Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

фариза

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
294.91 Кб
Скачать

«Жұқпалы аурулар» пәнінен 3 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған емтихандық тесттер (360)

~ Ауа-тамшылы инфекциясымен сырқаттанған балаларды ... бөлімшелерге жатқызады.

| бокстық +

| ішектік

| гепатиттік

| хирургиялық

| ішек-құрт

~ Егер әрбiр бөлiмше шеттетiлген ғимаратта жайласса жұқпалы аурулар ауруханасының жобалауының қағидасы:

| павильон жүйесi +

| блоктық жүйе

| корпусты жүйе

| көп қабатты ғимарат

| жоғарыдағылардың ешқайсысы дұрыс емес

~ Антропоноздарда инфекцияның көзi:

| залалданған адам ағзасы +

| сыртқы ортаның инфекция объекттерi

| қансорғыш буын аяқтылар

| залалданған азық-түлiк өнiмдерi

| кемiргiштер

~ Аурудың инкубациялық кезеңi:

| қоздырғыштың адам ағзасына ену мезетінен алғашқы клиникалық

көріністері мерзіміне дейiнгі уақыт +

| бiрiншi клиникалық ауру белгiлерiнiң мерзiмi

| клиникалық симптомдарының өсу мерзiмі

| аурудың клиникалық көріністерінің сөну мерзiмі

| клиникалық жазылу мерзiмі

~ Вакцинаны сақтау температурасы:

| +4+8 градус +

| +12 градустан төмен емес

| 0 градустан төмен

| +16 градустан жоғары

| + 2 градус шамасында

~ Аса қауіпті инфекция көзі ... болып табылады.

| бактериотасымалдаушы +

| жасырын кезеңдегі науқас

| аурудың өршу сатысындағы науқас

| реконвалесцент

| продромальді кезеңдегі науқас

~ Адамда биологиялық тұйық болып табылатын аурулар:

| зооноздар /зооантропоноздар/ +

| ішек инфекциялары

| тыныс алу жүйесіндегі инфекциялар

| сыртқы қабат инфекциялары

| трансмиссивті инфекциялар

~ Бу әдісімен стерилизацияланған құралдардың сақталу мерзімі:

| 3 тәулік +

| 24 сағат

| 7 күн

| 14 күн

| 5 тәулік

~ Патогенді микроағзаларды қоршаған ортада жою - ... .

| дезинфекция +

| дезинсекция

| дератизация

| пастеризация

| антисептика

~ Қанды бактериологиялық әдіспен зерттеуге ... алады.

| шеткі және орталық күре тамырларынан +

| жұлын өзегiнен

| сол қолдың орташа бақайшық саусағынан

| кубитальді күре тамырдан немесе кез келген шынташақ

саусақтың етінен

| күре тамырдан

~ Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:

| энтеритті +

| "ректальді түкірік"

| "таңқурай желесі"

| "күріш қайнатпасы"

| нәжіс тәрізді

~ Тағамдық токсикалық инфекция – ол жұқпалы ауру, ... симптомдарымен сипатталады.

| АІТ жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен, су-тұз алмасуының

бұзылысы +

| су-тұз алмасуының бұзылысы мен жалпы улану

| гемодинамика бұзылысы

| АІТ төменгі бөлігінің бұзылыстары

| жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

~ Тағамдық токсикалық инфекцияларының асқынуы болып ... табылады.

| гиповолемиялық шок, жүрек шамасыздығы +

| анафилактикалық шок

| бүйрек-бауыр шамасыздығы

| тыныс жетіспеушілігі

| ішектен қан кету

~ Тағамдық токсикалық инфекцияның жасырын кезеңі:

| 2-6 сағаттан 24 сағатқа дейін +

| 24-48 сағат

| 1-5 тәулік

| 3 айға дейін

| 1-2 сағат

~ Тағамдық токсикалық инфекцияның патогенезі мен клиникалық көрінісі ... байланысты.

| қоздырғыштың түріне +

| науқастың иммундық жүйесіне

| қосымша ауруларға

| экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне

| созылмалы ауруларға

~ ТТИ қоздырғышы ... , термотұрақты энтеротоксин бөлуші.

| Staphylococus aureus +

| Сlostridiumper fringens

| Bak cereus

| Vibrio cholerae

| Proteus vulgaris

~ Тағамдық токсикалық инфекцияда нәжіс сипаты:

| "ет жуындылары" +

| "ректальді түкірік"

| "таңқурай желесі"

| "күріш қайнатпасы"

| "асбұршақ суфлесі"

~ Тағамдық токсикалық инфекцияның патогенезінде басты рөлде ... ойнайды.

| энтеротоксин, цитотоксин +

| гемолизин, гиалуронидаза

| нейраминидаза

| дермонекротоксин

| амилаза

~ Тағамдық токсикалық инфекцияның қысқа мерзімде өтуі ... байланысты.

| қоздырғыштың адам ағзасында қысқа мезгілде әсер етуіне +

| макроағзаның иммундық жүйесіне

| микроағзаның вируленттілігіне

| қоздырғыштың токсигенділігіне

| жасырын кезеңіне

~ Микроағзалармен зарарданған тағамды пайдаланып, гастроэнтеритпен және тұз-су алмасудың бұзылуына алып келіп соқтыратын ... .

| тағамдық токсикалық инфекция +

| тағамдық интоксикация

| сіреспе

| гангрена

| ботулизм

~ Дизентерияда бірінші мезетте … жүйесі зақымдалады.

| асқорыту мен жүйке +

| жүрек қан тамыр

| тыныс алу

| қан түзілу

| зәр бөліну

~ Тік ішек түкірігі сипаттас нәжіс ... болады.

| дизентерияда +

| іш сүзегінде

| ботулизмде

| тағамдық токсикалық инфекцияларында

| энтеритте

~ Ошақтағы қатынастағылар бактериологиялық әдіспен үш рет, серологиялық әдіспен бір рет ... дизентериясында зерттеледі.

| Григорьева-Шига +

| Флекснер

| Бойда

| Зонне

| Лардж-Сакс

~ Дизентерия ... көрінісімен өтеді.

| интоксикация және тоқ ішектің дистальді бөлімінің зақымдалу +

| интоксикация және жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдалу

| гастрит пен тоқ ішектің лимфа жүйесінің зақымдалу

| интоксикация және асқазан ішек трактісінің жоғарғы бөлігінің

зақымдалу

| интоксикация және гастрит

~ ... шигелласы нейротоксин бөледі.

| Григорьев-Шига +

| Зонне

| Флекснер

| Бойда

| Лардж-Сакс

~ Адам ағзасында енгенде шигеллалар ... зақымдайды.

| ішектің эпителиальды шырышты қабатын +

| асқазан ішек трактісінің жүйке-тамыр жүйесін

| бауыр гепатоциттерін

| тоқ ішектің шырышты қабатын

| эндотелиальды тамырларды

~ Жіті дизентерияда тенезмдердің пайда болуы ... байланысты.

| тік және сигма тәрізді ішегінің бұлшық етінің жиырылуымен +

| ішек парезімен

| аш ішектің перстальтикасының бұзылуымен

| ішек дисбактериозымен

| ішектің қабынуымен

~ Жіті дизентерияның негізгі синдромы:

| колит +

| жалпы интоксикация

| гастрит

| энтерит

| астеновегетативті

~ Дизентерияда нәжіс сипаты:

| "ректальді түкірік" +

| "күріш қайнатпасы"

| "таңқурай желесі"

| "батпақ мүгі"

| "асбұршақ қайнатпасы"

~ Зонне шигелласымен шақырылатын, дизентерияның берiлу факторы болатын азық-түлiк өнiмдерi:

| қаймақ және басқада сүт өнімдері +

| шұжық

| көкөнiс және жемiстер

| сусындар

| нан өнімдері

~ Сальмонеллездің жасырын кезеңі ... құрайды.

| 12-24 сағат +

| 5-7 күн

| 1 сағат көлемінде

| 1 ай көлемінде

| 15-20 күн

~ Сальмонеллезде бактериологиялық зерттеуге ... алынады.

| қан, зәр, өт, бөлінділер, асқазан шайынды сулары +

| қан, нәжіс, құсық

| құсық, асқазан шайынды сулары, зәр, нәжіс

| асқазан шайынды сулары, зәр, нәжіс

| қан, зәр, жұлын ми сұйықтығы

~ Сальмонеллездің ауыр түрінің емделуі:

| антибиотиктер, коллоидты және кристаллоидты eрітінділер,

полидәрумендер, сальмонеллезді бактериофаг +

| полиионды ерітінділер, гормондар

| иммуностимуляторлар

| стероидты емес анаболиктер, коллоидты ерітінділер

| симптоматикалық препараттар

~ Сальмонеллездер өндіреді:

| экзо-, эндотоксин +

| экзотоксин

| эндотоксин

| эритрогенин

| цитотоксин

~ Сальмонеллезді сепсистің дамуына ... ықпал етеді.

| ремиттерлеуші сипатта, жүйелі құбылыстың, температуралық

қисықтың, қалтыраудың, қатты тершеңдіктің болмауы +

| ішектен қан кетудің, жалпы улану симптомдарының,

гипертермияның болмауы

| айқын гектикалық қызбаның, уланудың, ішек

дисфункциясының болмауы

| құрсақ қуысының тітіркенуі

| науқастың дене қызуының жоғарылауымен қоса жалпы әлсіздіктің

басым болуы

~ Сальмонеллез диагнозын қоюда ... серологиялық реакциясы қолданылады.

| РНГА +

| РА агглютинациясы

| Видаль

| РСК комплементтерінің байланысуы

| ИФА реакциясы

~ Сальмоннелезді гастрит клиникасы ... айқындалады.

| жалпы интоксикация белгілері, эпигастрий аймағының ауырсынуы,

құсу, лоқсу +

| диарея

| улану белгілері, лоқсу, құсу

| улану және дене қызуының жоғарылауы

| құсу және іш өту жиілігімен

~ Сальмонеллездің септикопиемиялық түрінің клиникалық көрінісі ... байланысты.

| метастатикалық іріңдік ошақтардың орналасуынан +

| науқастың преморбидты жағдайына

| науқастың иммундық жүйесіне

| интоксикация симптомдарының ауырлығына

| инкубациялық кезеңнің ұзақтығына

~ Сальмонеллездің жеңіл түрі ... емделеді.

| №4 емдәм, регидратация +

| №13 емдәм, антибиотиктер

| №5 емдәм, инфузионды терапия

| №8 емдәм, антибиотиктер

| №0 емдәм, регидратация

~ Жіті бактериобөлушілік деп, сальмонеллезді инфекция қоздырғыштары ... мезгіл ішінде анықталса.

| клиникалық сауығудан кейін 3 ай +

| клиникалық сауығудан кейін 6 ай

| клиникалық сауығудан кейін 6 айдан астам

| клиникалық сауығу 1 жыл

| ем жүргізіліп болғаннан кейінгі

~ Іш сүзегінде Падалка симптомы:

| илеоцекальды аймақтағы перкуторлық дыбыстың қысқаруы +

| оң қабырға астында ауырсынудың байқалуы

| оң қабырғалық доғаны соққылағанда ауырсыну белгісі

| ішек перистальтикасының болмауы

| ішек өтімсіздігінің болуы

~ Іш сүзегін анықтауда қолданылатын зертханалық әдіс:

| бактериологиялық, серологиялық +

| вирусологиялық

| иммунологиялық

| биологиялық

| бактериоскопиялық

~ Іш сүзегінің емі әрі алдын-алу шараларында ... қолданылады.

| бактериофаг +

| гаммаглобуллин

| сарысу

| вакцина

| дәрумендер

~ Іш сүзегінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығы:

| 7-50 күн +

| 6 аптадан 6 айға дейін

| 3 күннен 7 күнге дейін

| 7 күннен 17 күнге дейін

| 8 күннен 10 күнге дейін

~ Іш сүзегінде және парасүзектерде атқарылатын іс-шаралар:

| санитарлы-гигиеналық +

| науқастарды оқшаулау

| зооветеринарлық

| халықты иммунизациялау

| дератизация

~ Спецификалық асқынулар (ішектік қан кетулер, жараның перфорациясы, инфекциялық-токсикалық шок) ... кездеседі.

| іш сүзегінде +

| кенелік бөртпе сүзегінде

| дизентерияда

| тырысқақта

| сальмонеллезде

~ Тілдің жуандап тістің ізі болуы, емізіктердің гипертрофиясы ... белгісі болып табылады.

| іш сүзегінің +

| құтырудың

| геморрагиялық қызбалардың

| Қу-қызбасы

| сіреспенің

~ Іш сүзегі ... беріледі.

| ауыз-нәжіс механизммен +

| ауа-тамшылы механизммен

| трансмиссивті механизммен

| парентеральді механизммен

| жыныстық жолмен

~ Іш сүзегінде бөртпе ... .

| розеолезді +

| папулезді

| уртикарлы

| геморрагиялық

| петехиальды

~ Іш сүзегінің бактерияларын анықтауда ... қолданылады.

| қан, зәр, нәжіс, он екі елі ішектің қалдықтары +

| қан

| жұтқыншақ бөліндісі

| жұлын сұйықтығы

| биоптат

~ Паратиф терапиясында левомицитин келесі тәртіппен беріледі:

| барлық қызба кезеңінде және дене қызуының қалыптасуына 10 күн

толғанша +

| 21 күн

| барлық қызба кезеңінде және дене қызуының қалыптасуына 3 күн

толғанша

| 10 күн

| қалыпты дене қызуына дейін

~ Паратифке шалдыққан науқастан қоздырғыштар ... бөлінеді.

| нәжістен, зәрден, сілекейден +

| қаннан, жұлын ми сұйықтығынан

| өттен, сілекейден, теріден

| бөлінбейді

| құсық массаларынан, нәжістен

~ Паратиф А- ға тән форма

| гастроинтестинальды +

| катаральды

| тифоидты

| тұмау тәрізді

| буынды

~ Паратиф В- ға тән форма

| тифоидты +

| катаральды

| гастроинтестинальды

| тұмау тәрізді

| буынды

~ Паратифтен кейін ... иммунитет қалыптасады.

| тұрақты +

| болмайды

| арнайы түрлік

| антитоксикалық

| тұрақсыз

~ Паратиф кезінде тоқ ішектің зақымдалатын бөлігі:

| тоқ ішек +

| сигма тәрізді

| аш ішек

| ішек зақымдалмайды

~ Паратиф кезіндегі бөртпе сипатталады

| ерте полиморфты, көп, барлық жерде жайылған +

| кеш, розеолезды, аз, алдыңғы іште орналасқан

| ерте, розеолезды, аз, жайылған

| ерте полиморфты, барлық жерде, жайылған

| бөртпе жоқ

~ Паратифпен ауырған науқастарда қалыпты қызбаның қай күнінде ауруханадан шығарады, егер ол антибиотик қабылдаған болса:

| 28-ші күні +

| қалыпты қызба болғанда

| 10 күн

| 21 күн

| 15 күн

~ Паратиф А,В,С қоздырғыштарының берілу механизмі:

| фекальды-оральды +

| аэрогенды

| гемоқатынасты

| трансмиссивті

| жыныстық

~ Паратифпен ауырған науқастардың гемограммасына өршу кезінде тән:

| лейкопения, анэозинофилия, лимфоцитоз, ЭТЖ көтерілуі +

| лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ көтерілуі

| лейкоцитоз, лимфоцитоз және моноцитоз, ЭТЖ көтерілуі

| лейкопения, нейтрофилез, ЭТЖ көтерілуі

| лейкоцитоз, қалыпты ЭТЖ

~ Иерсиниоз кезіндегі бөртпе:

| нүктелі майда дененің симметриялық жағында, аяқ-қолда +

| көп майда нүктелі

| бірлік розеолезды іштің және кеуденің терісінде

| полиморфты дененің барлық аймағында

| полиморфты, бастың шаш жағында

~ Иерсиниоздың ауырлық дәрежесі ... сипаталады.

| интоксикацияның айқындалуымен, ішкі ағзалардың

зақымдалуымен +

| АІТ зақымдалуымен

| жүйке жүйесінің зақымдалуымен

| температуралық қисықтың өзгеруімен

| менингизм дәрежесімен

~ Иерсиниоздың жергілікті түрлері ... .

| гастроэнтероколит, гастроэнтерит, энтероколит, энтерит,

мезаденит +

| энцефалит, менингит, миелит

| энцефаломиелит

| септикалық, тифтік

| жайылмалы

~ Иерсиниозда гемограммадағы өзгерістер:

| лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы, эозинофилия +

| ЭТЖ жоғарылауы, эозинофелия, лейкопения

| лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, тромбоцитопения

| анемия, лейкопения

| тромбоцитопения, лейкоцитоз

~ Иерсиниозда бактериологиялық зерттеуге ... алынады.

| қан, нәжіс, жұлын-ми сұйықтығы +

| нәжіс, құсу мөлшері

| қан, зәр, сілекей

| өт бөліндісі

| зәр, құсу мөлшері

~ Иерсиниоз –жұқпалы ауру, ... зақымдалуымен сипатталады.

| АІТ және токсикалық-аллергиялық +

| жүйке жүйесі және АІТ

| жүйке жүйесі және жүрек қан-тамыр жүйесінің

| токсико-аллергиялық жүйенің

| жүрек-қан тамыр жүйесінің

~ Иерсиниозға ... тән емес.

| іштің пальпациясында ауырсынудың болуы +

| нүктелі және майда дақты бөртпенің болуы

| жұтқыншақтың гиперемиясы

| жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы

| бауырдың ұлғаюы

~ Иерсиния энтероколит ... тұқымдастығына жатады.

| Enterobacteriaceae +

| Micrococcaceae

| Neisseriaceae

| Streptococcaceae

| Bacillaceae

~ Иерсиниоздағы жасырын кезең:

| 1-6 күн +

| 7-14 күн

| 15-21 күн

| 22-35 күн

| 35 күннен жоғары

~ Иерсиниозға төмендегі симптомдардың қайсысы тән емес:

| бульбарлы бұзылыстар +

| терідегі бөртпелер, артралгиялар

| лимфоаденопатия, түйінді эритема

| сарғыштық

| бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

~ Ротавирусты инфекцияда инфекция көзі

| адам +

| тышқан тәрізді кеміргіштер

| ірі қара мал

| құстар

| балықтар, рептилилер

~ Ротавирусты гастроэнтеритпен ауырған науқаста қоздырғыштардың жоғары деңгейде бөлінуі ... .

| 13-21 күн +

| 7-12 күн

| 1-6 күн

| 22-30 күн

| 31-48 күн

~ Вирусты гастроэнтерит қоздырғыштарының берілу механизмі:

| фекальды-оральды +

| аэрогенды

| гемоқатынасты

| трансмиссивті

| жыныстық

~ Ротавирустардың көбеюі эпителий клеткасында болады:

| aш ішекте +

| жоғарғы тыныс жолында

| тоқ ішекте

| асқазанда

| зәр жолында

~ Ротавирусты гастроэнтериттің жасырын кезеңі:

| 1 ден 5 +

| 6 дан 7

| 7 ден 10

| 15 тен 21

| 21 ден 30

~ Ротавирусты гастроэнтериттің диареялық синдромының механизмінде болмайды:

| аш ішекте судың сіңіруінің бұзылуы +

| дисахаридтерді ыдырататын ферменттердің синтезі

| тоқ ішекте осмотикалық қысымның жоғарылауы

| судың ағза тіндерінен тоқ ішек ішіне өтуі

| ішектің шырышты қабынуының әсерінен перистальтиканың күшеюі

~ Ротавирусты гастроэнтериттің клиникалық симптоматикасында болмайды:

| жоғарғы қызба +

| құсу, сұйық нәжіс

| сусыздану

| улану

| іштің ауырсынуы

~ Ротавирусты гастроэнтерит ... жиі кездеседі.

| жаңа туылғандарда +

| жасөспірімдерде

| жүктілерде

| қарттарда

| студенттерде

~ Ротавирусты гастроэнтеритте болмайтын диарея белгісі:

| тенезм, қан аралас нәжіс +

| түсі сары немесе сары-жасыл, көпіршікті иісімен

| дефекациядан соң жеңілдеу

| нәжіс көп көлемде, сулы

~ Ротавирусты гастроэнтериттің негізгі диагностикалық критерийі:

| гастроэнтериттің этиологиясын лабораторлы дәлелдеу +

| эпидемиологиялық

| басқа этиологиялы гастроэнтеритті

| зерттелетін материалды микроскопиялау

~ Эшерихиозда нәжіс сипаты ... .

| көп көлемді, сулы, сары түсті +

| «таңқурай желесі»

| «асбұршақ қайнатпасы»

| «құрбақа уылдырығы»

| «батпақ мүгі»

~ ДДҰ (1983) ұсынысымен эшерихии коли ... категориясына жіктеледі.

| 5 +

| 3

| 4

| 6

| 7

~ Ерте жастағы балалардың коли-инфекция кезінде эксикоз ... күнде дамиды.

| 3-4 +

| аурудың 1

| аурудың 2

| аурудың 5

| 5 күннен кейін

~ Протейлі ішек инфекциясында нәжіс сипаты:

| сулы, көпіршікті, жағымсыз иісті +

| аз көлемде, қан аралас

| ботқа тәрізді, патологиялық қоспасыз

| сұйық, қорытылмаған, ақ түйіршіктерімен

| сулы, күріш қайнатпасына ұқсас

~ Ерте жастағы балалардың ең кең таралған инфекция жұғу жолы:

| қатынастық-тұрмыстық +

| сулы

| тағамдық

| транспланцентарлы

| ауа-тамшылы

~ Эширихиоз диагнозы ... байланысты қойылады.

| бактериологиялық растаумен +

| гастроэнтеритикалық синдромға

| эпидемиологиялық анамнезге

| температураның жоғарылауына, интоксикацияға

| капрологиялық зерттеуге

~ Эшерихиоздың эпидемиологиясына тән емес:

| адамнан адамға берілуі жиі-жиі кездеседі +

| тағамдық токсикалық инфекциялар

| жылы уақыт мезгілінде өте жиі кездеседі

| су арқылы берілу қауіпі бар

| инфекция көзі-науқас немесе су тасымалдаушы

~ ... энтеропатогенді ішек таяқшалары төзімді болып келеді.

| стрептомицинге +

| ципрофлоксацинге

| офлоксацинге

| бисептолға

| левомицетинге

~ Ерте жастағы балаларда эшерихиозды міндетті түрде ... ажыратпалы диагнозын өткізу қажет.

| стафилококкты энтероколитпен +

| жіті аппендицитпен

| дизентериямен

| иерсиниозбен

| ЖРВИ-мен

~ Ішек таяқшаларының ... түрі тырысқақ тәрізді диареямен өтеді.

| энтеротоксигенді +

| энтероинвазивті

| энтеропатогенді

| энтерогеморрагиялық

| энтероадгезивті

~ ... ақуызы холероген әсерінен 3-5 АМФ синтезін жылдамдатады.

| аденилатциклаза +

| гуанилатциклаза

| ацетилхолин

| трипсин

| нейротоксин

~ Тырысқақ қоздырғышын анықтауда ... ортасы пайданылады.

| Мансуров, Хоттингер агары, Оксайд +

| қарапайым қоректік

| Китта-Тароцци

| Раппопорт

| ет сорпасы

~ Тырысқаққа келесі симптомдар тән:

| жүрек айнусыз құсу, іш ауырсынусыз іш өтуі +

| құсу, жүрек айну, толғақ тәрізді іштің ауырсынуы

| өт бөліндісімен іш өту, оң қабырға астының ауырсынуы

| «тақтай тәрізді іш»

| көп көлемде іш өту, белдемелі іштің ауырсынуы

~ Тырысқақтағы нәжіс сипаты:

| күріш қайнатпасы тәріздес, иіссіз, сұйық, сулы +

| ректальды түкірік тәріздес, қан аралас, шырышты бөліндімен,

сұйық

| батпақ мүгі тәрізді, жасыл түсті, сұйық, жағымсыз иіспен

| қорытылмаған тағам қалдықтары бар, сары түсті, сұйық

| шырышты, жағымсыз иісті, сары түстес, сұйық

~ Тырысқақтың негізгі специфиқалық диагностиқалық түрі:

| бактерологиялық +

| вирустық

| биохимиялық

| иммунологиялық

| биологиялық

~ Тырысқаққа тән тәрізді симптомдар:

| құсу, жүрек айнусыз, толғақ тәрізді іштің ауырсынуы +

| жүрек айну, құсу, толғақ тәрізді іштің ауырсынуы

| өт бөліндісімен іш өту, оң қабырға астының ауырсынуы

| «тақтай тәрізді іш» көп көлемде іш өту, белдемелі іштің ауырсынуы

| толғақ тәріздес іш ауруы, сұйық сулы, нәжіс

~ Тырысқақтың заманауи емі:

| регидратациялық, + цефалоспоринолық антибиотиктер қатары +

| дезинтоксикациялық терапия + жүрек-қантамыр препараттары

| регидратациялық терапиясы + тыныс алу жүйесінің аналептигі

| регидратациялық, + тетрациклинді антибиотиктер қатары

| дегидратациялық + левомицин антибиотиктер

~ Тырысқақтың берілу жолы:

| су арқылы +

| ауа тамшылы

| тұрмыстық-қатынастық

| парентералды

| тағамдық

~ Тырысқақтың бактерологиялық зерттеу әдісінде ... қоздырғышы анықталады.

| нәжіс және құсық +

| қан және ликвор

| асқазан шайынды сулары

| тағам қалдықтары және құсық

| коллагенды және дуоденальды

~ Адам ағзасындағы тырысқақ вибрионының орналасуы:

| ас ішекте +

| асқазанда

| тоқ ішекте

| ішектегі лимфа аппараты

| бауыр

~ Вирусты гепатиттердің сарғаю синдромы:

| бауырлық қызметтің бұзылуы +

| эритротроцит бөлімінің жоғарылауы

| тоқ ішекте

| ішектің лимфатикалық аппаратының бұзылуы

| бауыр

~ Вирусты гепатиттерде нәжістің ақ түске боялуы:

| стеркобилиннің болмауы +

| стеркобилиннің болуы

| билирубинниң болуы

| лейкоциттің болуы

| өттің ішекке түсуінің бұзылуы

~ Билирубинді-ферментативті диссоциациясы ... білдіреді.

| жіті бауырлық энцефалопатия пайда болуын +

| ауру динамикасының болмауын

| жазылу кезеңін

| екіншілік инфекцияның қосылуын

| диагностикалық маңызының болмауын

~ Гепатиттерде бірінші кезекте ... алмасуы бұзылады.

| липидтердің +

| тұз-су

| ақуыздың

| көмірсулардың

| иондардың

~ Инфекция көзінің берілу жолына байланысты ВГА ... жатады.

| ішек инфекциясына +

| трансмиссивті инфекцияға

| сыртқы тері инфекциясына

| ауа-тамшылы инфекциясына

| жоғарғы тыныс жолдары инфекциясына

~ ВГА спецификалық маркері:

| анти-HAV +

| анти-HBsAg

| анти-HBcAg

| анти-HBeAg

| HBsAg

~ Вирусты гепатиттердің базисты терапиясына ... жатады.

| емдәм, көп көлемдегі сұйықтық ішу, полидәрумендер,

гепатопротекторлар +

| инфузиялы сұйықтарды көк тамырдан ендіру

| гормон ендіру

| плазмоферез, гемосорбция

| дезинтоксикалық терапия, қан препараттары, ақуыздар

~ Қанда сілтілі фосфатазаның жоғарылауы, байланысқан билирубиннің пайда болуы ... синдромының көрсеткіші болып табылады.

| холестатикалық +

| цитолитикалық

| диспепсиялық

| мезинхемальды-қабыну

| астеновегетативті

~ ВГВ жасырын кезеңі:

| 45-180 күн +

| 5-10 күн

| 5 күнге дейін

| 15-35 күн

| 1 жылдан өте

~ ВГВ реконвалесценттері диспансерлік қадағалауда ... болады.

| 12 ай +

| 6 ай

| 2 ай

| 3 жыл

| 1 ай

~ ВГА сарғаю кезеңінің ұзақтығы:

| 7-15 күн +

| 2-3 апта

| 1-2 ай

| 3-4 ай

| 1-3 күн

~ Вирусты гепатит кезінде зәрдің сыра түсте болуы:

| өт қышқылының болуы, уробилинурия +

| уробилиннің болмауы

| цилиндурия

| лейкоцитурия

| метгемоглобиннің болуы

~ Вирусты гепатитпен ауыратын науқастарға тағайындалатын емдік емдәм:

| eмдәм 5 +

| eмдәм 4

| eмдәм 1

| eмдәм 9

| eмдәм 15

~ Вирусты гепатит А репликациясы ... алып келеді.

| клеткалық метаболзимнің бұзылысы, липидті сутегі

тотықтандыру үдерісінің күшеюі, клетка мембранасының

өткізгіштігінің жоғарылауына +

| клеткалық метаболзимнің бұзылысы, клетка мембранасының

өткізбеушілігіне

| клетка мембранасының өткізгіштігінің жоғарылауына, липидті

сутегі тотықтандыру үдерісінің азаюына

| клетка мембранасының өткізгіштігінің төмендеуі

| клеткалық метаболзимнің бұзылысы, липидті сутегі тотықтандыру

үдерісінің күшеюі, клетка мембранасының өткізбеушілігінің

жоғарылауына

~ ВГА ... синдромдармен өтеді.

| цитолитикалық,мезенхимальды-қабыну +

| мезенхимальды-қабыну, цитолитикалық, катаральды

| цитолитикалық,лимфатикалық-қабыну

| мезенхимальды-қабыну, цитолитикалық, артралгиялық

| холестатикалық, лимфатикалық-қабыну

~ ВГА продромальды кезеңіне тән симптомдар:

| тұмау тәрізді, астеновегетативті, диспепсиялық +

| астеновегетативті, артралгиялық

| астеновегетативті, қызбалық

| диспепсиялық, дистрофиялық

| мезенхимальды-қабыну, артралгиялық

~ А вирусты гепатиттің диагностикасындағы лабораториялық әдіс:

| РИА, ИФА +

| бактериологиялық

| аллергологиялық

| паразитологиялық

| ағзаның биопсиясы

~ ВГА емі – жеңіл ағымы:

| емдәм, режим, көп су ішу, симптоматикалық ем +

| емдәм, инфузиялық терапия протеаза ингибиторлары

| емдәм, ЛФК, физиотерапия

| қанды экстракорпоральды әдіспен тазарту

| вакцинотерапия

~ ВГВ созылмалы кезеңіне көрсететін антигендер:

| НВеАg, НВsAg, HBcorAg +

| НВeAg, НАV

| НBsAg, HAV

| HBcorAg, НАV

| HAV, HBV

~ В вирусты гепатитінің асқынулары:

| жіті бауыр жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром +

| өкпе жетіспеушілігі

| инфекциялық-токсикалық шок

| эклампсия

| ми ісігі

~ Қызылша қоздырғышы ... туыстығына жатады.

| парамиксовирустар +

| энтеробактериялар

| ортомиксовирустар

| тогавирустар

| пикорнавирустар

~ Қызылша асқынуы:

| көмей мен кеңірдектің қабынуы +

| гепатит

| панкреатит

| паротит

| орхит

~ Қызылшаның патогномды симптомы:

| Бельский-Филатов-Коплик дағы +

| Пастиа симптомы

| Филлипович симптомы

| Ақ дақ симптомы

| Падалка симптомы

~ Қызылшаның митигирленген түрі ... туындайды.

| гаммаглобулин енгізгеннен кейін +

| вакцинациядан кейін

| антибиотиктермен емдегеннен соң

| интерферонмен емдегенде

| қызылшамен ауырмаған балаларда

~ Қызылшаның қоздырғышы:

| вирустар +

| бактериялар

| тұмаулар

| қарапайымдылар

| риккетсиялар

~ Қызылшаның жасырын кезеңі:

| 18-20 күн +

| 15 күнге дейін

| 10-24 күн

| 21 күннен жоғары

| 5-10 күн

~ Қызылшамен ауырып болғаннан кейін ... иммунитет сақталады.

| тұрақты +

| тұрақты емес

| стерилді емес

| спецификалық түрі

| спецификалық типі

~ Қызылшада бастапқы бөртпе ... пайда болады.

| ауыздың шырышты қабатында, кейін бетте, денеде, қол-аяқта+

| бастың шашты бөлігінде, сосын төменге таралады

| мойнында, дененің жоғарғы бөлігінде

| дененің бүкпелі-жиналмалы жағында, ұртта

| бөксенің ішкі жоғары бөлігінде

~ Қызылшаның ену қақпасы:

| тыныс жолдарының шырышты қабатынан және көз конъюктивасы+

| тері жамылғыларының зақымданған жері

| ауыздың шырышты қабығы

| жарақаттың беті

| жыныс жолының шырышты қабаты

~ Қызылшамен ауырған науқаста бронхопневмония пайда болды, сондықтан жүргізілген емге ... қосу керек.

| антибиотиктер +

| протеолиз ингибиторларын

| спазмолитиктерді

| нитрофурандарды

| зәр шығаратын препараттарды

~ Қызамық қоздырғышы ... туыстығына жатады.

| тогавирустар +

| энтеробактериялар

| парамиксовирустар

| ортомиксовирустар

| пикорнавирустар