Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

6.1 Емдеу-қорғау режимі

Емдеу-қорғау режимі – бұл берілген емдеу мекемесінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы, теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шарты қойылған.

Аураханадағы күн тәртібі

Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларды болдырмау (қатты сөйлеу, шу, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларды болдырмау, теріс эмоциядан қорғау, медиуиналық күту құралдары теріс әсер ету мүмкін ( қан тиген мақта қалдықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинттер мен мақталармен толтырылған).

Науқастар хабардар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі. Емдеу –сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу-сақтандыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық парағына бұл туралы белгі қойылады (кесте 3).

Кесте 3.

Аураханадағы күн тәртібі

07.00-07.30

Науқастарды ояту, дене қызуын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимді науқастарға арналған), бөлімшені желдету.

07.30-08.00

Науқастардың тазалығы, бөлімшені жинастыру

8.00-8.30

Таңғы ас

8:30

Дәрі қабылдау

8:30-13:00

Емдеу шаралары, дәрігерлік қарау

14:30-16:00

Тынығу уақыты

16:30

Түстен кейінгі ас

16:00-19:00

Науқастардың туыстарының келуі, серуендеуі

18:0018:30

Кешкі ас

18:30

Дәрі дәрмек қабылдау, емдеу шаралары

19:00

Термометрия

20:40

Кешкі тазалық

22:00

Ұйқы

Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:

  • белгіленген күн тәртібімен режимді қадағалау;

  • дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындау;

  • белгіленген диетаны ұстану;

  • тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды.Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;

  • палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау,төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;

  • жалпы гигиеналық ережелерді сақтау–тамақ ішер алдында қолды жуу,тісті тазалау және т.б.;

  • аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;

  • ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.

Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері.

6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі

  • Қатаң төсек режимі- науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиім салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.

  • Төсек- науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.

  • Жартылай төсек- науқас барлық уақытын төсекте өткізеді, төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.

  • Бөлмелік (палаталық)- науқас көп уақытын төсекте өткізеді,бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.

  • Жалпы (еркін)- науқас бөлімшеде, аурухананың шекарасында және аурухананың территориясында активті қимыл қозғалысының шектелуінсіз бола алады. Коридорда еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың шекарасында серуендеуге рұқсат етіледі. Режимнің түрін тек дәрігер тағайындайды, рұқсатынсыз режимді өзгертуге болмайды.

Науқастың күтімі кезінде әрқашан да ауыр сырқатты науқастардың орын ауыстыруы және көтерілуі кезінде проблемалар болатын. Әсіресе толық, әлсіз, қарт, салмағы 80-100 кг-нан асатын немесе төсекте төсектегі жадайын ауыстыруға мұршасы жоқ науқастармен жұмыс өте қиын.

Ауыр сырқатты науқастарға жайлы орын әрі қозғалмалы режим қамтамасыз ету мақсатымен жасалған функциональді төсек қазіргі кезде кең қолданылады.

Функциональді төсек басқарма бұрандамаларын қозғалту арқылы қалыптарын өзгертетін бірнеше секциядан құралады. Бас және аяқ шеттері керекті қалыпқа тез орнатылады. Бұл төсектерге науқастарға жағдай жасау үшін арнайы құрылғылар, яғни: төсек жанындағы үстел, дәріні тамшылатып құю үшін арналған штативтер, зәр қабылдағыш және судно сақтайтын бөлімшелер бекітілген (9-сурет).

www.medalnet.ru

9-сурет.

Функциональді төсек

Мейірбике бақылау үшін емдеу-сақтандыру режимін қамтамасыз ететін шараларда негізгі орын науқастың психологиялық жағдайына беріледі. Ауруханадағы жағдай тек қана гигиеналық емес, эстетикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Мейірбикелік персонал барлық этикалық және деонтологиялық ережелерге сай барлық науқастарға мейірімді әрі қамқор жағдайлар туғызу керек. Науқастар уақтылы және қажет мөлшерде тамақтануын қадағалау керек. Қажет жағдайда мейірбике науқастарды тамақтандырумен айналысады. Науқастар тамақ қабылдаудан бас тартқан жағдайда мейірбике шұғыл түрде дәрігерге хабарлау керек.

Сонымен қатар, науқастардың дұрыс тынығуы негізгі болып саналады. Мейірбике түскі тынығу уақытында және түнгі ұйқы кезіндегі тыныштықа және науқастардың дұрыс тынығуын бақылау керек (жарық беретін құрал-жабдықтардың, радио, теледидар және т.б. дер кезінде сөндірілуіне). Кіші медициналық персоналға науқастардың тынығуы кезінде палаталарда жинастыру жұмыстарын жасауға тиым салынуын айту керек.

Науқастармен сұхбат жүргізу - емдеу-сақтандыру режимінің бөлігі. Мейірбикелер науқасқа сауығуға деген үміті жүзеге асырылатынын айтып, оның көңіл-күйін көтеріп, бәрі жақсы келе жатқанын көрсету керек. Бұл кезде мейірбикенің шыншылдығы және мейірімділігі үлкен рөл атқарады.

Яғни, дұрыс құрастырылған емдеу-сақтандыру режимі науқастың емдеу мекемесінде болуы кезінде оған оптималды жағдай жасай отырып, науқастың сауығу процессіне оң әсер көрестетіндіктен үлкен рөл атқарады.

Аурухана ішілік инфекция (госпитальді, нозокомиальді) – науқастардың емдік мекемелерде сырқаттануымен жүретін инфекционды аурулар. Аурухана ішілік инфекцияның жиі қоздырғышы антибиотиктерге резистентті ішек таяқшалары, алтын стафилококк, көк ірің таяқшасы, протей, клебсиелла, кандида саңырауқұлақтары болып табылады.

Аурухана ішілік инфекциялардың негізгі себептері – санитарлы-эпидемияға қарсы режимнің дөрекі бұзылуы: эффективтілігі төмен дезинфекциялық заттар қолдану, сумен қамтамасыз етуде ақаулар, медицина қызметкерлерінің қолды өңдеуде гигиеналық нормаларды ұстанбауы, медициналық құрал-жабдықтарды стерилизациялау мен дезинфекцияны дер кезінде немесе сапасыз жасалуы.