Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.1 Еам амбулаторлық түрі

Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады.

Емхана – аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең профильді емдік-профилактикалық мекеме. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕПМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі профильді мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.

Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: іркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі профильді дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т.б.). Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және де дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т.б.).

Тіркеу бөлімін шығаберіске жақын орналастырады. Кабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі де осында. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы әдебиет (брошюралар) қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т.б.

Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық участкіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік профилактикалық мекеме. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәргері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Кабинеттері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.

Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-профилактикалық мекеме. Басқа емдік-профилактикалық мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп). Участкелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.

Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, инфекционды науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін, саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, профилактикалық іс-шаралар ды іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.

Медициналық-сантиралы бөлім – өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік участклік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби патологиялары бойынша мамандар қызмет етеді.

Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар, денсаулық пункті, профилакториялар, санаториялар, балаларды сауықтыруға арналған лагерлер және т.б. кіретін комплексті емді-профилактикалық мекеме.

Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс процессімен байланысты аурулардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Участкелік (цехтік) дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік жарақат алуының алдын-алуға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға қатысады.

Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-сантиарлық бөлім құрамына кіріп, жеке емдік профилактикалық мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтерде ұйымдастырылады. Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.

Денсаулық пунктінің медицина қызметкелреініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер, мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді, диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.

Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венорологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық диспансерлер жұмыс жасайды.

Диспансердің негізгі қызметі – шығу тегі бір әр-түрлі аурулардың алдын алу және емду. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердің алдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.

Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.

Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер, медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін фельдшер (мейірбике) іске асырады.

Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем подстанцияларымен, ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция және аппатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-эвокуаторлар линияда орналасқан санитарлық тасымалдау құралдарымен радио байланыспен қамтамасыз етілуі керек.

    1. Стационарлық типтегі мекемелер

Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады.

Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған. Ауруханалық көмек (лат. stationaris –тұратын, қозғалмайтын) - квалификациялық, мамандандырылған, жоғары мандандырылыған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен, көмек көрсету формасы.

Аурухана- емдеу мекемесі, дәрігерлік күтімді, қадағалауды, қарауды қажет ететін науқастар жатқызылған. Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек, сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау, жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да манипуляциялар)

Ауруханалар бөлінеді:

  • бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік, психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)

  • көпсалалы, әр түрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)

Көмек көрсету аймағына байланысты;

  • аудандық

  • қалалық

  • облыстық

  • республикалық

Клиника - бұл аурухана, науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, білімгерлерді оқыту және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.

Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.

Госпиталь түрлері:

  • орталық;

  • қарулы күштер түрі;

  • аймақтық;

  • гарнизондық;

Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:

  • жазықтық жылжымалы;

  • эвакуациялық;

  • армияға көмек беретін әскери бөлімдер.

Сауықтыру орталығы ( лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті, науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа, теңіз суын, минералды суларды, емдік батпақтарды және т.б күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.

Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақтық зонадағы ірі кәсіпорындарда, санаториялар – курортты аймақтарда орналасады.

Перзентхана - бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.

Босану үйлері ауданның емдік-профилактикалық мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер консультациясы жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Хоспис (ағылшын тілінен Hospise) - жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.

Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді: науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері. Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.

Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған, бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі, емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы.

Күндізгі стационар құрамында болуы керек:

- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;

- дәрігерлер бөлмесі;

- ем-шара бөлмесі;

- науқастар күндіз болатын бөлмелер;

- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;

- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.

Травматологиялық пункт  ауруханалар құрамындағы елді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.

  1. ЕАМ жұмысын ұйымдастыру