Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Кесте 5. Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары

Мәжбүрлі қалыптың сипаты

Ауру

(синдром)

Жағдайын жеңілдеткен себептер

Керуеттің шетін қолмен ұстап, отырған күйдегі қалып

Бронх демікпесінің ұстамасы

Тыныс алуға көмектесуші бұлшық еттері мобилизациясы

Ауырған бүйірімен жату

Құрғақ плеврит

Зақымдалған жақтың плевра жапырақшасы қозғалысының шектелуі және ауырсыну синдромының азаюы

Ауырмаған бүйірімен жату

Қабырғаның сынуы

Егер науқас ауырған бүйірімен жатса, сынған қабырғалар қысылып, бір-біріне қажалып, ауырсыну күшейеді.

Ішпен жату

Ұйқы безінің ісігі

Жүйкелердің біріккен жеріне ұлғайған ұйқы безінен қысым азаяды.

Басын төмен қарата, ішпен жату

Өкпеден қан кету

Қаннан тыныс жолдарын босату, зақымдалған қанның өкпенің сау аймағына жақын жатқан бронхыларға ағуын, олардың зақымдалуын болдырмау.

Басы денесінен төмен горизонталды қалып

Көп қан кету

Жүрекке қанның келуін жоғарылату және мидың және ішкі ағзалардың қан-айналымын жақсарту.

Тағы да науқастың дене қалпын өзгертуде маңызы бар көптеген ауруларды мысалға кетіруге болады. Кей жағдайларда ұзақ уақыт төсекте мәжбүрлі күйде отыру, науқастың жағдайын нашарлатып жібереді, ойық жараның пайда болуына әкеледі, сондықтан науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отыру қажет.

  1. Антропометриялық өлшеу әдістері

Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.

Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.

Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)

Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 37).

Шараның орындалуы:

    1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.

    2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.

    3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.

    4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.

    5. Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).

    6. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны.

    7. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.

    8. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).

    9. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.

    10. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.

Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін.

http://bono-esse.ru

Бойды күннің бірінші жартысында өлшеген дұрыс, өйткені адамның бойы кешке қарай 1-2 смкішірейеді. Бұның себебі –шаршау, бұлшықет тонусының төмендеуі, омыртқа аралық шеміршек дискілерінің және тік жүру нәтижесінде табанның тегістелуі.

Сурет 37.

Науқастың бойын өлшеу