Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Мейірбикелік үрдіс

Мейірбикелік үрдіс – бұл науқастың қажеттіліктеріне бейімделген, мейірбикелік көмектік көрсетілуінің ғылыми-негізделген жүйелік көзқарас. Мейірбикелік үрдіс науқастың мәселелерін шешу арқылы оның өмірлік қасиеттерін сақтауға негізделген.

  1. Мейірбикелік үрдістің кезеңдерінің мінездемесі

Мейірбикелік үрдістің мақсаты: науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру.

Мейірбикелік үрдіс бес кезеңнен құралады:

    1. мейірбикелік зерттеу;

    2. мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);

    3. мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;

    4. ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;

    5. мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.

1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу

Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:

  • Субъективті тексеру әдісі пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.

  • Объективті тексеру әдісібұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальді қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.

  • Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау: отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;

Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің анализі науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, медициналық қызметкерлерден зәру).

Мейірбикелік үрдіс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үрдіске ауыстырыла алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үрдіс әр түрлі мақсатты көздейді.

Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау. Мейірбикенің мақсаты –науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)

1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)

Диагностиканы жүргізу үшін «денсаулық» және «ауру» түсініктерінің мағынасын анық білу керек. БДҰ сарапшыларының белгілеуі бойынша «денсаулық» – бұл тек аурудың болмауы мен мүгедектіксіздік қана емес, ол ағзаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сақтандығы. Ауру (morbus) – бұл ағзаның сыртқы ортаның факторларының ықпалына, арнайы инфекциялық агенттерге жауап қайтару реакциясы, туа біткен бұзылыс немесе осы факторлардың қиылысуы. Әр ағза ерекше және әр қайсысы ауруға әр түрлі жауап қайтарады, сондықтан бір аурудың клиникалық белгілері әр науқаста әрқалай болуы мүмкін. Яғни, аурудың клиникалық белгілері екі факторға байланысты қарастырылады: ағзаның/тіндердің зақымдануы және ағзаның ауруға жауап қайтарып, әрекеттесуі.

Диагностикалық процесс симптомдарды және синдромдарды анықтаудан басталады. Симптомдар – бұл аурудың белгілі бір белгілері (гр. symptoma – белгі, ұқсастық). Мысалы, жөтел, ентігу, ауру, лейкоцитоз, гематурия, миокардтың гипертрофиясы. Синдром – (гр. syndromos – «қосарлана жүгіру») жетілу механизіміне байланысты өзара шарттасқан симптомдардың жиынтығы. Синдромдардың анықталуы дұрыс диагноздың қойылуының маңызды бөлігі, өйткені синдромдардың бірқатары белгілі бір аурудың ерекшеліктері болып келеді.

Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.

Негізгі ауру – қазіргі кездегі басыңқы ауру. Негізгі аурудың асқынуы – аурудың клиникалық белгілерінің нәтижесінде негізгі аурудың ағысында пайда болған патология. Қосарланған ауру – негізгі ауруға ілесіп, оған еш байланыспайтын, қазіргі кезде басыңқы болып келген патология.

Диагнозды және оның негізделуінің шығарылу кезіне байланысты диагноздың мына түрлері ажыратылады: алдын-ала, науқастың клиникалық қарау кезінде алынған мәліметтер мен субъективті тексеру әдістерінің негіздеріне байланысты орнатылған диагноз; клиникалық, науқастың стационарға түскеннен бастап 3 тәуліктің ішінде алынған дәлелденген қосымша зерттеулердің (зертханалық және құрал-жабдықтар арқылы) нәтижелерімен негізделген диагноз; қорытынды, науқастың стационардан шыққанынан алдында жасалатын диагноз; қайтыс болғанда берілетін құжат, науқастың қайтыс болу жағдайында; патологоанатомиялық диагноз – патологиялық-анатомиялық тексеруден кейінгі берілетін диагноз.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы

  • Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың мәселелерін анықтауға бағытталған (синдромдық диагноз).

  • Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде өзгеруі де мүмкін.

  • Дәрігерлік диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін (4-6).

  • Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.

  • Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық өзгерістерге байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына байланысты.

Мейірбикелік диагнозбұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын мәселенің қалпы. Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе синдромды диагноз.

Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. Физиологиялық, психологиялық, жандүниелік және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.