Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Дене салмағын өлшеу

Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38). Өлшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті босатқаннан кейін жасайды.

Шараның орындалуы:

1. Таразыны қосу

2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.

3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.

4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.

5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.

6. Нәтижені тіркеу қажет.

http://mebelmed.ru

Сурет 38.

Дене салмағын өлшеу

Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу

Кеуде клеткасы шеңберін өлшеу үшін жұмсақ сантиметрлік лентаны қолданады. Өлшеуді қалыпты тыныс алғанда, барынша демді ішке алу мен шығару кезінде өлшейді (сурет 39).

spinazdorov.ru

Сурет 39

Кеуде шеңберін өлшеу

Шараның орындалуы:

1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.

2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз.

3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен, алдынан – төстің IV қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.

4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін аралыққа қояды.

Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы деп аталады.

Дене салмағының индексі

Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі) – адамның дене салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін анықтауға болады. ДСИ есептеу формуласы:

ДСИ = дене салмағы (кг)

бойы(м)2

Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.

  • егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,

  • егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),

  • егер ДСИ > 30 – семіздік.

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды.

Семіздіктің 3 түрі бар:

- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);

- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);

- аралас түр.

paralife.narod.ru

Сурет 40

Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән

Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын анықтау.

Бел айналымын өлшеу

Бел айналымы сантиметрлі лентамен қабырға асты аймақ пен жамбас сүйектері арасынан өлшенеді (ең жіңішке бөліктен) тыныс шығаруда. Бел айналымының қалыпты көрсеткіші: әйелдерде 80 см кем, ал еркектерде 94 см кем.

Сан айналымын өлшеу

Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады.

Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде < 0,85; еркектерде < 1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 41).

www.telenir.net/zdorove

Сурет41.

Бел айналымының сан айналымына қатынасы

  1. Термометрия

Адамның дене температурасы ағзаның жылу жағдайының, ағзадағы энергия алмасу көрсеткіші болып табылады және салыстырмалы тұрақты болады. Температураны үнемі бір қалыпта ұстап тұру бір-бірімен байланысқан процестер арқылы, ол жылудың пайда болуы мен ағзадан сыртқы ортаға шығуы арқылы іске асады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуіне тең болса, дене температурасы тұрақты болады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуінен басым болса, онда ағзаның ысып кетуі, не жылулық соққы болуы мүмкін. Егер жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым болса, ағзаның тоңазуы болады.

Термореттеуде нервтік және гуморалды механизм қатысады. Қоршаған ортаның температуралық құбылуы терморецепторларға әсер етіп, бас миына импульстар түседі және гипоталамуста орналасқан термореттеуші орталықты белсендіреді. Бұл орталықты белсендіру жылудың пайда болуын және жылудың бөлінуін өзгертеді, дене температурасы қалыпты болады. Жаңа туған және төс еметін балаларда термореттеу толық қалыптаспаған (жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым).

Адам денесінің әр жерінің температурасы әртүрлі болады. Ең төмен тері температурасы қол саусақтары мен табанда болады, ең жоғары — қолтық астында, оны сол жерде өлшейді. Дені сау адамның температурасы  36,2-36,9°С тең. Тік ішекте температураны өлшегенде 37,5°С дейін қалыпты деп есептеуге болады. Тәулік ішінде адамның дене температурасы тәуліктік биоырғаққа сай аздап көтеріліп немесе түседі: ең төменгі температура түнде сағат 2—4 -де , максималды —сағат 16—19 аралығында байқалады.

Дене температурасын өлшеу нәтижелерін бағалау:

  • Гипотермия –36 °С төмен

  • Қалыпты - 36,0 - 36,9°С

  • Субфебрилді –37,1 -ден 37,9°С-ға дейін

  • Фебрилді - 38,0-ден 39,0°С-ға дейін

  • Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9°С-ға дейін

  • Гиперпиретикалық (өте жоғары) –41°С-ден жоғары.

  • Леталды ең жоғарғы температура (өлім болатын температура) 43°С құрайды.

  • Леталды ең төмен температура – 15-23%.

Термореттеудің бұзылуы қабыну және жұқпалы аурумен бірге болатын қызба кезінде, қан-айналымның бұзылуы (қарт адамдар жылы күні әсіресе аяғы мен бел аймағының тоңуына шағымданады) эндокриндік жүйенің жасқа сай өзгеруі (көп әйелдерде климакс кезеңінде ысу сезімі болады), ішімдіктер қолдану кездерінде байқалады.

Температураның жоғарылауы(гипертермия,ысып кету) –қызба белгілері болып табылатын ағзаның жылу балансының бұзылуымен және жылуды ұстаудың жоғарылауымен сиатталатын жағдай.Қызба–пирогенді факторлардың әсерінен (микроорганизмдер, бөтен ақуыздар) термореттеуші орталық қызметінің белсенді қайта құруы негізінде жатқан ақаулы процесс. Қызба және гипертермия – бұл дене температурасының жоғарылауы жалпы белгісі болып табылатын ақаулы процесс. Олардың басты ерекшелігі қызба кезінде дене температурасының деңгейі сыртқы ортаның температурасына байланысты емес. Гипертермия кезінде тікелей байланыс болады. Өзінің биологиялық маңызы бойынша қызба - бұл қорғаныс-бейімделу реакциясы, ал гипертермия – термореттеудің бұзылу сынығы, осыған байланысты науқасты жүргізу тәсілі әртүрлі.

Қызбаның тәуліктік температурасының тербелісіне байланысты бірнеше типтерін ажыратады (сурет 42).