Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

  • Физиологиялық диагноз:

  • Жедел немесе созылмалы ауру;

  • Жеткіліксіз немесе тым көп тамақтану;

  • Жұтынудын бұзылуы;

  • Тері жамылғы бүтіндігінің бұзылуы;

  • Қимыл белсенділігінің төмендеуі;

  • Тыныс алудын қиындауы, жөтел;

  • қызба;

  • зәрдің тұрып қалуы, зәрді ұстамау;

  • іш қату, диарея, метеоризм;

  • шаршағыштық (жалпы әлсіздік);

  • ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б.

  • Психологиялық диагноз:

  • эмоциональды тонустың төмендеуі;

  • өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

  • ауру туралы мәлімет аз болғандығы мазалау;

  • персоналға сенбеушілік;

  • ота жасау алдындағы қорқыныш;

  • өлім қорқынышы;

  • өзіне қанағаттанбауы;

  • жалғыздық;

  • жанұядағы шиеленісті жағдайлар;

  • бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.

  • жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда болуы;

  • демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

  • дербестік сезімінің жетіспеушілігі;

  • өзінің ауруына байланысты жақын адамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда болуы;

  • жалған намыстану сезімінің пайда болуы.

  • Әлеуметтік диагноз:

  • қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану;

  • мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау;

  • күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау.

Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда болу уақытына байланысты қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.

  • Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер —бұл науқасты нақты қазіргі кезде мазалап, шұғыл шешімді талап ететін мәселелер(мысалы, ауырсыну, ентігу,операция алдындағы қорқыныш сезімі);

  • Потенциальды —бұл қазіргі кезде жоқ, бірақ белгілі бір уақыттан кейін пайда болу қаупін шақыратын және мейірбике тарапынан алдын-алу жұмыстарды талап ететін мәселе (мысалы,науқастың ұзақ уақыт қозғалыссыз жатқанынан пайда болатын терідегі ойықтардың даму қаупі,жиіленген сұйық нәжіс және құсудан кейін пайда болуы мүмкін ағзаның сұйықтығының азаю қаупі).

Бір аурудың өзінде –ақ бірнеше мейірбикелік диагноздар болуы мүмкін, оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастыру керек (ең күрделісінен бастап). Оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастырған кезде А. Маслоу қажеттіліктер пирамидасын қолдану керек. Приоритеттер – бұл біріншілік көмекті қажет ететін науқастың ең негізгі мәселелерінің бірі, мейірбикелік көмекті көрсетуге бөлінген (олар көп болмауы керек – 2-3-тен көп емес).

Приоритетті мәслелер біріншілік, екіншілік және аралық болып бөлінеді.

  • Біріншілік — бұл мәселелер егерде науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе немесе емдемесе жақын уақытта өміріне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін және шұғыл түрде көмек көрсетуін талап етеді (АҚҚ көтерілуі, ауырсыну синдромы, күйзеліс жағдайлар және т.б.).

  • Екіншілік — бұл науқастың ауруына немесе болжамына жатпайтын қажеттіліктері (ота жасалғаннан кейінгі төсектегі мәжбүр жағдайы, өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі және т.б.).

  • Аралық – шұғыл емес және өміріне қауіп төндірмейтін науқастың қажеттіліктері (төсекте тәулік бойы мәжбүр жағдайда жатқанына байланысты арқасының ауырсынуы).

Мысалы, омыртқасы жарақаттанған науқастың біріншілік мәселесі – бұл ауырсыну, аралықта – қозғалыс қимылдың шектелуі, екіншілікте –мазасыздану сезімі.

Мейірбикелік диагноз құрастыру процессі өте маңызды, өйткені ол кәсіби білім мен науқастың жай-күйіндегі ауытқулар мен олардың себептері және шақырушылары арасындағы байланысты таба білу керек.