Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Сандық немесе электронды термометр

Электрондытермометр -қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы.Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау, өлшеу уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін ауыстыратын ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электрондытермометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді(сурет44).

irecommend.ru

Сурет 44

Электрондытермометр

Артықшылығы:

  • Қолдануда қауіпсіздігі:бұл қызуөлшегіште сынап болмағандықтан, сындыру мүмкін емес.

  • Температураны өлшеу нәтижесін оқу оңай.

  • Температураны өлшеууақыты өте қысқа,барлығы30–60 секунд.Температураны қолтық астында өлшеу уақыты 1,5–3 минутұзарады.

  • Белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі өшеді.

  • Жарығы бар термометрлерді қараңғы кезде де қолдануға болады.

  • Барлық кәзіргі үлгілерінде соңғы өлшеу тарихын сақтайтын есте сақтау қызметі бар (1-ден25-ке дейін ).

  • «Цельсий-Фаренгейт» өлшеу ауыстыру шкаласы бар.

  • Өте көп әртүрлі үлгіде, әртүрлі пішінде және ашық түсте немесе емізік түрінде болады, икемді жарақаттамайтын ұштықтары болады.

Жетімсіздігі:

  • Көптеген үлгілерді, әсіресе арзан тұрмыстық үлгілерін жууға, залалсыздандыруға болмайды.

  • Кезеңді түрде батарейін ауыстырып отыру керек.

  • Сынаптытермометрлермен салыстырғанда электрондытермометрлердің бағасы қымбат тұрады.

Инфрақызыл термометр

Бұлтермометр түрлері жақында пайда болса да, халық арсында тез арада сұранысқа ие болды. Инфрақызыл термометр жұмысының принциптері: аса сезімтал өлшейтін элемент адам денесінен бөлінетін инфрақызыл сәуле мәліметтерін түсіріп, біз үйренген температуралық диапазонда сұйық-кристалды құрылғыда көрсетеді. Кейбір термометрлерде экранға жарық түсіру қарастырылған, ол түнгі уақытта алынған мәліметтерді қарауға көмектеседі (сурет 45).

goodideaz.ru

Сурет 45.

Инфрақызыл термометр

Артықшылығы:

  • Электрондытермометрлердің барлық негізгі қызметтері бар(өлшеуді есте сақтау,дыбыссигналдары,өзі өшу жәнет.б.).

  • Температураны өте тез өлшейді(барлығы5–30 секунд).

  • Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция жәнегигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.

  • Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді.

Жетімсіздігі:

  • Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін.

  • Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай,құлақ,самай).

  • Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді.

  • Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін.

  • Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді.

  • Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған жағдайлары болғандығы мәлім.

  • Қымбат тұрады.