Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:

Жинаудың мына түрлері бар:

      • Дымқыл жинау;

      • Генеральды жинау;

      • Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.

Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) сөткесіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.

Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қортынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қортынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.

Қортынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және асқа жиҺаздарды сүртуге болады:

а) 0,5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;

б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).

Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).

Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.

Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқанан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада дымқыл жинау басталады, қорытынды дезинфекцияға сәйкес. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).

Кесте 2.

Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы

Дезинфекциялық заттың атауы

Концентрациясы

Экспозициясы

Хлорамин Б

1%, 3%

120 мин. 60 мин.

Дезактин

0,2 %

60 мин.

Хлорлы әк

3% 1 %

60 мин. 120 мин.

6% су тегінің асқын тотығың

0,5% жууға арналған затпен

 

60 мин.

Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады, соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар дезинфекцифлық ерітіндіде зарарсыздандырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін тазартылып жақсы жуылады және кептіріледі.

Бөлмелердегі барлық тазалау жұмыстары мейірбикемен бірге жасалады, мейірбике тазалауды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстелі, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, мейірбикенің жұмыс үстелі, ал санитар орындық, есік, есік тұтқаларын, терезе алдын, санитарлы түйіндер мен еденді жумен аяқтайды.

Палаталарда санитар тазалауды төсектен, терезе алдынан, есік тұтқаларынан, одан кейін санитарлы түйіндерге тазалау жүргізіп, еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, азық-түлікке арналған тумбочка және тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді.

Терезе әйнектерін іш жақтан жуу айына кем дегенде 1 рет, сырт жақтан және кірлену деңгейіне қарай жуу 3 айда кем дегенде 1 рет жасалады.

Палаталарды желдету тәулігіне кемінде 4 рет. Косметикалық жөндеу жұмыстары жылына бір рет, қажет болған жағдайда оданда жиі жасалуы қажет.