Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Vmede.OrgСурет 42.

Vmede.OrgТемпературалық қисық типтері

1. Үнемі қызбада (febris continua) дене температурасы жоғары, 39° шамасында, бірнеше күн немесе аптаға дейін 1° аралық айырмашылықта тербеліп, ұстап тұрады. Жедел жұқпалы ауруларда кездеседі: бөртпелісүзек, крупозды пневмония және басқ.

2. Босаңсу немесе ремиттирленген қызба (febris remittens) дене температурасының айқын тәуліктік тербелісімен сипатталады (2° дейінжәне одан жоғары), іріңді аурулар кезінде кездеседі.

3. Ұстамалы немесе интермиттирленген қызба (febris intermittens) дене температурасы бірден 39—40° дейін және одан жоғарыға көтеріліп, қысқа уақыт ішінде қалыпты және субқалыпты сандарға түсумен сипатталады; 1—2—3 күннен кейін көтерілу мен түсу тағы қайталанады. Малярияға тән.

4. Гектикалық немесе әлсірететін (қажытатын) қызба (febris hectica) дене температурасы үлкен тәуліктік тербелісімен сипатталады (3°жоғары) және қалыпты, не субқалыпты сандарға бірден түсуімен сипатталады, ремиттирленген қызбаға қарағанда температураның тербелісі жоғары; септистік жағдайларда және туберкулездің ауыр формасында кездеседі.

5. Бұзылған қызба (febris inversa). Таңертеңгі температурасы кешкіден де жоғары болады, туберкулезде, созылған сепсистекездеседі, болжамы қолайсыз.

6. Атипиялық (дұрыс емес) қызба (febris athypica) ең көп кездеседі. Дене температурасының тәуліктік тербелісі әртүрлі, ұзақтығы анықталмайды. Ревматизм, пневмония, дизентерия, тұмауда кездеседі.

7. Қайтымды қызба (febris recurrens). Дене температурасы бірден жоғары сандарға дейін көтеріледі, осы сандарда бірнеше күнге дейін ұстап тұрады, сосын қалыпты сандарға дейін төмендейді. Бірнеше уақыттан кейін қайтадан қызба және ремиссия ауысып отырады (қызба ұстамасы бірнеше рет болады, 4—5 дейін). Бұндай қызба типі спирохетоздарға тән  (қайталамалысүзек және басқ.).

8. Толқын тәрізді қызба (febris undulans). Температурасы біртіндеп көтеріліп, біртіндеп түседі. Температураның көтерілу және түсудің бірнеше толқындары болуы мүмкін, қайтымды қызбадан айырмашылығы температура біртіндеп көтеріледі және біртіндеп түседі. Бруцеллезде және басқа ауруларда кездеседі.

Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейді (қызуөлшегіш). Термометрдің келесі түрлерін ажыратады: сынапты, электронды немесе сандық, инфрақызыл.

Сынапты термометр

Біз дәстүрлі сынапты қызуөлшегішті әлі де ұзақ уақыт қолданамыз. Электрондық термометрлердің пайда болғанына қарамастан, көбісі бұрынғысынша тек сынапты қызу өлшегішке сенеді (сурет 43).

www.baby.ru

Сурет 43.

Сынапты термометр

Сынапты термометр капиллярдан тұратын шыны колба, оның ішінде сынап болады.  Оның әсері температура өзгергенде сынаптың кеңею қабілетіне байланысты негізделген. Сынап бағанасы ысыған кезде жоғары нүктеге көтеріледі де, суығанда қайта түспейді. Қайтадан бастапқы қалыпқа түсіру үшін, қызуөлшегішті сілкілеуіміз қажет.

Артықшылығы:

  • Температураны өлшеудің жоғары дәлдігі (кемшілік жіберуі 0,1°)

  • Температураны өлшеу әдістерінің алуан-түрлілігі (қолтық асты, ауыз арқылы, ректалды).

  • Ұзақ уақыт қолданады (егер қызуөлшегішті түсіріп алмай және онымен абайлап жұмыс істесе, сынапты термометр сына қоймайды). Сонымен қатар кезеңді түрде батарейкасын ауыстыруды қажет етпейді.

  • Дезинфекция жасауға еш кедергі жоқ (бірақ қайнатуға болмайды).

  • Қызуөлшегіштің арзан бағада болуы.

Жетімсіздігі:

  • Қызу өлшегіштің корпус құрылымы өте нәзік және осал болғандықтан, тез сынып қалады және улы сынаппен ластануы және шыны сынықтары шашылуына әкеледі.

  • Температураны өлшеу уақыт ұзақтығы —10 минуттай.

  • Термометрдің сүйір пішінде болуы, ректалды өлшегенде «жоғалтып алу» қаупін жоғарылатады.

  • Кішкентай балаларға ауыз арқылы қолданбағаны дұрыс.