Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Қазақстан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі

  1. Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері

Денсаулық сақтау жүйесі – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылады.

Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін юристтік тұлғалардың қызметін қамтиды.

1.1 Медициналық көмектің түрлері:

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

  2. Біліктілікті медициналық көмек;

  3. Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;

  4. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

  5. Медициналық - әлеуметтік көмек.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.

Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.

Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «түрлі мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда профильді мамандармен жүзеге асырылады.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда профильді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).

Медициналық-әлеуметтік көмек – әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға профильді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы вирусты үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В, С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар.балалардың церебральды сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.

1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері

Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностткалық көмек.

2) стационарлық көмек;

3) стационар алмастырушы көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитарлық авиация;

6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;

7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация;

8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім;

9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медикалық көмекті қамиды:

1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;

2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;

3) санитарлық-ағарту жұмысы.

АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.

Кеңес-диагностикалық көмек – тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

Стационарлық көмек – тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үрдісін қамамасыз етеді.

Стационар алмастырушы көмек – жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үрдісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.

Жедел медициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдікер, республика аумағында мекен ететін азаматығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі. Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетіге тыйым салынады. 

Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталуы немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.

Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санитарлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім – дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.

Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еібегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.

Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.    

 

  1. Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері

Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.

Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-профилактикалық мекеме деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген генералды жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.

Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа Мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алып орнығуы қажет. ЕПМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.

ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, сационар аумағының 40%-ынан кем белмауы керек.

ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал сационарлық көмекті - 20%-ы қабылдайды.