Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері

  • Техникалық

  • Химиялық

  • Бактериологиялық

Техникалық әдіс. Манометрлер, термометрлер, мановакуумметрлер және т.б. құрал-жабдықтарды қолдану температураны, бу қысымы немесе газды, зарарсыздадыру уақытын бақылауға мүмкіндік береді.

Химиялық әдіс зарарсыздандырудың тексерілуі үшін күн сайын қолданылады. Ол кейбір заттардың температураның ықпалынан балқу немесе түсін өзгерту қабілетіне құрылған. Индикатор ретінде бензойқышқылын (t° 122,36°), мочевина (132,7°), тиомочевина (187—182°), аскорбин қышқылын (187—192°) және т.б. қолдануға болады.

Бактериологиялық әдіс ең өзгеше әрі нақты. Стерилизаторға тірі тест-организмдермен флакон немесе бак.тестер қағазды ыдыста орналастырылады, олар зарарсыздандыру нәтижесінде өздерінің тіршілікке бейімділігін жоғалтады, осыған байланысты осы әдісті қолданады. Сонан соң, бұл микроорганизмдердің қоректік ортаға орнатылуы және олардың зарарсыздандырудан кейінгі тіршілікке қабілеттілігі белгіленеді. Бұл әдіс белгілі бір уақытты қажет етеді, бірақ ол стерилизатордың жұмысын әр түрлі режимдерде тексеру қабілетін иеленеді.

Бұл әдістің белгілі кемшіліктері бар: тест-организмнің зарарсыздандырудан кейін қоректік ортаға орынауыстырылуына белгілі бір уақыт және асептикалық жағдайлар қажет.

  1. Медициналық қалдықтар

Медициналық қалдықтар – бұл ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, хоспистерде, аптекаларда, сотты-медициналық лабораторияларда, жедел көмек пен қан құю станцияларында қолданылып, жиналған байлам материалдары, бір реттік шприцтер және системалар, қолғаптар, халаттар, рентгендік пленкалар, тамақ блоктарында инфицирленген қалдықтар, жұқтырылған қан, тері құрақтары, кесіп алынған мүшелер, мерзімі өткен, бұрмаланған дәрілік заттар және басқа материалдар.

Аурухана қалдықтарында ауру тудыратын микроорганизмдердің өте көп мөлшерде болуы, аурухана ішілік инфекцияның дамуының жоғары қатерлі қаупін туғызады. Патогенді микрофлорамен зақымдалған медициналық қалдықтары бар қоқыс өртенген кезде, қатерлі жұқпалы ауру қоздырғыштары желмен ұшып, айналадағы аймаққа таралады. Кей жағдайда қалдықтарды жерге көмгенде қауіпті микроорганимдер сумен шайылады, биорганика шіріктерінен бөлінген газ арқылы жер бетіне шығады.

Қазіргі уақытта ҚР барлық аймақтарында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын ұйымдар бар.

ҚР ДМ №533 бұйрығына сай медициналық қалдықтар эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіптілігі дәрежесіне байланысты класстарға бөлінеді. Басшының бұйрығымен ЕСМ әр құрылымдық бөлімшесінде қалдықтарды жинайтын, сақтайтын және оны тасымалдайтын жауапты адам болуы керек. Медициналық қалдықтарды жинайтын арнайы пластикалық және су өткізбейтін қағаз қаптар (пакеттер), матадан жасалған таралар, темір мен пластикалық ыдыстар, қауіпсіз утилизация қораптары, арнайы контейнерлер қолданылады. Қалдықтардың әр классын жинауға арналған қаптардың, контейнерлердің түсі әртүрлі болуы керек; ыдыстар– маркирленген болуы керек. Қауіпті қалдықтарды жинайтын темір мен пластикалық ыдыстар, арнайы контейнерлертығыз бекітілген болуы керек.

Қауіпсіз утилизация қораптары (ҚУҚ) тығыз (тесілмейтін) және су өтпейтін материалдан жасалынған, медициналық қалдықтардың шашылмауын немесе түспеуін қамтамасыз ететін бекіткіш клапаны бар. ҚУҚ тасымалдауға арналған ұстағышы болуы керек. ҚУҚ мөлшері медицинада қолданылатын бір реттік заттардың (шприцтер, инелер, системалар) тәуліктік жиналуынан аспау керек.

Қалдықтары бар қаптарды, пакеттерді, ыдыстарды, контейнерлерді тасымалдау үшін арбаларды қолданады. Арбаларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.

Рұқсат етілмейді:

1) қалдықтармен жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі класты араластыруға болмайды;

2) қалдықтарды қолмен тығындауға болмайды;

3) арнайы киімсіз және қолғапсыз жұмыс істеуге болмайды;

4) қалдықтары бар ыдыстарды электр құралдарының жанына қоюға болмайды.