Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (мтқ) деконтаминациялау кезеңдері

1 кезеңМҚТ қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияланады

Дезинфекцияның үш режимі бар: Р-1, Р-2 и Р-3:

Р-1 (қарапайым) ішек бактерияларын және респиратолы вирустарды жоюға бағыттылған, дезинфекциялық құрал ретінде 1% хлорамин ерітіндісі немесе 1,5% гипохлорит кальций ертіндісі қолданылады (1 сағатқа).

Р–2 (күшейтілген) туберкулез және саңырауқұлақ микобактерияларын жоюға бағытталған, 5% хлорамин 6 сағатқа немесе 2,5% гипохлорит кальций ерітіндісі 4 сағатқа.

Р–3 (анаэробты) парентеральды вирустарды жоюға бағытталған (сіреспе), дезинфекциялау үшін 6% сутегінің асқын тотығы қолданылады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Арнайы киімді кию: халат, маска, қолғап.

2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау.

3. Дайындалған ыдысқа құю.

А) Бірінші ыдыста: қолданғаннан кейін медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру және жуу.

Б) Екінші ыдыста: медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру, ерітіндіге толығымен салып қою, ыдыстың қақпағын жауып бір сағатқа қалдырып қою керек, бір сағаттан кейін құрал-жабдықтарды ерітіндіден алып шығып, астаушаға салу.

4. Ағынды су астында медициналық заттарды бірнеше рет жуу.

5. Қолданылған дезинфиялық ерітіндіні канализацияға төгу.

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі

Сынапты термометрлер, медициналық

- 2% хлораминерітіндісіне 15 минутқа салып қоямыз.

- Ағынды сумен жуып, құрғақ жерде сақтау керек.

Металлдан жасалған шпательдер

1-ші әдіс. Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату, немесе 120° температурада 45 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.

2-ші әдіс. 180° температурада 60 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.

Кушеткалар

Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек.

Қайшылар

Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.

Пациенттерді жуындыратын мочалалар

Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату.

Құрғату.

Қауызды

- 3% хлорамин ерітіндісімен немесе басқа залалсыздандыру құралымен екі мәрте сүрту арқылы залалсыздандыру (немесе ваннаға 60 минутқа 1% хлорамин ерітіндісін құю).

- 100 см2- -ге ½ г жуғыш-дезинфицирлейтін немесе тазалағыш- дезинфицирлейтін заттармен сүрту, экспозициясы 5 минут.

- Ағынды сумен шайып жіберу.

Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер

- 5% хлорамин ерітіндісі мен жуу құралымен (жуу құралының 5г 1л хлорамин ерітіндісіне) қосылған сұйықтыққа 30 минутқа толық батыру

Бөлмелерді

- Өңдеу тәулігіне 2 рет 1% гидрохлорид ерітіндісі және 2% сабын-сода ерітіндісі арқылы орындалады.

Жинауға арналған құрал-жабдықтар

- 1% гидрохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батыру.

- Шаю, құрғату.

Аяқ-киім

- 25% формалин ерітіндісіне немесе 40% сірке қышқылы ерітіндісінде өңдеу.

- 3 сағатқа полиэтилен қалтасына салу.

- Иістің кетуіне дейін желдету.

Ысқыштар

- Дәретханада ысқыштарға арналған 2 ыдыс болуы керек. Оларды күніне 2 рет ауыстыру керек.

- Квачтар залалсыздандыру үшін 1,5% кальций гипохлоридіне салынады .

Судна (дәрет ыдысы)

- 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батырылу арқылы өңделеді.

- Шайылып, құрғақ жерде сақталады.

Жылытқыштар, мұзды мұйық, резенке дөнгелектер

- 0,5% гипохлорид ерітіндісімен екі мәрте сүртіледі.

- Ыстық су мен сабынмен жуылып, құрғатылады.

Клизмалық ұштықтар, катетерлер

1-әдіс. 1,5% гипохлоридерітіндісіне 1сағатқы батырылады.

2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылу немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу.

3-әдіс. Автоклавқа салу.

Төсек-орын

- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, кір жуылатын орында жуулу.

- Төсек-орынды камералық өңдеу.

- Төсек-орын жиналған қапты 1% гипохлорид ерітіндісінде салып қою.

Ыдыс

- Жуу-майсыздандыру 10 литр суға 200 г соданы 0,5% жууға арналған заттарды.

- Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерітіндісінде 30 минут. Қасықтар, шанышқылар –30 минут уақытта қайнату.

- Жуу-шаю ыстық ағынды суда.

Ыдысқа арналған ысқыш

- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.

- Залалсыздандыруға арналған ерітіндіге 1сағатқа батыру.

- Жуу, құрғату.

- «Таза ысқыш», «кір ысқыш» деп жазылған екі ыдыста сақтау.

Науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар

-1% гипохлорит ерітіндісіне малынған ветошьпен екі қайтара сүрту.

-Дистилльденген суда 30 минут уақытта қайнату.

2-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өндеу

Медициналық тағайындауға аранлаған құралардар дезинфекциядан кейін стерилизациялауға дейін өңдеуді қажет етеді — ақуыз, май, механикалық кірленуден, сонымен қатар дәрі қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Стерилизацияның алдында тазалау кезінде барлық құралдар бөлшектенген түрде ерітіндігі батырылады. Барлық заттар ерітіндігіе толығымен батырылуы керек

Ем-шараның орындалуы:

1. Жууға арналған ерітінді дайындау: 17 мл 27,5% су тегінің асқын тотығы ерітіндісін, 978 мл суға, 50°С дейін жылыту.

2. Ершпен шөткемен әр-бір құрал-жабдықты өндеу жууға арналған суда 30 секунд уақытта, жууға арналған суды каналдар арқылы жіберу.

3. Құрал-жабдықтарды лотокқа салу.

4. Әр-бір затты ағын судың астында 30 секунд уақытта жуу, суды құрал-жабдықтар аралықтарына жіберу. Астаушаға салу.

5. Құрал-жабдықтарды дистильденген суда жуу.

6. Құрғақ ыстық шкафта 85°С температурада дымқылдықты түгелімен кеткенге дейін құрғату.

Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы дайындау және дезинфекциялау сапасын биологиялық және химиялық анализдердің нәтижесі бойынша бағалайды. Зарарсыздандырылудың алдындағы өңдеудің сапасының тексерілуі азопирам және фенолфталеин сынамалары қолданылады.

Азопирам сынамасы өнімдердің қаннан таза жуылуын тексеру үшін орындалады.

Іс-шараның орындалуы:

  1. 1% азопирам жұмыс ерітіндісін дайындап, 3% сутек асқын тотығының ерітіндісімен бірдей мөлшерде араластыру

2. Қан жұғындысы бар шыныға бірнеше тамшы тамызып, жұмыс ерітіндісінің белсенділігін тексеру. Егер реактивтің түсі өзгерсе, онда реактив «жұмыс істейді»

3. 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін тамшуырмен жабдықтың қуысына, қысқыш бұрандаға, биологиялық сұйықтықтармен жанасу орынтарына түсіру

4. 0,5-1 минут ұстау

5.Сынаманы оқып шығу:

  • қызғыл- күлгін түс қан қолданылғанда пайда болады

  • қоңырқай түс ашытқы, тот, кір жуу ұнтағы, хлорлы дезинфекцияландыру жабдықтары қолданылғанда пайда болады

6. Сынаманың оң нәтижесінде құрал-жабдықтардың барлығы қайта тазартудан өтеді

7. Сынама нәтижесін есепке алу журналына жазу

Фенолфталеин сынамасы медициналық құрал-жабдықтарды жууға арналған ерітіндіден тазарту сапасын тексеру үшін жасалынады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Құрал-жабдықтың сыртына 1% фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін жағу.

2. Құрал-жабдықты мақтаның үстіне ұстау, реактивтің түсін бақылау.

3. Нәтижесін 2- минут аралығында бағалау.

  • Теріс сынама кезінде реактивтің түсі өзгермейді.

  • Оң сынама кезінде реактив түсі қызғылт түстен ал қызыл түске дейін өзгереді.

Стерилизация алдындағы тазалау сапасын бағалау күнделікті жүргізіледі. Бағалау жүргізіледі: стерилизациялық бөлімшеде – бір кезекте өңделген әр заттың 1%-ы, орталықтандырылған өңдеу кезінде бір кезекте өңделген әр заттың – 1%-ы, бірақ үш бірліктен кем емес. Бағалау қорытындысы журналды тіркеледі.

Стерилизация - әртүрлі әдістермен жүргізіледі — қысым астындағы бумен, құрғақ ыстық ауамен (кептіргіш шкаф), газбен (этилен тотығы, бромисты метил), химиялық заттар ерітіндісімен, радиоактивті сәулемен. Стерилизация әдісін таңдау, стерилизация нысанының ерекшелігіне және сол әдіске байланысты. Қойылған стерилизация уақытына байланысты барлық патогенді, сапрофитті, сонымен қатар споралы микроорганизмдер жойылуы керек, таңдалған әдістер, құралдар және тәртіптер сыртқы түрінің, мықтылығын, экспулатациялық сапасының және басқа стерилизацияланатын заттардың құрамының ауытқуын тудырмауы керек.