Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.

Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі.

Ойық жаралардың құралуы

Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді:

  • қысым

  • «кесу күші»

  • қажалу

Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.

«Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.

  • Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар, клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .

Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:

  • Төмен немесе жоғары дене салмағы

  • Қозғалыстың шектелуі

  • Анемия

  • Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану

  • Сусыздану

  • Гипотензия

  • Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау

  • Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)

  • Перифериялық қан айналым бұзылысы

  • Терінің жұқаруы

  • Мазасыздану

  • Естің ауысуы

  • Кома

  • Кең хирургиялық кірісулер

  • Кереует тұтқыштары

  • Науқасты бекітетін құралдар

  • Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және жұлынның зақымдалуы.

Ойық жаралар белгілері

Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үрдісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):

filippovasn.ucoz.ru

Сурет 61.

Ойық жараның даму дәрежелері

1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

2-ші дәреже.  Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үрдіске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.

Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы (сурет 62).

Арқасында жатқан қалпында (сурет 62 а):

  • өкше сүйектерінің дөңес аймағында

  • сегізкөз

  • құйымшақ

  • жауырын

  • шынтақ буындарында

  • кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде

  • сыртқы қарақұс аймағында

Ішімен жатқан қалпында (сурет 62 б):

  • сирақтың сыртқы беткейінде

  • тізе аймағында

  • мықын сүйектерінің қырлары

  • қабырға доғасының жиегінде

vkjournal.ru

а б

Сурет 62.

Ойықтың жиі орналасатын жерлері

а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында

Қырымен жатқан қалпында (сурет 63):

  • тобықтың латеральді аймағында

  • сан сүйегінің үлкен ұршығында

  • аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде.

www.cheb-gb5.med.cap.ru

Сурет 63.

Қырымен жатқан қалпында пайда болатын ойық жаралардың орналасатын орны

Отырған қалпында (сурет 64):

  • www.cheb-gb5.med.cap.ru

    бөксе аймағында

  • сегізкөзінде

  • аяқ басында

  • жауырындарда

  • тізелерде

Сурет 64.

Отырған қалпында пайда болатын ойықтар орны

Арқасына жатқан қалыпта – ойық жаралардың көп дамитын жерлері. Ішімен жатқан қалпында ойық жаралар даму қаупі аз.

Қырымен жату қалпы кейбір жағдайларда ғана қолданылады, себебі көптеген қолайсыздықтардың дамуымен сәйкес. Қырымен жатқанда қысым қалыпты таралмайды. Басым бөлігі санға келеді. Сонымен қатар, бұл қалып "контрактураның" пайда болуына әкеледі – бұлшықет қозғалысының шектелуі – күндіз бүгілген, түнде отырған қалыппен жалғасады. Әсіресе бүйірімен жатқан қалыптағы әйелдерде – зәр шығару қиындайды. Сонымен қатар, түнімен бір қырында ұйықтау мүмкін емес, науқастың тыныш ұйқысына кедергі келтіреді.

Ойық жараларды емдеу жолдары

Ойық жараларды емдеу үрдістің дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші дәрежеде бастаған аса маңызды, үрдіс күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.

1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданамыз, мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.

1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті, ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады. Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара қолданады.

2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда, жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған пайдалы және жараны жазылуына тиімділік көрсететін аэрозольдерді, содан кейін солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс. Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен, гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі таңғыш қояды.

3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі – бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық.

Механикалық антисептика некроздалған тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе, онда тіндердің шіріген өнімдері және микроб токсиндері интоксикацияны күшейтеді.

Биологиялық антисептика май жақпаларды және аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін шектеуге, еруіне және тартуына, жараның тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және эпителизация үрдісінің жетілуін күшейтетін жақпа майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.) ферменттермен аппликациялар (трипсин, химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel плюс, Biatain байлам және т.б.)

3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас ағзасында біршама сұйықтық жоғалту байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Физикалық антисептика айналымды жақсартатын іс-шаралардан тұрады: гироскопиялық таңғыш материалдарды, дренажды қолдану, жараны ультракүлгін сәулелермен және лазермен өңдеу.

Химиялық антисептика – теріні және жара маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін, хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.

Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті жамаулармен пластика жасау қолданылады.

Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер, жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері жамауының некрозы және жылан көздердің пайда болуы жатады.