Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері

  • Білікті, жедел және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.

  • Науқасты жүргізу мен зерттеуі тактикасын анықтайды.

  • Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).

  • Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.

  • Емді тағайындап, бақылайды, арнайы диагностикалық, емдік, профилактикалық іс-шараларды өз бетінше жүргізеді.

  • Науқасты күнделікті қарайды.

  • Науқастың жағдайына байланысы емдеу жоспарына өзгерістер енгізіп, қосалқы зарттеу әдістерінің қажеттілігін анықтайды.

  • Диагностикалық және емдік іс-шаралардың орындалуын, құрал-аспаптардың дұрыс қолданылуын бақылайды.

  • Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.

  • Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.

  • Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

  • Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.

  • Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.

  • Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санитарлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.

  • Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.

  • Ауруларды емдеу мен профилактикасының жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.

  • Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкердің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

  • Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.

Медициналық ұжымдағы сәтті қызмет – дәрігерлердің орта және кіші мед.қызметкерлерімен өзара сыйластығына байланысты келеді. Мейірбикелер мен санитарлар науқастармен күні-түні қатынаста болып, аурудың жаңа белгілерін байқай алады. Мейірбикелердің науқастардың жағдайының ушығуын уақытылы байқау арқасында дер кезінде көмек көрсетіліп, қаншама адамның өмірі сақталған. Осыған орай дәрігер өз көмекшілеріне деген қарым-қатынастың қызметтік түрін нығайтып, мейірбикелік үрдістің дұрыс ұйымдасуына жәрдемдесуі міндетті.

Бөлімшеде аға мейірбике жұмысының маңызы зор. Аға мейірбикеге барлық мейірбикелер, кіші медицина және күтуші қызметшілер бағынады. Бөлімшедегі науқасқа медициналық көмек көрсету сапасы аға мейірбике жұмысының ұйымдастырылуына байланысты.

4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері

  • Бөлімшедегі орта және кіші мейірбике жұмысын ұйымдастырады және олардың өз қызметін орындауын бақылайды.

  • Дәрігерлердің жұмысына қалыпты жағдайды және бөлімшедегі жалпы тәртіпті қамтамасыз етеді.

  • Орта және кіші медицина қызметкерлер кадрлерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.

  • Бөлімшені медициналық құралдармен, медикаменттермен, науқасты күту құралдарымен, жиһаздармен жүйелі түрде қамтамасыз етеді және олардың қолдануын бақылайды.

  • Мейірбикелердің дәрігердің тағайындауын толық және уақытында орындауын бақылайды.

  • Қайта түскен науқастарды санитарлы өңдеу сапасын бақылайды.

  • Науқастарды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

  • Мейірбикелердің медициналық құжаттармен дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.

  • Орта және кіші мейірбикелердің санитарлы - эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз етеді және бақылайды.

  • Қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден уақытында өтуі бақылайды.

  • Бөлімшедегі өртке қарсы жағдайды бақылайды, еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіз техниканы сақтауды бақылайды.

  • Орта және кіші мейірбикелердің біліктіліктерін жоғарлату жоспарын құрады және оның орындалуын бақылайды.

  • Орта және кіші мейірбикелерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.

  • Аурухананың Мейірбикелер Кеңесі жұмысына және мейірбикелерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.

    1. Мейірбикелердің қызметтік міндеттері

  • Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің тиімділігін бағалайды.

  • Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді.

  • Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге асырады.

  • Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.

  • Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар комплексін, организмге дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.

  • Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.

  • Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады.

  • Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуды жүзеге асырады.

  • Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-игиеналық тәрбие бойынша үгіт насихат жүргізеді.

  • Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы

Кезешілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып табылды. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдай тексеріледі. Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.

Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.

Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.

Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша журнал тексеруліуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жаңдайы ауыр науқастар тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильды түрде тапсырылады. Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының орындалуы туралы баяндалады.

Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар, шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.

4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі)

  • Мейірбикенің жетекшілігімен өзінің міндеттерін атқарады.

  • Пациенттің психофизиологиялық жағдайы, емге және емшараларға реакциясы тіркеліп бағаланады.

  • Үйде және емдеу алдын-алу мекемесінде науқастарды күту және жағдайын бақылау мен бағалауды жүзеге асырады.

  • Алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативті көмек көрсетеді, зертханалық тексеруге материал жинауды жүзеге асырады.

  • Аспаптарды, таңу және науқасты күту құралдарын зарарсыздандыруды орындайды.

  • Науқасты күті бойынша барлық іс-шаралар комплексін, организмге дәрі енгізуді жүзеге асырады.

  • Тіркеу-есепке алу бойынша медициналық құжаттарды жүргізеді.

  • Бөлмелердің таза болуын қамтамасыз етеді.

  • Науқастарды күту құралдарын дұрыс қолдану және сақтауды бақылайды.

  • Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздікті, санитарлы эпидеияға қарсы режимді сақтайды.