Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.2 Қызметкердің гигиенасы

Медициналық қызметкердің жеке бас гигиенасының кердеңдігін қайта бағалау қиын. Жеке бас гигиенасының ережесіне: күнделікті душ немесе ванна, халаттың және басқа жеке киімдердің жуылуы; ауыздың және мұрынның (бірреттік масканы киюі) қорғануы; адамдар жанында тұрған кезде жөтелгенде және түшкіргенде басты басқа жаққа бұру, қолды жуу.

Стационарда қызмет атқарушы персонал ауысымды жұмыс киімін: халат (хирургиялық костюм), қалпақ, бір реттік қолғаптар, маскалар пайдалуы қажет. Медициналық киімнің аймақтары жеке киімді толықтай жабуы тиіс. Шаштың барлығы толықтай қалпақпен жабылуы тиіс. Ауысымды аяқ киім тоқусыз материалдан, дезинфекция үшін жетімді, ыңғайлы және шусыз (биік өкшесіз) болуы керек. Жұмыс орнында шәркейлерді киюге рұқсат етілмейді. Макияж барынша табиғи болуы қажет. Барынша ароматталған дезодарантпен және әтірді пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар науқастарға аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін. Медициналық қызметкерден жағымсыз киім, темекінің иісі шықпау керек.

Инфекциялық науқастарды тексеріп жатқан қызметкер жұмысқа келгеннен соң жеке киімін шешіп, санитарлық нормамен қаралған жұмыс киімін және аяқ киімін киюі керек. Жұмысты аяқтағаннан соң санитарлық өткізілімдегі өңдеуден (душ қабылдау) өтуі керек. Үй киімін және арнайы киімді бөлек – бөлек шкафтарда сақтау керек. Халаттың ауысуы, қалпақтың (жаулықтардың) аптасына 2 реттен өндірілуі керек. Жұмыс киімнің науқастардан ластануы кезінде тез арада ауыстырылуы тиіс. Шаруашылық қызметкерлер (шаруашылық меңгерушісі, сантехник, столяр және т.б.), бөлімшеге кірерде санитарлық халат киюі, шығарда бөлімшеде қалдыруы қажет.

Емделушінің санитарлық өңдеуінде, асхананы тазалауда, медициналық, дәріханалық ыдыстың, сонымен қатар горшоктарды және судноларды өңдегенде резенкелі алжапқыш кию керек. Ауруды тасымалдар кезінде, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырарда, жұмыскерлер (медбике, санитар) өзінің халатының үстінен 2 – ші халатты киюі тиіс, себебі науқасты ауыстырарда халат дезинфекцияға тапсырылады.

Қызмет атқарушы жұмысшыға тиым салынады:

  • аурудың кереуетіне отыруға;

  • бөлімшеге немесе жұмыс орнына арнайы киімсіз келуге;

  • арнайы жұмыс киімімен инфекциондық бөлімшеден шығуға немесе жұмыс киімнің үстінен басқа киім киюге, қандай жағдайда болсын арнайы киімді үйге әкетуге;

  • асханада немесе буфетте арнайы жұмыс киіммен тұруға;

  • ауруларға арналған әжетхананы пайдалануға, науқасқа қатысты ыдыстарды немесе басқада заттарды пайдалануға;

  • тамақты палатада, дәлізде немесе зертханаларда пайдалануға;

  • палатада, дәлізде немесе зертханада темекі тартуға;

  • бір бөлімшеден басқа бөлімшеге немесе палаталарға еш себепсіз кіруге.

2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)

Қол деконтаминациясы – АІЖ алдын-алуға арналған ең маңызды іс –шара. Қолдың тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы.

Қол деконтаминациясының мақсаты:

1 –ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою;

2 –пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;

4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату.

Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін және орындағаннан кейін, бөлімені тазалағаннан кейін, іш –киімді ауыстырғанда, әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс.

Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.

  • Әлеуметтік деңгей (қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздандырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғанна соң өткізіледі.

Қолды өңдеудің ережелері. Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар сабынданады, кейін жылы ақпа сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланғанда немесе қолды ысқылағанда тері ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс.

  • Гигиеналық деңгей – қолды жуу үшін зарарсыздандырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, организмдегі биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.

Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.

Қолды жуу үшін (механикалық тазалау) шиша ыдыстағы мөлшерленген сұйық сабынды бір реттен көп пайдалануға болады. Сабынды мөлшерленген шиша ыдысқа құюға болмайды. Егер сабын тілімдері пайдаланса, онда олардың кішкентай үзіңділерін пайдалану керек, басқа үзіңділері ұзақ уақыт дымқыл жерде қалып қоймауы қажет, себебі микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік жасамау үшін. Арнайы сабын салғышты қолдану тиімді, себебі басқа уақытта қолды жуу үшін сабын кеуіп тұру тиіс.

ekoline.com.ua

Қолды өңдеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар еуропалық EN-1500 стандартына сай келуі шарт. Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанылады. Қолдардың өңделуі 30 секундтан 1минут уақыт арлығында орындалады (1-сурет).

1-сурет.

Қолды гигиеналық өндеу

Қолды қағаз сүлгімен кептіру керек, сосын кранды жабамыз. Егер қағаз сүлгілер болмаса онда оның орнына таза мата тілімдерін шамамен мөлшері 30 х 30 см жеке қолдануға болады. Әрбір қолданылып болған сүлгілерді қайта тазалаудан өткізу үшін арнай қойылған контейнерлерге тастау керек. Электр құрғатқыштар тиімсіз, себебі теріні аса жай кептіреді.

Механикалық өңдеуден кейін (екі рет сабындап және шаю) қолдың жалғауына аз дегенде 3 мл зарарсыздандырғыш жағылады. Қолды гигиеналық дезинфекциялау кезінде препараттар қолданылады, яғни құрамында зарарсыздандырылған детергенттер болады, сонымен қатар қолды спиртпен дезинфицирлейді (адекваттық шарттың қолды жууға немесе қолды жуу үшін арнайы уақыттың болмағандығынан). Зарарсыздандырылған сабынды немесе детергенттерді қолданған кезде қол ылғалданады, содан соң теріге 3 мл құрамында спирт бар препаратпен безейді (мысалға, «Исосепт», «Спитадерм», «АХД-2000 специаль», «Лизанин», «Биотензид», «Манопронто»), толық кепкенге дейін теріге ұқыпты сіңеді (қолды сүртуге болмайды).

Персонал қолына сақина тағудан немесе тырнағына лак жағудан сақтануы керек, себебі сақина мен жыртылдақ лак қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Маникюр (тырнақтың төсегінің облысындағы айрықша айлалы әрекеттер) кіші жарақаттарға әкелуі мүмкін, себебі ол жеңіл инфицирленеді. Қолды жууға арналған жабдықтар аурухананың шекарасында ыңғайлы орналу керек. Дербес жағдайда, диагностикалық немесе емдеу өткізілетін бөлмеде, әр бөлмеде және бөлмеден шығарда тікелей емес орналасады.

  • Хирургиялық деңгей – әр хирургиялық қабаттасушылықта өткізіледі, емделушінің терідегі жабынның тұтастығының бұзушылығымен жүргізіледі, микроорганизмдердің операциялық жараға немесе операциядан кейінгі инфекциялық қозуға әсер етуін алдын – алу үшін жүргізіледі.

Қолды өңдеудің ережелері:

  1. Жоғарыда жазылғандардың механикалық өңдеуден айырмашылығы, хирургиялық өңдеуге білекті тазалау кіреді (2 сурет), кептіру үшін стерилді майлықтар пайдаланылады, ал қолды жуу кем дегенде 2 минутқа созылады.