Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2 Сурет.

Қолды өңдеудің хирургиялық деңгейі

Кептіргеннен кейін қосымша тырнақтық төсектер мен тырнақаралық үйінділер бірреттік стерильді ағаш таяқшамен, зарарсыздандырылған дымқыл ертіндімен өңделеді. Шөткелерді қолдану маңызды емес.

Егер бәрі бірде шөткелер қолданылса, онда әрқашан стерильді жұмсақ немесе автоклавтауға төзімді шөткелерді, сонымен қатар шөткелерді тек қана тырнақаралық үйінділер үшін немесе жұмыс ауысуының бірінші өңдеуіңде пайдалу керек.

  1. EN -1500- дің тізбектелген қатал қозғалысын сақтай отырып, механикалық өңдеуден кейін, кептірмей тұрып, қолдың жалғауларына 3мл-дей зарарсыздандырғыш жағылады («Оллсепт про», «Спитадерм», «Стериллиум», «Октенидерм» және т.б.), сосын ол теріге сіңеді. Теріге зарарсыздандырғыш жағу процедурасы кем дегенде 2 рет жүргізіледі, зарарсыздандырғыштың ортақ шығыны – 10 мл, процедураның толық уақыты – 5 минут.

  2. Стерильді қолғапты тек қана құрғақ қолға киеді. Қолғаппен жұмыс жасап жатқанда 3 сағаттық өңдеуден кейін басқа перчаткаға ауыстырып жұмыс жасау керек.

  3. Қолғаппен жұмыс жасап болғаннан соң қолды тағы да майлықпен сүртеміз, дымқыл теріні зарарсыздандырғышпен, сосын сабынмен жуып, жұмсартатын креммен ылғалдандырылады (3 – 4 сурет).

3-4 сурет.

Зарарсыздандырылған қолғаптардың дұрыс киілуі және шешілуі

Іс-шараның орындалуы:

1. Қолды өңдеу

2. Құрғақ, таза жерге қоды тигізбей зарарсыздандырылған буманы қою. Буманы ашу.

3.Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен

4.Сол қолдың үлкен және сұқ саусағын қолдана отырып, жиналған қолғап манжетінен бір дана қолғапты ақырын алып шығу (саусақтар қолғаптардың ішкі беткейіне жанаспауы қажет). Оң қол саусақтарын бүркеп, қолғапқа бяулап, енгіземіз.

5.Жиналған қолғап манжетін білезік сүйегі бойына ұстап тұрып, қолғапты бір қозғалыста кию.

6-7. Ішкі беткейіне жанаспай, сол қолдың қолғабын оң қолдың II, III, IV саусақтарымен аламыз.

8-10. Екінші қолғапты бір қозғалыспен сол қолға киіп, олардың бөгде бедерлермен жанаспауын қадағалау.

11. Екі қолғапты қиіп болған соң, саусақтардың ұшын жөндеу қажеттілігі туындаса, бірден жөндеп аламыз.

12-13. Бөгде бедерлермен жанасудан қашқақтай, екінші қолдың саусағын сырғытып, оң қол қолғабының манжетін оң қарату.

14. Қолғап киген қолымыз тек қана зарарсыз құралдармен немесе науқастың алдын-ала зарарсызданған дене бөлігімен қатынасуы қажет.

15-17. Сыртқы бетіне жанаса отырып, сол қол саусақтарымен оң қолғаптың манжетін ұстаймыз. Саусақтардың екінші фалангісіне дейін теріс қаратып, қолғапты шешеміз (толықтай шешпеу).

18. Сыртқы бетіне жанаса отырып, оң қол саусақтарымен сол қолғаптың манжетін ұстаймыз. Жартылай шешілген қолғаппен сыртқы жиегін саусақтардың ұшына жартылай тарта отырып, екінші қолғапты шешеміз.

19. Медициналық қызметкердің терісі қолғаптың тек қана ішкі бетімен қатынайтынының көзбе-көз дәлелі ретінде, толықтай сырт қаратып сол қолғапты шешеміз.

20. Қолғапты қоқыс жәшігіне тастау.

21. Қолды өңдеу.

Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіптердің негізгі элементтері дезинфекция және стерилизация болып табылады.

  1. Дезинфекция

Дезинфекция (залалсыздандыру ) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үрдісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады.