнка, жайма, астауша, жылы су, сірке немесе камфор спирті, майлықтар, орамалдар.

Іс-шараның орындалуы:

1. Науқасты клеёнканың үстіне салынған жаймаға жатқызамыз.

2. Алдын ала дайындалған астаушаға жылы су құйып, оны мына пропорцияда спиртпен араластырамыз (немесе алма сірке суымен): 1 ас қасық 1 литр суға.

3.Алынған ертіндіде майлықты матырып алып науқастың жоғарғы дене бөлігін сүртеміз, мұны бетінен және мойнынан бастап, қолдарымен, арқасымен және кеудесімен аяқтаймыз.

4. Науқастың тазарған дене бөліктерін құрғатып сүртеміз.

Ерекше зейінді шат аралық аймағының, қолтық асты аймағының, ал әйел адамдарда – сүт бездерінің астының терісіне аударған жөн. Салмағы артық әйел адамдарда ерекше зейінді кеуде асты қатпарларына аудару қажет, себебі баздану жиі дамиды. Жылы сумен мұқият жуғаннан кейін құрғатып, ұнтақ себеміз.

Терісі зақымдалған науқастарда инфицирленудің алдын алу мақсатында күтімді сақтықпен жасаймыз.

Теріде жедел іріңді қабынуы бар науқастарға дәкені – ылғалды, кебу байламдарын саламыз. Ылғалды кепкен байлам емдік ертінділерге малынған  5-6 қабатты дәкеден тұрады; оны теріге қойып, гигроскопиялық мақтаның жұқа қабатымен жабады және дәкемен бір-екі рет бекітеді, байламды 3-4 сағат сайын ауыстырады. Араласқан «быламық» қоспасын теріге тәулігіне 2 рет дәке-мақталы тампонмен жағады. Жақпаларды тікелей теріге немесе жұмсақ тінге жағып, жеңіл бекітеді.