Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
464
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Қаз ММА жоғары және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар

бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Өмір Мәдікенұлы

Хирургиялық аурулар

(дәрістер)

Қарағанды – 2008

УДК 617(075.8)

ББК- 54.5Я73

М- 5-7667-6685-8

Рецензенттер:

Ибадильдин А.С.– медицина ғылымының докторы, профессор.С.Ж. Асфендияров атындағы ҚҰМУ-ның № 1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі (Алматы).

Цой Г.В. – медицина ғылымының докторы, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының госпитальды хирургия кафедрасының профессоры (Астана).

Баширов А.Б. – медицина ғылымының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының № 2 хирургия кафедрасының доценті (Қарағанды).

М 5 Мәдікенұлы Өмір. Хирургиялық аурулар. – оқулық дәрістер. – Қарағанды – 2008 – 305 б.

Оқулық дәрістерде жарықтар, соқыр ішек аурулары, өт қабынуы, асқазан және ұлтабар ішегінің ойық жаралары, ішектер түйілуі, перитонит, ішектердің қабынуы, қан тамырлары, өкпе, кеуде көк еті, қалқанша безі, ұйқы безі т.б. мүшелер ауруларының себептері, дамуы, көріністері мен диагнозы және емдеу тәсілдері білімнің ақырғы жетістіктеріне негізделіп жазылған.

Оқулық медицина академиялары мен университеттерінің студенттері мен дәрігер- интерндеріне және, жалпы хирургтарға арналған.

ҚазММА жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру ОӘС жұмыс комиссия мүшелерінің шешімі бектілді және басылымға рұқсат беріліді.

№_12 Хаттама «23» 06 2008 ж.

© Мәдікенұлы Өмір, 2008

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

Жарық аурулары туралы жалпы түсінік. Жарықтар құрамы және оның пайда болу себептері. Жарықтың клиникалық көріністері мен диагноз қою. Жарықты басқа аурулармен ажыратпалы диагноз жүргізу. Жарықтың алдын алу және емдеу. Іш жарықтарының асқынулары

Іш қабырғасының жарықтары деп -іш бетінің негізгі немесе жасанды тесіктері арқылы ішкі мүшелердің тері астына шығуын атайды.

Эвентрация (еventratio) деп іш бетінің жарақаттануы салдарынан ішкі мүшелердің жараның бетіне шығуын атайды. Эвентрацияда сыртқа шыққан мүшелер париетальды ішпердесімен жабылмаған.

Пролапс (prolapsus) деп висцеральды ішпердесімен жабылмаған мүшенің айналып түсіп кетуін (мәселен тік ішектің, жатырдың) атайды.

Іш қабырғасының жарықтары өте жиі кездесетін адам өміріне зор қaтep туғызатын ауру.

Жарықтың ішкі (hernia interna) және сыртқы (hernia externa) түрлері бар.

Ішкі жарықтар анатомиялық қалталар, ойықтарда (recessus ileocoecalis, r.intersigmoideus - ащы ішекпен соқыр ішек арасындағы қалта, сигма ішегінің қалтасы) кездеседі. Iшкі жарықтар өте сирек жағдайда кездеседі.

Жарықтардың негізгі және жиі байқалатын түрлері сыртқы жарықтар болатындығынан бұл туралы білу барлық дәрігерлердің міндеті болып саналады.

Жарық «грыжа, грызть» - мұжып, сыздап ауыру, немесе мұжылған, кемірілген тесік деген ұғымнан шыққан түсінік. Ерте кездегі мамандар жарықты - ruptura - жыртық, үзік деп те атаған. Кейде жарықты «кила», грекше - kele, латынша - hernia – өсінді, бұтақша, бұтақ, түйіншек деп те атаған.

Жарық ауруы көне заманнан белгілі. Гиппократ (б.д. дейінгі V ғасырда) жарықтың, киланың, ал Цельс (б.д.) гернияның жеке түрлері туралы кітап жазған. Дегенмен шап және сан жарықтарының анатомиялық ерекшеліктері тек 18-19 ғасырда анықталған. Бұл өлген адамдардың денесін аутопсиялық тексеріске ұрұқсат берілмеуіне және жарықты хирургиялық емдеудің өте сирек орындалуымен байланысты.

Іш қабырғасының жарықтарының жіктелу принциптері

1. анатомиялық,

2. этиологиялық - себебіне сәйкес,

3. клиникалық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]