Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра ..doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
107.52 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Мамандық: 051105 «Фармация»

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Оқытушылар үшін

Әдістемелік нұсқау

Тақырып: Топырақты санитарлық – гигиеналық бағалау.

Курс: 1

Қарағанды 2005ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланған

«____»____________2005ж. №_____ хаттамасы

Бекіткен кафедра меңгерушісі ________________КалишевМ.Г

1.Тақырыбы: Топырақты санитарлық – гигиеналық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі):Топырақ - биосфера элементі ретінде өзінің құрамын қоршаған орта факторлардың әсерінен өзгертіп отырады. Мұндай факторларға – климат, өсімдік әлемі, рельеф, топырақ микроорганизмдері кіреді. Топырақ – үлкен табиғи лаборатория, себебі мұнда органикалық заттар органикалық емес заттарға айналып жатады.

Антропогендік факторлардың әсерінің күштілігінен жердің топырақ қабаты деградацияға ұшырап жатыр. Қазіргі уақытта организмге топырақтың тікелей және жанама түрде аллергенді, улы, концерогенді, мутагенді әсері дәлелденіп отыр.

Топырақта әр түрлі патогенді микроорганизмдер, вирустар, қарапайымдылар, гельминт жұмыртқалары өмір сүреді және өледі. Олар тұрғындардың денсаулығы мен өмірінің санитарлық жағдайына әсер етеді.

Топырақта химиялық элементтердің алмасу, яғни көшуі жүріп жатады. Бұл процестің биосфераны қорғауда алдын алу шараларын жүйелендіруде алатын орны ерекше. Елді мекендерді санитарлық тазалау шараларын өңдеу және жүзеге асыру санитарлық тәжірибеде үлкен маңызды мәселе.

4.Дидактикалық (оқу) мақсаттары:

1.Қоршаған ортаның негізгі функцияларын және химиялық факторлдарын гигиеналық бағалау әдістемесі;

2.Қоршаған ортаның адам организмімен өзара байланысын;

3.Жұмыс бөлмесінің температурасын, ылғалдылығын, өндірістік бөлмелердің жұмыс орнындағы ауа температурасын, ауа ылғалдылығын, ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау мәліметтеріне гигиеналық баға беруді;

4.Жабық бөлме микроклиматын жақсарту шараларын өңдеуді;

5. Сабақтың өтетін орны: № 1 гигиена кафедрасы.

6. Сабақтағы тәжірибелік сабақ сағаттарының бөліну жоспары және ұйымдастыру құрылымы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

1.

Ұйымдастыру бөлімі.

2 %

2.

Бастапқы білім деңгейін бағалау (тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.).

5-10 %

3.

Студенттердің өз бетімен атқаратын жұмысы:

  • Бастапқы білім деңгейін бағалау

  • Топырақтан үлгі алу әдістемесі.

  • Топырақтың «санитарлық санын» анықтау.

  • Су сығындысын дайындау және талдау.

  • Топырақты гельминтологиялық зерттеу әдістемесі.

  • Қорытынды білім деңгейін бақылау.

54 %

4.

Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс:

- өз бетімен атқарған жұмыс қорытындыларын талқылау.

20 %

5.

Қорытынды білім деңгейін бағалау ( тестілеу ).

10 – 15 %

6.

Студенттердің жалпы білімін бағалау мен сабақты қорытындылау.

2 %

7.

Келесі сабақтың әдістемелік нұсқауымен, көмекші құралдарымен таныстыру.

2 %

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]