Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау

Мақсаттар белгілі, нақты және қол жетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.

Үшінші кезеңнің мақсаттары:

• науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек;

• таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек;

• мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек.

Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады:

  • Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ)

  • Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін де)

Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұл мақсаттарға жету үшін мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы бойынша тіркеп, жоспарлау.

Жоспарлау өзіне жатқызады:

  • Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау

  • Науқас және науқастың туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау

  • Кірісулердің ұзақтығын анықтау.

1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру

Мейірбикелік үрдістің ең маңызды кезеңдерінің бірі – жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары – науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.

Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.

Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады:

  • Тәуелдімейірбикенің іс-әрекеттері

  • Тәуелсіз

  • Бір-біріне тәуелді

Тәуелдідәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.

Тәуелсізмейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, аурухана ішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).

Бір-біріне тәуелдінауқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, ЕДШ инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы.

Науқасқа көмек көрсетудің үш жүйесін ажыратады:

  1. Толық -компенсациялық көмек – науқастардың 3 түрі қажет етеді:

• ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайтын ес-түссіз жағдайдағы науқастар;

• ес-түсі анық науқастар, бірақ ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайды немесе оларға жасауға рұқсат етілмейді;

• өз беттерімен ешқандай шешім қабылдай алмайтын науқастар.

2. Жартылай-компенсациялық көмек – мақсаттарды қозғалыс-қимыл белсенділігінің шектелу деңгейіне байланысты бөлінеді, сондай-ақ берілген іс-әрекеттерді орындауға және меңгеруіне дайын болуына байланысты.

3. Кеңестік (сүйемелдеушілік) – науқас мейірбикенің көмегімен (амбулаториялық жағдайда қызмет көрсету) өзіне күтім жасай алады және іс-әрекеттерге үйрене алады.

Науқастарға күтім жасағандағы мейірбикенің рөлі бірегей.

Мейірбикенің приоритетті мақсаты стационарларда манипуляция жасау ғана емес, сонымен қатар науқастарды және олардың туыстарын бұзылған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз-өздерін күтуді тиімді үйрету болып саналады