- •С.М. Кабиева, а.Т. Туймебаева, с.У.Жунусова, н.Т.Абильдина, г.А.Алишева клиникаға кіріспе
- •Қарағанды 2015
- •Мазмұны
- •3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50
- •3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
- •4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Қазақстан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі
- •1.1 Медициналық көмектің түрлері:
- •1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері
- •2.1 Еам амбулаторлық түрі
- •3.1 Амск жүйесінің жұмыс принципі
- •3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері
- •3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
- •4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі
- •4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
- •4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
- •Мейірбикелік үрдіс
- •1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
- •1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
- •Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар
- •1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау
- •1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
- •1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •1.1 Аіж қоздырғыштары және таралу жолдары
- •Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
- •1.3 Аіж пайда болуына әсер ететін факторлар
- •1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
- •1.5 Аіж жататын аурулар
- •1.6 Аіж алдын-алу
- •2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
- •2.2 Қызметкердің гигиенасы
- •2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
- •Қол деконтаминациясының мақсаты:
- •2 Сурет.
- •3.1 Дезинфекцияның түрлері:
- •Дезинфекция әдістері:
- •3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
- •3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
- •3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
- •3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
- •3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
- •Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
- •Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары
- •3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
- •Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; Формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.
- •3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
- •4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (мтқ) деконтаминациялау кезеңдері
- •6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
- •4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері
- •1.2. Физикалық (суық):
- •3. Газды
- •4.3 Стерилизацияның булық әдісі
- •4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
- •4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері
- •5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
- •Б классты қалдықтарды құрайды:
- •В классты қалдықтарды құрайды:
- •Г классты қалдықтарды құрайды:
- •Д классты қалдықтарды құрайды:
- •5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері
- •6.1 Емдеу-қорғау режимі
- •Аураханадағы күн тәртібі
- •6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі
- •6.3 Биомеханика туралы түсінік
- •6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
- •Сурет 10. Жедел жәрдем автокөлігі
- •6.5 Зеңбілмен тасымалдау
- •6.6 Орындық - арбамен тасымалдау
- •Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі
- •6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері
- •6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу
- •Функционалды жағдайды бағалау
- •Ес жағдайы
- •Кесте 5. Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
- •Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
- •Дене салмағын өлшеу
- •Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- •Кеуде шеңберін өлшеу
- •Дене салмағының индексі
- •Vmede.OrgСурет 42.
- •Vmede.OrgТемпературалық қисық типтері
- •Сынапты термометр
- •Сандық немесе электронды термометр
- •Инфрақызыл термометр
- •Терможолақтар
- •Білезік артериясында пульсті тексеру
- •Пульстің қасиеті
- •Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
- •Артериалды қысымды өлшеу әдістері
- •Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
- •Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.
- •1.1.Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау
- •Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
- •1.2 Шашты қысқарту
- •1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру
- •Механикалық әдіс
- •Физикалық әдіс
- •Химиялық әдіс
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
- •2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
- •2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
- •Ойық жаралардың алдын-алу
- •2.7 Төсекте аяқты жуу
- •2.8 Тырнақ күтімі
- •2.9 Ауыз қуысы күтімі
- •Құлық тығындарын алу
- •2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
- •Науқастарды тамақтандыру
- •М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы
- •Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, а, с және в тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.
- •Стандартты диета жүйесі
- •4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
- •4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
- •Dic.Academic.Ru www.Vozrasta.NetСурет 84
- •4.2 Жасанды тамақтандыру
3.1 Дезинфекцияның түрлері:
алдын-алу (профилактикалық)
ошақты: ағымды және қорытынды
Алдын-алу дезинфекция – анықталған инфекция көздері болмаған жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты – пациенттің қолданған құралдарын жүйелі түре залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қауіпін азайту.
Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинфекция әдістері:
механикалық
физикалық
химиялық
комбинирленген немесе аралас
3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы деректі ескере отырып, бұл іс – шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн.
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды:
Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту
Сыпыру
Шаңсорғышпен өңдеу
Бөлменің ауасын жаңарту және желдету
Киім – кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку
Жуып-шаю және жуу
Қолды жуу
3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
Дезинфекцияның физикалық әдісі түрлі физикалық факторлардың әсерімен микроағзаларды жоюға негізделеді.
Күн сәулелері. Күн спектрінің тікелей сәулелері патогенді микроағзаларға жойқынды әсер етеді. Әдістің бұл түрі өте күрделі, онда кептіру, жылыту мен ультракүлгін сәулелері қолданылады. Күн сәулелері әсерінен іш қуысы тифі, дизентерия, холера жылдам жойылады, ал өкпе құрт ауруы таяқшалары мен бактериялардың споралық түрінің сезімталдылығы төмен келеді. Шырыш, қақырық, нәжіс, қан және т.б. орналасқан қоздырғыштар қорғаныссыз орналасқандарға қара, анда күн сәулесіне ұзақ төтеп береді.
Қайнату. Қайнату - кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы және сенімді түрі болып табылады. Қайнаған суда ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдары, төсек-жабдық пен киім-кешек, сүлгі, мұрын сүлгілері, рәзеңке ойыншықтар, тағам қалдықтарын өңдеуге болады. Қайнаған суда микробтардың вегетативті түрлері бірнеше минутта өледі. Сібір жарасы, мен өкпе құрт ауруы микобактериясы қайнаудың 2-ден 10-12минутын көтере алады. Қайнаған судың зарарсыздандыру әсерін сода немесе сабын қосу арқылы күшейтуге болады. Микробтар тұрақтылығы мен өңделуші заттардын сипатына қарай, қайнау минутынан бастап экспозиция 15-30 минутқа дейін созылады. Бедерінің құртылуы себебінен, клеенкелі, жүн, жартылай жүн, тері, вискозды маталар өңдеудің бұл түріне келмейді. Патогенді микробтар төмен температураға бейім болуы себебінен (минус 30-50°С), төмен температурада өңдеу қолданылмайды..
Пастеризация – 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиіде сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу салдарынан микроағзалардың вегетативті түрі жойылып, споралары сақталып, жағдайы туғанда дами бастайды. Сондықтан да, пасерленген тағамдарды (сүт және т.б.) төмен температурада шектеулі уақыт қана сақталады. Пастерленген тағамдар өңдеу нәтижсінде құндылығын, дәрумендерін ферменттерін толыққанды сақтап қалады деген түсінік бар.
Кептіру. Көптеген патогенді микроағзалар ұзақ уақытты кептіру әдісіне төтеп бере алмайды. Жойылу жылдамдығы микробтардың түріне, төзімділігіне және де кептіру әдісінің жүргізілу талаптарына байланысты, осылайша, холера вибрионы кептіруге бірнеше сағатта берілсе, өкпе құрт ауруы мен стафилококк қоздырғыштары 10 ай ішінде жойылады, сібір жарасы споралары вируленттілігін бірнеше жыл сақтай алады.
Үтіктеу. Төсек-жабдық, киім, көйлектерді үтіктеуді де дезинфекциялау әдісі ретінде қарастыруға болады. Үтікпен ұзақ уақыт үтіктеу нәтижесінде (температурасы 200-250°С) маталардың ішіндегі температура 98-170°С дейін жетеді, салдарынан микробтардың вегетативті түрлері, бит-сіркелер жойылады. Киімдерді іш-сыртымен үтіктеген абзал.
Өртеу. Зарарсыздандырудың бұл әдісіне құнсыз, қоздырғышарға қаныққан заттарда (қағаз, сүлгі, қоқыс, балалар ойыншықтары және т.б.) өртеу жатады. Өртеу үрдісін арнайы жабдықталған пештерде, жерден ойылған сайларда, ағаш оттарда орындайды.
Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.
Су буы. Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм.қысымында, экспозициясы 20 мин.
Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бикеридидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин.
Ультракүлгіндік сәулелендіру. Инфекциялық стационар, балалар ауруханасы, босану үйлері, ота бөлмелері, бокстар мен басқа да бөлмелерде аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алуы мақсатында бактерицидті сәулелеуші аппараттар қолданады. Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып, басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.