Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі

Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді.

Бұл стерилизатор- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады. Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі (сурет 8).

www.8a.ru

Сурет 8.

Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру

Зарарсыздандыру режимдері

Бірінші режим (негізгі) - температурасы180°С,уақыты60 минут.Шыныдан және металлдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Екінші режим (жеңілдетілген) - температурасы100°С,уақыты 150 минут.Резеңкеден жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

4.5 Стерилизацияның химиялық әдісі

Полимерлі заттар, резина, шыны, коррозияға –берік металлдарды залалсыздандыру үшін қоданылады.Залалсыздандыру пластмассадан жасалған жабық сыйымдылықта немесе эмальмен жабулы пластмассада жүргізіледі. Эмальмен жабулы пластмасса еш бұзылыссыз болуы керек. Қазіргі кезде залалсыздандыруға ашпа ретінде 6%сутегінің асқын тотығын және дезоксин-1 пайдаланылады.

Сутегінің асқын тотығы айқын залалсыздандырушы әсерге ие.

1. 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен стерилизациялау режимі:

1) Температурасы18°С, экспозициясы360 минут.

2) Температурасы50°С, экспозиция 180 минут.

Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.).

2. «Дезоксон-1» ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды стерилизациялауға келмейді.

«Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі:

1) 1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 млағынды сумен араластырады).Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы18°С, экспозициясы45 минут.Стерильды суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады.Стерильды жаймаға салады.Стерильдік мерзімі– 3тәуілік.

4.6 Стерилизацияның газды әдісі

Газды зарарсыздандыру әдісін термиялық өңдеуден өткізуге болмайтын объектілерді зарарсыздандыру үшін қолданады (сурет 9).

Сурет 9.

Газды зарарсыздандырушы

Бұл хирургиялық құрал-жабдықтар, оптикалық және радиоэлектронды құрал-жабдықтар, кескіш және шаншуға арналған құрал-жабдықтар микронды өткірлегішпен, кетгут, бір рет қолдануға арналған заттар және басқа да термиялық өндеуге жатпайтын синтетикалық пластмасс заттары (зондтар, катетерлер және т.б.), булы, ауалық және химиялық (ерітінділер арқылы) зарарсыздандыруды қолдануға келмейтін заттар. Кейде газды зарарсыздандыруды термотұрақты заттарды зарарсыздандыруға қолданады.

Газды зарарасыздандырылуда қолданылады:

  • Этилен окисімен бромды метанның қосындысы. Стерилизацияны екі қабатты полиэтилен пленкасы жинамадасында, жуандығы 0,06—0,2 мм, пергамент,дымқылдық өткізбейтін қағаз қапшада жүргізеді.Газ мөлшері 2000 мг/дм3 экспозициясы— 240сағат.Полиэтилен жинамасында зарарсыздандырылған заттардың сақтау мерзімі бес жылға дейін, крафт-қағазда— 20тәуілік.

  • 16%-формалин буын оптикалық заттарды, кардиостимуляторларды,шыныдан жасалған заттарды, металлдарды,полимердыматериалдардан жасалған заттарды қауіпсіздендіру үшін қолданады.Стерилизаторды 2/3көлеміне дейін зарарсыздандыруға дайындаған заттармен толтырады. Картоннан жасалған қораптан газы бар флаконды алады, полиэтиленнен жасалған қапша арқылы, бүтіндігін бұзбайды, тығының ашады, флаконның ішіндегі затты полиэтиленнен жасалған қапшаға құяды содан кейін зарарсыздандыруға жіберілетін заттың бетіне қояды. Стерилизаторды қақпағымен жауып, бұранда арқылы тығыздап тығындайды. Апаратты герметизациялаудан кейін ұсталымның басы белгіленеді.

Газды әдіспен зарарсыздандырылған өнімдер тек қана мұқият желдетіп алынғаннан кейін қолданылады. Металл және шыны өнімдер кем дегенде 1 тәулік желдетілуі керек, ал резеңке және полимерлерден жасалған өнімдер 5 тәулік, жаралы жерге ұзақ (30 минуттан ұзағырақ) байланысқа түскен өнімдер 14 тәулік, балаларға арналған өнімдер 21 тәулік желдетілуі керек.

Камералық газды зарарсыздандыру адамға жоғары уландырғыш әсерін тигізетіндіктен сирек қолданылады.