Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

2.2. Ойық жаралы аурудың асқынулары

1) Ойық жарадан қан ағу - аурудың ауыр және қауіпті асқынуларының бірі. Қан ағуына себеп ойық жара тұсындағы асқазанның қан тамырының жыртылуы болады. Қан тамырының түріне сәйкес қансырау ауыр немесе жеңіл өтеді. Қарын ойық жарасында ұйыған қанмен кұсық байқалса, ұлтабар ішегінің ойық жарасында ойық жарадан аққан қан ішекке өтіп нәжістің түсін өзгертеді. Нәжіс шайыр кара майдай қарайады. Мұндай нәжіс "мелена" деп аталады. Қансырау кейде ойық жара ауруының ең алғашқы көрінісі болады.

Аурудың қан қысымы төмендейді, әлсірейді, басы айналады, лоқсиды, денесі бозарады, кейбір аурулар талықсып есін жоғалтады. Қан тамыры шапшаңданады, әлсізденеді.

Кейбір аурулар қансырауды "жеңіл", аяғында өткізеді.

Әрқашанда дәрігердің есінде болатын жағдай - қанды құсық тек ойық жаралы ауруда ғана кездеспейтіндігі. Қанды құсықты қарын рагінде, өңеш тамырлары созылғанда, қан ауруларында, мұрын - жұтқыншақтың жарақаттарында кездестіруге болады.

Диагнозды айыру үшін ауру анамнезін толық анықтау қажет.

Қансыраудың себебін толық анықтауға қажетті басқа тексерістерді қолдануға дейін қан ағуын бәсендету, тіпті толық тоқтату шаралары орындалады. Бұл үшін ауру жедел керуетке жатқызыладыда оның төменгі аяғы көтеріледі. Ауруға - тыныштық беріледі. Оның айналасындағы бос жүгіріс, сасқалақтану ауру жағдайын ауырландырады. Дәрігердің қимылдары сенім және ауруға күш беруі қажет. Ауру айналасында тек оған көмек көрсететін мамандар қалдырылады. Аурудың ішіне мұз салынған қапшық қойылады. Ауызбен сұйық ішкізу тоқтатылады. Қажетті дәрілер, ерітінділер қан тамырына егіледі. Қанның ұйуын (гемостаз) шапшандату үшін 10% -10 мл. қальций хлориды егіледі, қан, плазма, желатиноль, викасол (витамин К) кұйылады. Қан күніне 2-3 рет 100 мл.-ден кұйылады .

Өте көп қан жоғалтып, ауыр қансырауға ұшырағандарға құйылатын қан мөлшері жоғары. Қан ағуын күшейтпес үшін қан құю тамшылату тәсілімен орындалады және қан қысымын көтеретін дәрілер пайдаланылмайды.

Стабилизатор қосылмаған қан пайдалану және қанды тікелей құю өте жақсы гемостатикалық нәтиже береді. 40%-40 мл. глюкоза күніне 3 рет, инсулин қосылған 5% глюкозаның 1-2 литрі егіледі.

Қан ағуы толық тоқтағаннан соң III - күннен бастап су ішуге, ал VІ-VII күннен соң сұйық тағамдар - сүт, қаймақ, сұйық көже , сары май, сүт қосқан шай, ботқа, кептірілген нан қабылдауға рұқсат беріледі. Бірақ мұндай режимді қейбір мамандар қолдамайды. Әлсіз тағамдар, ұзақ ашыну организм күшін азайтады, қанның ұю процессін нашарландырады, регенераторлы үрдісті бәсеңдендіреді, қарын қышқылын көбейтеді деп санап, қан ағу тоқтаған күннен бастап әр түрлі және калориясы мол тағамдарды ішуге рұқсат береді (жұмыртқа, котлета, піскен ет, сұлыдан ботқа, май жаққан нан, сүт қосқан шай, пісірілген жемістер, көже, компот, сүт, балық).

Қан ағуы тоқтамай аурудың қансырауы күшейе тускенде не істеу керек деген сұрақ туады? Бүндай ауруды операцияға алу қажет. Бірақта алдымен дәрігер қан ағуы басқа ауру салдарынан емес қарын ойық жарасынан екендігін анықтауға тиісті. Өйткені қан мұрыннан, өкпеден, өңештен ағуы мұмкін.

Өкпеден аққан қан қызыл және көпіршікті болады, ауру анамнезінде туберкулез, рентгенмен тексергенде - өкпе кавернасы анықталады. Қарыннан аққан қан қара-қоңыр, ұйыған.

Сары ауруда, холециститте қанның ұю қасиеті бұзылуы, қан тамырларының жұқаруы холемиялық қан ағуына әкеліп соғады.

Қансыраудың бұл түрі сирек кездеседі және оған диагноз қою қиын емес, ал дененің сарғаюы диагнозды толықтырады.

Өңеш және кардияның созылған қан тамырларынан қан ағуын анықтау қиын. Бұл жағдай бауыр циррозында байқалатындақтан іш терісінде "медузаның басы" деп аталатын кеңіген коллатеральды қан тамырлары анықталады.

Жыртылған қолқа (аорта) аневризмасы өңешке құйылып жедел өлімге әкелуі мүмкін.

Өңеш пен қарынның қатерлі ісік аурулары рентгенмен тексергенде оңай анықталады.

Тромбопения ( тромбоциттер кемістігі )ауруы, қанның ұю үрдісін нашарлатады. Оның диагнозын қан тексеруі шешеді.

Кейде қарынның басқа аурулары – ісік ауруы, эрозивті гастриті, полипозы қан ағуына себеп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]